Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді

Кез келген адам келісе бермейді.

Оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады.

Жауап беру процесін қадағалау қиын.

Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс – тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөніне ақпарат алады.

Респонденттің жауабына айналасындағы адамдардың ықпалы болуы мүмкін.

42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).

Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.

Анкетаның сұрақтары 2 негізгі топқа бөлінеді:

Сұрақ түрі

Анықтамасы

Мысалдар

Ашық сұрақ

Жауап беруші еркін түрде жауап бере алатын сұрақ түрі. Сұрақтар көбнесе қалай, неге, неліктен деп басталуы мүмкін.

1 Неліктен сіз бұл маркалы шампуньді қолданасыз?

2 Сіздің ойыңызша қазіргі білім беру жүйесі жеткілікті түрде дамыған ба?

3 Қазақ тілінің дамуы қай деңгейде деп ойлайсыз?

Жабық сұрақ

Жауабы шектеулі болып келетін сұрақ түрі. Жауап беруші иә немесе жоқ деп жауап береді, кейде сұрақтар жауап варианттарымен болады.

1 Сіз қандай сусындарды ұнатасыз?

Жауаптары: газдалған, алкогольді немесе напиток.

2 Сіздің балабақшадағы бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

3 Қазақша еркін сөйлейсіз бе?

43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты.

Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдері

сипаттамасы

әдістемелік

мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады.

әдістік

зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]