Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать

Клиникалық фармакологиядан дәрістер "Клиникалық фармакология. Пәні, мақсатты және талаптары. Формулярлы-терапиялық комитет. Қүрамы, қызметтері, мақсаттары. Дәрілік формуляр"

1 ДӘРІС

Фармакотерапия. Пәні мен мақсаттары. Фармакотерапия түрлері. Фармакотерапияның өзекті мәселелерін шешудегі провизордың ролі. Фармакологиялық комитет: қүрылымы, мақсаттары, қызметтері. Емдеу стандарттары. Дәрілік формуляр. Фармакоэкономика.

Клиникалық фармакология ілімі - дәрі-дәрмектердің науқас ағзасына әсер ету механизмі мен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін зерттейді.Клиникалық фармакология пәні — фармакологшілық және дәрілік заттардың дені сау және науқас адамдар ағзасына әсер ерекшеліктерін зерттеп, оларды тиімді қолдану туралы ғылыми негізделген кеңес берумен айналысатын медициналық пән. Клиникалық фармакология пәнінің мақсаты — эксперименталды фармакологияның нәтижелерін пайдалана және дамыта отырып, дәрігерлерді нақы науқастың жеке-дара физиологиялық ерекшеліктері мен дерттік өзгерістерін ескере отырып, өте жоғары тиімді, қауіпсіз дәрілерді тандап тағайындай білуге қалыптастыру. 60 жылдарда көптеген елде жаңа дәрілік заггарды сынауға қойылатын талаптардың қатандауына байланысты клиникалық фармакология ілімінің дамуы өрледі. Клиникалық фармакологая — медицина ғылымының басқа да салалары және биология, химия ғылымдарымен тығыз байланысты.

Клиникалық фармакология негізгі салалары фармакодинамика және фармакокинетика.

Фармакодинамиканың зерттеу тақырыбы — дәрілік заттардың жан жақты әрекеттері мен әсер ету механизмі.

Фармакокинетиканың зерттеу тақырыбы — дәрілік заттарды науқас ағзасына тиімді енгізу жолдары мен сіңірілуі, таралуы, биожеткіліктігі, метаболизмі, шығарылу жолдары.

Мүнымен қатар клиникалық фармакология дәрілік заттардың адам ағзасына жанама әсерлерін, әр түрлі физиологиялық өзгерістердің ерекшеліктері, қатарынан бірнеше препарат қолданғандағы олардың өзара және ағзамен әрекеттесуін зерттейді.

Клиникалық фармакологияны салыстырмалы жаңа саласы фармакогенетика болып табылады. Фармакогенетиканың зерттеу тақырыбы — дәрілік заттардың ағзаға әсерінің генетикалық ерекшеліктерій анықтау, яғни тератогендік әсерін - улылығы, түқым қуалайтын ақпаратта өзгеріс туғыза алу қасиеттерін зерттеу.

Клиникалық фармакологияның жалпы мақсаттары:

  • жаңа дәрі-дермектерді сынау;

  • қолданылып жүрген дәрілік заттарды қайта бағалау;

  • дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз пайдалану әдістерін зерттеу және оларды іздестіру;

  • түрлі мамаңдықтағы дәрігерлерге дәрілік заттарды қолдану туралы жаңа хабармен қамтамасыз етіп, кеңес беру.

Клиникалық фармакологияның тәжірибелік медицинадағы негізі міндеттері (фармакотерапия):

  • нақты науқасты емдеу үшін оның жеке физиологиялық және дерттік ерекшеліктері ескере отырып, дәрілік заттарды таңцау;

  • дәрілік заттардың ең тиімді қалпын және оларды қабылдау тәртібін таңдау;

  • препараттың енгізу жолын таңдау;

  • дәрілік заттардың әсерін бақылау;

  • дәрілік заттардың өзара әрекеттесуінен туатын жанама әсерлерді болжай білу және олардың жағымсыз әсерлерін жою.

Бүл міндеттер орындалу үшін дәрігер науқасқа ем жүргізердің алдында мына сүрақтарға жауаптар іздестіруі керек:

Науқас жағдайында ем қолданылғаннан кейін қандай өзгерістер болуы керек?

Қандай дәрілік заттар осындай әсер көрсетеді?

Дәрілік затты қалай қолдансам оның әсері тиімдірек болады?

Препарат науқаста қандай жанама реакциялар шақыруы мүмкін және олар науқасқа қаншалықты зиянды?

Дәрілік затгы қолданғанда пайдасы мен зияндығының қатынасы қандай?

Қорыта келе дәрігердің клиникалық медицинаны және экспериментаддық фармакологияны білуіне негізделген жоғарьща айтылған факторларға дүрыс баға бере алуынан фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігі келіп шығады.

Фармакотерапияның түрлері

Этиотроптық терапия аурудың себебін жоюға бағытталған, мысалы үшін, жүқпалы ауру кезінде микробтарға қарсы заттарды, ал уытты заттармен уланғанда антадоттар қолдану.

Патогенетикалық терапия аурудың даму механизмдері тоқтату немесе тежеуге негізделген. Көптеген дәрілік заттар осы патогенетикалық терапия түрғысынан әсер етеді: гипотензивтік, аритмияға және қабынуға қарсы, психотроптық және т.б.

Симптоматикалық терапия аурудың көріністерін біршама басуға немесе жоюға бағытталған.

Орын басу терапиясы табиғи биологиялық белсенді заттардың жетіспеушілігі кезінде оны жасанды түрде толтыруға бағытталған.

Алдын алу терапиясы ауруды болдырмауға бағытталған шаралар жиынтығы.

Клиникалық фармакологияны оқытудың негізгі міндеттері:

  • дәрілік затгардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық зерттеу қорытындыларын сараптай білу;

  • дәрілік затгардың фармакодинамикалық әсерлерін бағалауға өте қажетті зерттеу әдісін таңдай біліп және алынған нәтижені дүрыс талдай білу;

  • сэйкес таңцауды жүргізіп, тиімділігі және қауіпсіздігі жоғары дәрілік затты қолдану;

  • науқастың жасын, жынысын, салмағын ескеріп, дәрілік заттарды фармакокинетикалық және фармакодинамикалық түрғьщан бағалап керекті мөлшерін, енгізу жолын анықтай алу;

  • нақты клиникалық жағдайда тиімді болатын дәрілердің комбинациясын тандай алу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің негізгі заңы бойынша медициналық тәжірибеде дәрігерлер тек Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен диагностикалық, алдын-алу және емдеу әдістерін ғана қолдануға міндетті.

Дәрілік заттармен жүмыс жүргізуді, яғни клиникалық зерттеулер, жаңа дәрілер мен бүрыннан қолданылып жүрген дәрілерді бағалауды үйымдастыру мақсатында Республикалық Денсаулық сақтау Министрлігінде дәрілердің және медициналық техниканың сапасын юақылайтьш Мемлекеттік инспекция жүмыс істейді.

Емдік, диагностикалық және алдын алуда дәрілерді зерттеулер мен сынақтар жүргізу әрі оларды қолдану сүрақтарын жауапты тексеру органы болып Фармакологиялық комитет есептеледі. Фармакологиялық комитет қүрамына жоғары квалификациялы

медициналық қызметкерлер және фармация, химия, биология саласының мамандары кіреді.

Фармакологиялық комитеттің негізгі міндеттері:

  • клиникалық сынама жүргізу мақсатымен жаңа фармакологиялық заттарды бағалау;

  • клиникалық сынамаларды үйымдастыру;

  • сынамадан өткен препаратгьщ нәтижелерін медициналық тәжірибеге қоддану қажеттілігін анықтау үшін бағалау;

  • шығарылған дәрілердің жаңа көрсеткіштер бойынша жүргізілген сынақ нәтижелерін бағалау;

  • әсері төмен, тиімсіз дәрілерді Мемлекеттік реестрден шығарып тастау үшін, дәрілер номенклатурасын қайта қарау.

Фармакологиялық комитет

Жаңа фармакологиялық препараттарды қолдануға шешім қабылдағаннан кейін оның қолданымы туралы техникалық қүжаттарға мемлекеттік фармакопеяға енгізу үшін фармакопеялық комитетке береді, Осьщан кейін дәрілердің қолдану инструкциясын бекітеді.