Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі, француз әлеуметтанушысы-Э. Дюркгейм (1858-1917). Ол әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арасында оның негізгі туындыларыа «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Өзіне – өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез – құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам адамдарының мінез –құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні,бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар. Дюркгейм «социологизмнің» принципі мен ерекшелігі-оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні – құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Ол социологиялық реализмнің бір түрі деп есептеледі. Бұл бағыттың басты ерекшелігі номинализмге қарама-қарсы қойылуында болды. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

Дюркгеймнің ойынша социология құрылымы үш негізгі саладан тұруы тиіс: морфология, социология және жалпы социология. Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, оның құрылымы көріністерінің материалдық формалары: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы, алып жатқан аумағы бойынша орналасуы т.б. қандай деген мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс. Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әр тектес салаларын зерттеп, бірнеше дербес социологиялық теорияларға бөлінеді: дін социологиясы, мораль социологиясы, құқық социологиясы, экономикалық социология және т.б. Ал соңғысы, жалпы социология алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады.

11. М.Вебер әлеуметтануы. Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер. Әлеуметтанудың дамуына 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында маңызды үлес қосқан Макс Вебер болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындалған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдасы, идеалық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н.Макиавелли, Т. Гоббс, Ф.Ницще т.б. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылымилық және әлеуметтік-саяси танымның обьективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» туындыларын атап айтуға болады. М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану ең алдымен немесе адамдар топтарының мінез құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөлді:

  1. ұтымды – мақсатты әрекет. Бұл әрекет субьектінің саналы түрде алдына қойылған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде қолданады.

  2. Құнды-ұтымды әрекет белгілі бір абсалюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет

  3. Аффектілі әрекет, ол субьектінің көңіл күйі мен сезімінен туындайды

  4. Дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі.

“Бюрократия” ұғымының кем дегенде екі мәні бар: 1) басқарудың белгілі бір әдісі және 2) басқарудың бұл процесін жүзеге асырып отыратын ерекше әлеуметтік топ. Вебер кез келген бюрократиялық ұйымның басты сипаттық ерекшелігі ретінде тағы да ұтымдылықты көрсетеді. Бюрократиялық ұйым бірқатар маңызды ерекшеліктерімен сипатталады, оның ішінде Вебер мыналарды бөліп көрсетеді. Аппарат қызметкерлерінің арасында міндеттерді нақты бөлудің арқасында тиімділікке қол жеткізу, бұл позициялардың әрқайсысында жоғары білікті және тар салалы мамандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғары тұрған лауазымды шенеуніктің төмендегілердің қызметін қадағалауына жол ашатын биліктің қатаң иерархиялық сипат алуы. Басқару қызметінің біркелкілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесінің формальды орнығуы мен нақты белгіленуі және жеке жағдайларға ортақ нұсқауларды қолдану. Әкімшілік қызметінің тұлғасыздығы және қатынастардың эмоционалды бейтараптығы: әрбір қызметкер ерекше қайталанбас тұлға ретінде емес, белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік билікті формальды сақтаушы, өзі атқарып отырған лауазымның өкілі іспетті көрінеді. Вебер дінге үлкен мән беріп, оны дербес әлеуметтік құрылым ретінде өмір сүретін және жалпы қоғамның мәндік-символикалық, құндылықтық жүйесін анықтайтын, негізін қалайтын әлеуметтік-мәдени институт деп есептеді. Діннің басты рөлін Вебер оның құндылықты бағдардың алғашқы себебі бола алатынынан көрді, соның арқасында дін әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына берудің маңызды әдісі ретінде көрініс табады, оның маңызы мен мақсатына себепші болады деп есептеді. Діни тұжырымдардың көмегімен адам өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды мәні бар немесе мәні жоқ деп жіктейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]