Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:

-ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;

- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген

Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден ж..тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.

Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.

Отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейді

Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.

Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін).

Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.

Қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады.

48. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы). Менің ойымша аталып отырған отбасының түрі-патриархалды. Патриархат(гр. pater – әке, archo – басқару, билеу) – алғашқы қауымдық қатынастардың ең көп тараған формасы. Патриархат тұсында қоғамда, шаруашылықта, үйде, ер адамдардың рөлі үстем болды; алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.

Патриархалдық отбасы - ең жақын туыстардың бірнеше ұрпағынан тұратын, бірлесе шаруашылық жүргізетін, ер адам отағасы ретінде абсолюттік билікке ие болатын отбасы.

Қазіргі қоғамда патриархалды отбасы басым дегенімізбен,Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы­лық өмірді жақсы, ұнамды жағынан көрсету азай­ып барады. «Отбасы» сөзінің «тұрмыстық зор­лық-зом­былық», «көзге шөп салу», «баласын тас­тап кету» сияқты ұғымдармен байланыстыры­ла­тын кезі көп-ақ. Содан да, жастарда теріс түсінік пайда болып, қорқыңқырап қалған сияқ- ты. Көңілге қонатыны, Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қалпына келтіруге күш салу жөніндегі әңгіме жоғары мінбер­лерден күн құрғатпай дерлік көтеріліп жүр. Депутаттар тарапынан бір кездегі «бойдақтар салығын» қайта жаңғырту, 21 жастан бас­тап отбасын құруды насихаттау жөнінде ұсыныстар білдірілді. Тарих бетіне көз жүгіртсек, неке институтын жоққа шығаруға талпынған қадамдар бірнеше рет орын алған. Кеңестер одағының «күн көсемі» Лениннің өзі бастапқыда еркін, ашық қарым-қатынасты жақтап, кейін «отбасы – мемлекет негізі» деген қағиданы енгізді емес пе? Онысы тегін емес. Қай елде болмасын, мемлекет негізін қалайтын, сенімді, тұрақты күш отбасы болып табылады. Ал, жоғарыда келтіргендей, жай ғана бірге тұратын, анда-санда жолығатын некелердің барлығының орнын, түптеп келгенде, дәстүрлі отбасы түрі басатын болады. Отбасылық қарым-қатынас ұғымы мәнін өзгертіп, деградацияға ұшырай бастаған Америка мен Еуропа елдерінің одан ұтып отырмағаны әмбеге аян. Бір жыныстық неке, жынысын өзгерту, бірнеше мәрте ажырасу – батыстық идеологияның қол жеткізген «жеңісі» және жемісі! Жағдайдың ушыққаны соншалық, Англия мектептерінде гей-балаларға арнап бөлек әжетханалар ашыла бастаған. Оны қойып, 13 жасар Эльфи Паттен қаршадайынан әке атанғаннан кейін британдық оқу орында­ры жыныстық қатынасты балаларға 5 жастан бастап түсіндіру жөнінде шешім қабылдаған. Ал, керек болса! Сонда, біздің қит етсе үлгі тұтып, аузымызды ашып жүргеніміз кімдер?! Қысқасы, неке және отбасы институтын нық қалыптастыруға маңыз беретін уақыт әлдеқашан жетті. Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш.

49.Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

  • Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

  2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  3. наша сату және тарату.

Бұл алғашқы екеуінде бақылауды негізінен әлеуметтік институттар жүргізеді.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

  • жанұяда берекенің болмауы;

  • ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

  • тәрбие берудегі кемшіліктер;

  • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

  • өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

  • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

  • психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

  • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

  • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.

Бұған бақылауды мемлекеттік құқық қорғау органдары жүргізеді.

50. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз.Мінез-құлық проблемасы-психология-педагогигалық проблемалардың өзекті прблемалардың бірі. Деструктивті процестер,әртүрлі қоғамдық сфераларды қозғағанда, өздерінің арасында тек қана үлкендердің емес сондай-ақ жасөспірімдердің арасындағы қылмыстарға әкеп соғуда. Статистика көрсеткіші бойынша 50% заңбұзушылық жасөспірімдер мен ересектердің арасында. Девианттік мінез-құлық әлеуметтік шамадан тыс екендігін көрсетеді кейінгі кезде ондай мінез социологтардың, педагогтардың, психологтакрдың, медицина қызметкерлері мен заңқорғаушы органдардың  назарының ортасында.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ортасында шылым шегу, нашақорлыққа салыну, ішімдікке салыну еліміздегі өзгерістердің болуының себептері салдарынан.  Француз  социологі   Эмиль  Дюркгейм қоғамдық ортаның жағдайын  бейнелегенде, индевидтердің қылықтарында нақты қадағалаудың болмауы, тек моральдік вакумның, бұрынғы шамалар, құндылықтар жаңа қатынастарға сәикеспейтіндігін айтады.Осы сипаттаман Қазақстанға да толықтай жатқызуға болады. Ата-аналар, педагогтар, психологтар, медицина және полиция қызметкерлері жас жеткініншектермен жұмыс істейтін адамдар жастардың өз істеріне жауапты және денсаулықтары жақсы дамып ер жетуін қалайды.Бірақ, көптеген жастар балалық шақтан ересектер өміріне сәтті өту үшін қажетті айналаның кері әсерінің және тәжірбиенің жоқтығынан зиян әдеттер мен жағдайлардың құрбаны болады. Жасөспірімдер моделінің теріс мінезі жиі басқа мәселелерге әкеп соғады, олар мынадай, мектептегі үлгерімнің төмен болуы, өтірік айту, ұрлық жасау, вандализм, наркомания, алкогольге әдестену. Соңғы уақыттарды бұл тізімге Интернет жүйесі - тәуелділік, әуес ойындар, тіркелмеген топтар мен секталарға тәуелді бөлу сияқты жаман қасиеттер қосылуда. Кейін болған істі жөндеудің қйын екендігін одан көрі профилактика өткізудің әлде қайда жеңіл екендігіне көпшіліктің келісетіні мәлім.Өкінішімізге қарай біздің қоғамымыза әлі күнге дейін жастар арасында девиантты мінез-құлыққа байланысты прафилактиканың жеткіліксіз екендігі байқалады.Бар айтылған әлеуметтік проблемалар (нашақорлық, ішімдікке салыну, қияли дөрекі мінездер т.б) осылардың неліктен болатындығын ойлауға мәжбүр етеді.

51. Тұлға әлеуметтануына әсер етуші агенттер. Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп екіге бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзінің тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған – туыстарының, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарыныі, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшының және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғашқы қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір екі бағытта жүзеге асырылады. Мұндағы қатынастар көбіне институциооналдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б., басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жақсы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртөбесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыруы мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды. Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында баларды ересектер мен әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата –аналар мен балалар арасындағы өзара қарым – қатынастар олардың бір – біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]