Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.

Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.

Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.

Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.

Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді.

Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді.

Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу.

Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде.

13. Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдері. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақ­стан­дағы патшалық отаршыл-дық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;

2.Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев. Қазақстандағы әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1938) білім (білім беру) әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады. Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдары-ның еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттûң еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады. Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде. Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі. Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

  1. адам, оның әлеуметтік мәні;

  1. білім, білім беру, ғылым;

  1. әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

  1. қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

14. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XXғасырдың үлесіне тиді. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап,қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды. Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылық.Сол себепті Ресейдегі әлеуматтанудың дамуын 2 кезеңге бөліп қарастырсақ болады.

  1. XΙX ғ-ң 2 жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды .

  2. XXғ-да осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз ітіледі.

Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. XΙX ғ-ң 2 жартысындағы ғалымдарды айтып кетсек, олар Л.И.Мечников, А.И.Стронин, П.Ф.Лилиенфельд, П.Л.Лавров, Н.К.Михайлоский, М.Бакунин, П.Кропоткин, Е.В.Де-роберти мен Н.И.Кареев, М.М.Ковалевский, К.Маркс ж/е Ленин болып табылады.олардың кейбіреулеріне тоқталып кететін болсақ,Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечниковтың еңбектерінде байқалады. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет ж/е ұлы тарихи өзендер » деген ірі еңбегінде баяндалады. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді.Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткадан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап,Л.И.Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұсынады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері А.И.Стронин (1826-1889) ж/е П.Ф.Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.А.И.Строниннің биолог-қ редукционизмі механицизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой пікірінде белсенді пікір тартыстарыноятты,одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Болашақтың әл-к ғылымы туралы ойлар » атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды.Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П.Ф.Лилиенфельд әл-к заңдар әл-к күштердің ж/е табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.

М.Бакунин қоғам дамуының бүкіл эконои-қ, саяси,рухани процестерін мемлекет реттейтін «мемл-к социализмді» сынға алды.Оның пікірі б/ша, мұндай социализм өзінің негізсіздігін толығымен көрсетті. «Реттеушілік» ж/е «деспоттық» болғандықтан социализм көпшілік халықтың қажеттерін ж/е заңды талаптарын қанағаттандыру мұратынан шалғайда тұрды. XXғ-ғы Ресей әлеуметтануының дамуы. Қазан төңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді.Онда институттандыру прцесі жүрді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының өрлеуі байқалды. әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді ж/е әлеуметтану кафедралары құрылды.Жоғары оқу орнының осындай бөлімі Петроград пен Ярослав университеттерінде жұмыс істей бастады.1919ж Социобиблиографиялық институт ашылды.Сол жылы инстит-ң директоры К.М.Тахтарев бұл институтты Ресей әлеуметтану институтына өзгерту туралы мәселе көтерді.М.М.Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жұмысын қайта жалғастырды. Оның төрағасына Н.И.Кареев тағайындалды. Петроград университетінің маңызды буыны саналатын қоғамдық ғылымдыр факультетінің қатарында елдегі алғашқы әлеуметтану бөлімі 1920ж ашылып оқу процесіне орыстың ірі әлеуметтанушылыры тартылды.Осы әлеуметтану бөлімін басқару ісі Сорокинге тапсырылды. Осы жылдары негізінен теориялық мәселелр қарастырылған көптеген әлеуметтанулық әдебиеттер баспалардан жарыққа шықты. Мысалы : П.А.Сорокиннің, Н.А.Бухариннің, Н.А.Салбнскийдің, В.М.Хвостовтың , т.б. шығармаларын айтуға болады.

П.А.Сорокин марксистерді қоғамның әл-к құрылымының бүкіл проблемасын топтарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасындағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам орнатудың (принципі мүмкін емес ) екендігін де айтты. Марксизмге адал К. М.Тахтарев, С.И.Солнцев, т.б. елеуметтанушылар қоғамынынң таптарға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді.

А.А.Богданов пен Н.И.Бухариннің таптар тұжырымдамаларының негізіне қоғамның әл-к-таптық құрылымын қалыптастыратын техникалық-ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы ж/е атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен әл-к ұйымдар-ң нышаны көрініс берген жерлердің бәрін де болатын болды. Сондықтан таптар қоғамның табиғи ж/е қажетті элементі деп танылды.

Кеңестік әлеуметтанудың «екінші рет дүниеге келуі» 60-ж болды. Шет елдердегі әлеуметтанудың қарқынды дамуы мен кейбір субъективтік жағдайлар бұған негізгі себеп болған еді. 30-60ж аралығында Кеңес қоғамында әлеуметтанулық ойдың дамуында бірқатар үзіліс болды.

Әлеуметтанудың жандана бастағаны,ғылыми пән ретінде алғашқы еске алынуы 1955ж басталды. Академик В.С.Немчинов зерттеу пәні- қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтануды философиялық білімнің бір саласы ретінде сипаттады.Бұдан кейін 1965ж әлеуметтану қоғам дамуының заңдары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқындалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]