
- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “жеке адам” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтенудің негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у – ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта – ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Әлеуметтік мәртебе деп- адамның топтағы н/е қоғамдағы ұстанымын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебені 2-ге бөлеміз: белгіленген мәртебе ж/е қол жеткен мәртебе. Белгіленген мәртебе – этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы сияқты факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе – адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде жеке адамның әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды. Тұлға әлеуметтенуінің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты. Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады.Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:
1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;
2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;
3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;
4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі;
5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.
20) Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде. Білім беру әлеуметтануы білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылыми пән. Білім беру әлеуметтанудың зерттеу пәні – әлеуметтік институт ретінде, білім әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері, сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеу/к институтының қызметі:1)білім беру; 2)білім тарату; Білім беру әлеуметтануының негізін салушылар белгілі әлеуметтанушылар: Э. Дюркгейм, М. Вебер, Л. Сорокин және Т. Парсонс. Білім берудің деңгейлері: 1) мектепке дейінгі; 2) орта білім; 3) кәсіби техникалық білім; 4) жоғарғы білім; Білім әлеуметтануы – әлеуметтану білімінің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып келеді, бірақ қоғам дамуының кезеңінде басқа ғылыми пәндермен – тарих және философия ғылымымен, экономика және ғылыми іс-әрекет ұйымдарымен өзара тығыз байланыстылығын жалғастырып келеді. Білім беру әлеуметтануының келесідей міндеттері бар: білім алудағы қажетті зерттеу қоғам өмірімен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау, олардың әлеуметтік маңыздылығын, білім сапасын және деңгейін бағдарламалау; қоғаммен білім алушылардың білімге қатынасы оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу; әлеуметтік мәртебенің фактор ретінде білімнің рөлін көрсету; рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне әсер етуін анықтау. Қазіргі кезде білім әлеуметтануы өзінің назарын мыналарға аударып отыр. 1-ден, қоғам мен ғылымның өзара қатынастары қалай жасалады; 2-ден, қоғамның тиімді қалыптасуы үшін ғылыми ұйымдардың әлеуметтік мәселелері мен оның қызметтерінің қандай мәні бар; 3-ден, ғылым адамдары өздерін қалай көрсетеді, қазіргі қоғамда олар өздерінің орындарын, рөлі мен жауапкершіліктерін қалай сезінеді. Ғылым принциптерін қалыптастыру 1942ж Р. Мертон тарапынан ұсынылған болатын, олардың қатарында әмбебаптық коммунализм, қызықпаушылық және ұйымдасқын скептицизм бар. Әлеуметтануда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру категорясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсаты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтендіру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, қоғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт –бағдарды иеленеді. Бұл формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көрсетеді. Білімділерде, құндылықтарда, нормаларда және қызмет тәсілдерде жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің балашақтағы нәтижелері оның нысаналары болып шығады, олар нақты әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіру үрдісіне дайындалады. Сонымен қатар, мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады. Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар – мектеп, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары әрекет ететін біллім саласы шартты түрде екі салаға – формальды білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан білім әрі білім беруді әлеуметтанулық талдау оның институттену, әлеуметтік мазмұны, ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді. Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады.
21. Мәдениет әлеуметтік институт ретінде “Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет- бір уақытта өзіндік ерекшелікке ие құрылымдық-функционалдық объект және өзінің даму кезеңдерімен заңдары арқылы ажыратылатын процесс.Мәдениет әлеум/ы – қоғам мәдениетінің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Мәдениет әлеуметтануының зерттеуге тиісті мәселелерінің бірі- мәдени құрылымдарды және олардың жүйелік бөліктерін бейнелеу, оларға талдау жүргізу, мәдениетті түрлі әлеуметтік субъкетілердің іс-әрекет кеңістігіне сәйкес топтастыруға әрекет жасау. Мәдениет әлеуметтануының талдауға тиісті мәселелерінің бірі- әлеуметтік мәдени динамиканы бейнелеу және оған талдау жүргізу. Мәдениет социологиясы ғылыми танымдық, білім беру тәжірибелік т.б қызметтер атқарады.Мәдениет түрлі белгілері бойынша әрқилы түрлерге: 1. Субъектісі бойынша (мәдениетті таратушы) қоғамдық, ұлттық, таптық, топтық, жекелік 2. қызметтік рөлі бойынша жалпы (жалпы білім беру жүйесінде) және арнайы (кәсіби) 3. Шығу жағдайы бойынша- халықтық және этикалық 4. Түрлері бойынша- материалдық және рухани 5. сипаты бойынша- діни және зиялы болып бөлінеді. Мәдениетті әлде бір жүйе ретінде түсіндіруде алғашқылардың бірі болып ағылшын социологы Герберт Спенсер (1820-1903). Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б. Рухани – бұл ғылым, өнер, әдебиет. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас болып табылады. Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады. Әрбір қоғамда мәдениетті қайта өндірумен өміршеңдігін қамтамасыз ететін өзіндік мәдениет бар. Осының қуатымен мәдениеттерді «жаман-жақсы», «дамыған-дамымаған» принциптері бойынша бағалауға болмайды. Осылай мәдени релятивизм (М.Херсковиц) теориясы қалыптасты, оның шеңберінде, «адам әлем» қатынасып анықтайтын құндылықтар жүйесі мәдениеттің негізінде жатыр деген түсінік орнықты. Мәдениетті зерттеуге қатысты әдіснамалық ыңғайлар бірнеше типологиялық топтарға жіктеледі. Олардың ішінде өз алдына дербес түр-түрлі теориялар : заттық, құндылықты, символдық, текстік тобын бөліп көрсетуге болады. Бұл теориялар мәдениеттің статикасын көрсете отырып, бірінші тәсілдер тобын құрайды. Екінші тәсілдер тобы мәдениеттің динамикасын бейнелей отырып, іс-әрекеттік, технологиялық, байланыстық теориялар тобына бөледі. Үшінші топ мәдениеттің өз бетінше ұйымдастырылуына басты назар аударады. Осы үш топ бір-бірін толықтырып отырады.
22) Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтері. Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Дін әлеуметтануы – адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологисы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Мәселен, белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс амалдарды жүзеге асырып жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.
Дін социологиясын зерттеуде Батыс елдерінде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі – «социография» әдісі. Бұл әлеуметтік қарым – қатынас феномендерін сипаттауға бағытталған әдіс. Осы әдіс бойынша әлеуметтік өмірдің белгілі бір мәселесі туралы деректер жиналады, тәжірибелер жасалады, санақтар жүргізіледі. Және жиналған мәліметтер салыстырмалы түрде талданады. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың ритуалдерi мен жиналыстарына қатысу және тәжiрибе жинақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатады.