
- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесінде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;
әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды.
Білім берудің сапасын қамтамасыз етуде білім беру саласын оқу әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Білім беруді дамытудың сапасын арттыруды жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған уақыттан бастап, білім беру жүйесі жаңа кезеңге көшті. Біздің қаламыздың білім беру ұйымдарының жеткен жетістігі аз емес, дегенмен жаңа саясат яғни бағытты көздейтін жолды іздестіру керек. Білім беру департаментінің білім беру стандарттары бекітіліп, оқу-орындарының оқу құралына айналды. Білім берудің оқулықтары жаңа стандартқа сай жасалуда. Білім беру - тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың кәсіби негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының жоғарғы деңгейіне жету болып табылатын үздіксіз процесс.
57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеум/ң негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Балалық кезең - өмірдің бір кезеңіндегі жиі, бірақ болуы міндетті емес, биологиялық жетілмегендікпен тәуелді күйімен сипатталатын кезең. Адамдардың өз жасын сезінуінде тарихи және мәдени ерекшеліктері болады, ал оның кезендік және маңызды категорияларға бөлінуі жасты әлеуметтік құру деп аталады. 13 пен 18 аралығындағы жас «жасөспірімдік шақ» деп аталады. Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді. Ересектік кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі. Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді. Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у – ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта – ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Адамның әртүрлі топтарға қатысты жағдайын талдау үшін әлеуметтануда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл мәртебелері қолданылады. Әлеуметтік мәртебе деп- адамның топтағы н/е қоғамдағы ұстанымын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебені 2-ге бөлеміз: белгіленген мәртебе ж/е қол жеткен мәртебе. Белгіленген мәртебе – этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы сияқты факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе – адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады.
58.Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.
Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді. Сонымен, адам капиталы — экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылардың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономикалық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтамалардың тұтастай арсеналын пайдаланады. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Әлеуметтік адам-бұл топтың адамдары бүкіл қоғамдық тәртіпке бағынады.Оларды жеке жеке қарастырмаймызғяғни оларға белгілі бір шекаралар қойылмайды.Жеке адамда бір сипаты ғана басымдылық танытады.
59.Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік қақтығыс индивид немесе индивидтер тобының өз мақсаттарына жетуде басқа индивидті немесе индивидтер тобын өзіне бағындару немесе жою арқылы жетідегі процесс.
Қаөтығыс теориясында ерекше орынды Карл Маркстың жұмыстары ерекше орын алады. Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруді ұсынуы әлеумеьтік қарым қатынастарды жаңаша көзқарасмпен түсінкуге мүмкңіндңк берді. Маркстін пікірінше адамдар санасы мен еркіне тәуелді емес блоатын өзара қарым қатынасқа түседі деген.
Парсонс қақтығысты аномалия деп сипаттады, және оны өткере алу керек деген. Дарендорф өзінің жанжал теориясында ол жанжалды қақтығыстар жүйесі деп есептеп, одан құтылу мүмкін емес, оған таң қалудың да қажеті жоқ, ол адамдардың қажеттілігі деген. Негізінен, қақтығыс қаншалықты теріс деп қабылдасақ та, ол Козер сияқты жанжалдың ашық және жабық типтерінің бар екенідігн ескере отырып, оны қоғамдық түсіністік пен тыныщтықты бұзатын құбылыс ретінде қарасақ, екніші жағынан, оның позитивті немесе конструктивті жағын да ескере отырумызға болады лдеп есептеймін.
Боулдинг пікірінше, қақтығыс адам өмірнен ажыратылмас құбылыс, оның негізгі тұсінігін бәсекелестік деген ұғым арқылы сипаттауға болады деген. Қазіргі таңдағы қақтығыстар 2010 жылдың 11 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеу қаласының қақ ортасында дәл Кремльдің түбінде орыстың шовинистік күштері мен құқық қорғау органдары арасындағы бұрын-соңды болмаған қақтығыстар орын алды. Орыс ұлтшылдарының бас көтеруіне себеп - осыған дейін «Спартак» футбол клубының жанкүйерлері мен кавказдықтардың арасында болған төбелесте Егор Свиридов деген жігіттің өлімі. Қақтығыстардың нәтижесі бойынша екі астанада полиция жүзге жуық «тентектер мен бұзақыларды» тұтқындады. Полициядан қашқан орыс жастары көше-көшедегі орыс еместердің барлығын соққыға жығып, ойына келгендерін істеді. Қанды қырғын Мәскеу метросында да жалғасты дейді көзбен көргендер.Міне, қатығыстар кейде шығын, адам өмірін қиюмен аяқталады.
60. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.
Экономиканың негізгі әлеуметтік түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті.Ел мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру. Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады. Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi :қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi; ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады. Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады. Осы елдiң солтүстiгi мен батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрады. Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады. Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.