- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
Сауалнама социологиялық деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады жатады. Сауалнама әдісі жазбаша ж/е ауызша болып 2-ге бөлінеді. Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян оқымыстысы И. Бернуллидің күш салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу тоериясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды. Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең таралған әдісі, яғни «алғашқы қолдан алынған» ақпарат әдісі болып отыр. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында «ұйғарылған» түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасында теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мумкін екендігін әрқашан ескеру керек екендігі аңғарылады.
Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз. Бірінші әдіс – респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын, екіншісі сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді. Шынында, халықаралық деңгейде қабылданған ағылшын терминологиясын пайдалану кезінде мұндай бөлініс проблемалар тудырады. Егер кеңестік дәстүр сауалнаманы жазбаша толтырылатын құжат ретінде “сұрақнамадан” немесе “сұхбат бланкісінен” бөлсе, ағылшын тілінде сауалнама да, сұрақнама да “questіonnaіre” деген бір терминмен белгіленеді. Сондықтан сауалнама жүргізу емес, өзі толтырылатын сұрақнама (selfіng questіonnaіre) турасында айтылады. Дегенмен де, қолайлы болу үшін отандық әдебиетте қалыптасып қалған “сауалнама жүргізу” терминін пайдаланатын боламыз. Сауалнамашының (әлеуметтану қызметі қызметкерінің) қатысуымен сауалнама жүргізу кеңестік қолданбалы әлеуметтануда кеңінен таралған әдіс болатын. Ол, әдетте, топта жүргізілетін. Қазіргі әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеу тәжірибесінде бұл әдіс іс жүзінде негізгі болып қолданылмайды (оның себептері төменде түсіндіріледі). Сонымен бірге, өзі толтырылатын сауалнамалар қосымша әдіс ретінде кеңінен қолдана береді. Мысалы, кішігірім сауалнамаларды фокус-топтың қатысушылары, терең сұхбат респонденттері толтырады. Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде - бұқаралық ақпарат құралдарымен жарияланады. Аталған әдістердің әрқайсысын оның зерттеу мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық тиімділігі тұрғысынан қарастырайық. Сауалнамашының қатысуымен және кеңес беруімен сауалнама жүргізу. Бұл әдіс сұхбатқа қарағанда арзанырақ, ақпарат жинауды бұл жерде тезірек жүзеге асыруға болады. Респонденттердің жауап беруден бас тартуы да шамалы. Бірақ, сауалнама жүргізу күрделі құрылымы бар сұрақтарды пайдалануға мүмкіндік бермейді, сауалнаманың ең жеңіл көрінісін ғана пайдалануға жол береді.
27) Анкеталық әдіс. Әлеуметтік анкета - социологиялық ақпарат алудың кең тараған негізгі әдісі, бұл - сауалнаманың жазбаша түрі.Анкеталық әдістің тиімділігі: материалдық шығын аз жұмсалады ж/е уақыт тиімділігі. Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады. Анкетаның құрылымы 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі ( мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік – демографиялық бөлім. Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады; «Сіздің сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып, өзіңіздің пікірлеріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңызға қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз».Кіріспе бөлімде сондай-ақ мынадай әңгімені бастайтын, оған әңгімелесуші респондентті жетелейтін «жетелегіш» - сұрақтар да орналасады. Олардың міндеті – респондентті қызықтыру, талқыланатын проблемаға енгізу. Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап ететін сұрақтар анкетаның ортасына орналастырылады (негізгі бөлім). Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:
а) не туралы сұрауды; ә) неліктен тап осыны; б) қандай формада;
Әрбір сұрақ бойынша мынаны ескеру керек: сұрақ зерттеу тақырыбына «жұмыс істей ме?». Сұрақ сауал қойылып отырған адамға зерттеуші көздегендей мағынада ұғыныла ма? Сұрақ «төтеннен» болып табылмай ма? Оң және теріс позициялары тепе-теңдігі сақталған ба? Сұралатын адамға теріс эмоция тудырмай ма? (Өзіндік сезіміне әсер етеді, интимдік жақтарына кіреді, әр түрлі қауіптену сезімін тудырады т.б.) Сондай-ақ сұрақтарды орналастыру принциптерінің сақталуына да назар аударылады ( байланысы, күрделі, қарапайым, салмақ түсіретін). Бір сарындылық сезімін шақыратын біркелкі сұрақтар жинақталып қалған жоқ па? Анкетаның көлемі респондент пікірін айта алатындай және жалықпайтындай болуы керек, тәжірибе көрсеткендей ең оңтайлы жұмыс мерзім 20-30 мин болады. Анкетаның үшінші бөлімі әлеуметтік демографиялық ( «паспортичка»). Бұл сұралатын адамның объективті жағдайы мен мәртебесі туралы сұрақтар блогы. Қорытындыда жұмысқа ( анкетаға ) қатысқаны үшін тағы да алғыс айту қабылданған. Анкеталық сұрақтар ашық, аралас ж/е жабық болып бөлінеді. Ашық сұрақтарда тек өз пікірін айтады. Аралас сұрақтарда я н/е жоқ н/е өз пікірі. Жабық сұрақтарда я н/е жоқ деген жауаптармен шектеледі. Сонымен қатар сүзі сұрақтар да болады. Мысалы: Сіз әдеби кітаптарды оқисыз ба? Я н/е жоқ Анкетада қоюға болмайтын сұрақтар да бар.
