Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.

Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.

  • Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетшизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.

  • Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.

  • Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.

9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.

Герберт Спенсер (1820-1903) - ағылшын философы, әлеуметтану­шы­сы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді. Г.Спенсердің барлық әлеуметтану ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының құрамдас бөлігі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция әдісімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген Спенсер өзінің теориясында эволюциялық сатылардың сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дәрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі Спенсер бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрылымдарға өту қозғалысы болды, мұнда неғұрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсер эволюция мәнін ашу мәселесімен айналысып, оны қарапайымнан күрделіге өту, үдемелі қозғалыс ретінде қарастыра отырып, эволюцияны құлдырау процесіне қарсы қояды. Дәйекті позитивист болған ол материяның барлық түрлеріне (өлі түрінен әлеуметтік түрге дейін) бірдей заңдылықтар болатынын көрсетеді. Ал материяның барлық түрлерінде өтетін өзгерістер мәні мынада деп біледі. Спенсердің айтуынша, қоғамның дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бұрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік. Спенсер қоғамның өсуін әлеуметтік дамудың негізгі факторларының біріне жатқызады, әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да содан туындайды. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өндірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.). Түптеп келгенде, оның ойынша, бүкіл әлеуметтік бақылауды үрей мен қорқыныш билейді. Спенсердің өз әлеуметтануынан шығарған саяси доктринасының мәні мынада: әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік ауқаттылықты орталықтандыру және қоғамдық процестерге мемлекеттің араласуы индустриалдық қоғамда жеке бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік эволюция мен прогреске кедергі келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]