
- •2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.
- •6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».
- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
- •8.О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.
- •9.Г.Спенсердың әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы.
- •12. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •19)Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері.
- •23)Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу обьектісі мен пәні.
- •26) Әлеуметтенудегі сауалнама әдісі.
- •28.Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері.
- •29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу
- •30.Эксперимент әдісі, мысал келтіріңіз.
- •31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
- •36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
- •38.Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлеріне пікіріңіз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?
- •39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •40. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде ,нақты дәлелдемелер статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •41.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
- •42Анкетада қолданылатын ашық және жабық (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43.Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •44. 2 Бағанадан тұратын кесте сызыңыз
- •45.О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.
- •46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
- •47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады.
- •52. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?
- •53. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?
- •54. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •56. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз.
- •57) Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
35. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?
Ш. Уәлихановтың (1835— 1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында казак коғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.Қазақтардың өмір сүрген патриархалды — феодалдық коғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ коғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік — экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «кұрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің — казактардың үлесіне тиеді», — деген қорытындыға келеді.Қазақ коғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, коғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, казак елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды.Егер де коғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді.Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін кере білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның езі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез келген реформаторлықты жоққа шығарды.
36. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі
Қазақ зиялыларының бірі-Ыбырай Алтынсарин,өз халқының атап айтарлық ірі тұлғасы.Ол қазақ өлкесіне үлкен өзгерістер алып келген білімді,парасатты,көзі ашық адам.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген.Әке-шешесінен ерте айырылған,бірақ нағашы атасы белгілі Балғожа бидің тәрбиесінде өсіп,еш жетімдіктің зардабын көрмеді.Өйткені оның атасы елге танымал ақылгөй қарт болатын.Балғожа би Ыбырайды өзінің орнына ел билеу ісіне даярлау мақсатында 1850 жылы орынборда жаңа ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға берді.Ыбырай 1857 жылы осы мектепті үздік бағамен оқып бітірді.1857-1859 жылдары атасы Балғожаның қарамағында іс жүргізуші болып қызмет атқарды.1859 жылы Балғожа би өзінің досы генерал-лейтенант,профессор В.В.Григорьевтің көмегімен Ыбырайды Орынбор облыстық шекара басқармасына тілмаштыққа орналастырады.Осы кезде Ыбырай В.В.Григорьевтің үйінде жиі болып,оның бай кітапханасын пайдаланып,батыс,орыс классык жазушыларының еңбектерімен танысады.Өзіне Н.И.Ильминский деген дос табады.Ыбырай тілмаш болудан гөрі,халыққа қызмет етуді қалайды.1860 жылы Батыс Қазақстан өлкесіне қазақ балалары үшін төрт бастауыш мектеп ашады.Соның ішінде Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болып тағайындалады.1861-1863 жылдары Торғай қаласына бір сыныптық мектеп ашуды көздеп,іргетасын қалайды.1864 жылы сегізінші қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылады.Ыбырай бұл мектепті ата-аналар ойлағандай балалар законшіктер болмасын,адамгершілігі бар,сауатты ұрпақ болсын деген мқсатпен ашады.ол араб-татар әріптерінің қазақ тіліне араласпауын көздеп оыс алфавитін пайдалана отырып қазақ тілінде оқу құралдарын жазады.1876 жылы Ыбырай Қазан,Петербург қалаларына барып орыстың ұлы педагогтері К.Д.Ушинский,Л.Н.Толстой оқулықтарымен танысып,олардың оқу жүйесін үйренді.1879 жылы бастауыш оқу құралын жазып,бастырып шығарды.1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралын жазып,қазан қаласында араб әрпімен бастырып шығарады.ыбырайдың бұл кітапты жазып шығуына екі түрлі себеп болады.Бірінші қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін,екіншіден қазақтың жазба тілінен татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін.Ыбырайдың педагогтік атағы 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы қызметіне тағайындалған кезінен бастап қалың жұртқа таныла бастады.Ол1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде уездік жаңа мектептер ашты.1883 жылы жастарға кәсіптік-техникалық,қолөнер мектептерін ашты.1887 жылы Елек уезіне қарасты Бөрте болысынан,Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашып,әрқайсысының жанынан қазақ балалары жататын жиырма бес орындық интернат салдырды.1887 жылы торғай даласында айтулы тағы бір жаңалық болды.Ол Ыбырайдың көптен армандап жүрген Ырғыз қыздар училещесінің салтанатты түрде ашылуы еді.Бұл сахараға күтпеген,тосын жаңалық болды.Өйткені ол кездерде қыздарға арналған мектеп болмайтын және қыздардың білім алуына рұқсат етілмейтін,себебі ол келешек ана деп есептелетін. Ыбырай 1888 жылы қыркүйек айының жиырма бірінші күні Қоснанай қаласында орыс мектебін ашты. Ал 1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты. Қысы-жазы сар даланы атпен аралап,өзі ашқан мектептердің қамымен жүрген. Ыбырай Алтынсарин жүрек ауруы салдарынан небәрі қырық сегіз-ақ жас жасап,1889 жылы шілденің он жетінші жұлдызында дүниеден қайтты. Оның денесі Қостанай қаласынан он екі шақырым жнрднгі Тобыл өзенінің бойына жерленді. Ыбырай - қазақ балалары үшін ұлы ұстаз. Ол қазақ балалары үшін нешеме мектептер ашып,өмірінің бағытын осы жолға арнап өмір сүрген қамқоршы. Ыбырайдың бар арманы қазақ балаларының сауатын ашып, білімді ұрпақ тәрбиелеу болатын. Оның ең алғашқы ұстаздық жолы өзі ашқан мектептердің бірі Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болудан басталды. Ол ұстаздардың ұстазы,балалардың жанашыры болды. Ол балаларды «Кел,балалар оқылық!» деп оқуға,білімге шақырды.оқысаңдар іздегендерің алдарыңнан табылады, мақсаттарыңа жетесіңдер деп үндеу айтады.
37.Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.Шәкәрімнің философиялық, социологиялық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1. Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттің еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты позициясын білдіреді; 2. Дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3. Ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады [Іс жүзінде Абайдың барлық шығармашылығы адамның табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсінуге арналған. Ол былай дейді: “Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені”Жалғыз қалуды тұлғаның өліміне теңей отырып адам мәнінің әлеуметтілігін көрсетеді.
Әлеуметтік құндылықтардағы басты орынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді. Мысалы, өзінің игілігі үшін еткен еңбекті ол әлеуметтік мағынасы жоқ еңбек деп қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету - бұл адамдық борыш: “Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың” .Еңбек - қоғамдық, жалпы адамзаттық құндылық. Адал еңбек құндылықтар өлшемінде қарияның сақалынан жоғары тұрады: “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші - қазақтың әулиесі”, “Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық”.Өз халқының әлеуметтік сорының түбірін Абай қазақтардың өздерінен көрді, оларды надан, менмен, ақымақ және еріншек деп айыптады. “...Надан ел қуанбасқа қуанады. һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды”
Абай қалыптастырған жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздылығы, бірыңғай қазақ қоғамының тұтастығы туралы қағидасы негіз қалаушы сәт болып табылады... Өзінің философиясын Батыс пен Шығыстың дүниетанымы негізінде құрған Абай Қазақстанның қоғамдық ой-пікірінде тұңғыш рет әлеуметтік өзгерістердің даму идеяларының, қозғалысының және тұжырымдамасының маңыздылығын таныған. Осы көзқарас тұрғысынан ол өз халқының тағдыры мен болашағын, қазақтардың шаруашылық-мәдени тұрпатын өзгерту мүмкіндіктерін, ондағы көшпенділік, отырықшылық және жартылай көшпенділік шаруашылық тәсілдерін оймен таныды, қоғамдағы экономикалық және рухани өмірдегі бар істің жай-күйін сынға алды .Абай кең байтақ ұлы далада әрқашан әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақты мәні бар екенін және жеке адамдардың материалдық және рухани қырларындағы жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірі ауқымды нысаны болғанын көрсете білді. Бұл ретте қоғамдық өзара байланыстардың жалпыға бірдей маңызды рухани нысандары ерекше мәнге ие болады және қажетті құрылымдық құрамдас бөліктерде жүзеге асады. Өркениеттің осынау әлеуметтік таратушылары оның рухани құндылықтардың, идеялардың, бағдарлардың, нормалар мен символдардың бірлігі түріндегі толықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жалпы өтімді қауымдастық қоғам дамуындағы сабақтастықты, оның болашақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды өзінің динамикасына бағындырады, бұл әр түрлі қалыптасу, гүлдену, тоқырау және т.с.с. кезеңдерінде көрінеді .
Абайдың рухани мұрагері - Шәкәрім қоғам және қоғамдық қатынастар ұғымына ғылымилықты енгізді, яғни Батыс пен Шығыстың білімі мен тәжірибесіне негізделе отырып тұлға мен қоғамның прогресі мен дамуы идеясын дамыта түсті. Шәкәрім шығармашылығының терең көркемділігі, идеялылығы, мәдениеті, оның өзі түсіндіргеніндей, “туған жерден, ана тілден” және “шығыс, орыс, батыс мәдениетінен келе жатқан нәрсе”. “Мен шығыспен ерте қауышқаннан дүниені айнадан өзімді көргендей көрдім; білімсіздіктің кірінен орыс тілі мен әдебиетін оқып-үйренуімнің арқасында тазардым” деп жазды. Оған орыстың революциялық-демократиялық философиясы, батыстық-еуропалық қоғамдық ой, ағартушылық барлық көріністері мен бағыттарында жақсы таныс болатын
Адамдағы әлеуметтік пен биологиялық нәрсені Шәкәрім бірге алып қарайды. Бұл жерде ол Чернышевскийдің “Философиядағы антропологиялық принцип” деген еңбегінде баяндалған идеяларына жақын және жоғарыда өзіміз қарастырған Абайдың идеяларын жалғастырады. Ол адамда екі қажеттілік бар, - деп жазады, - тән мен жан қажеттіліктері”. Үнемі өз қамын ойлау, өзін-өзі жақсы көру, маңғаздық - бұл тәннің қажеттіліктері. Ар-ұяттылық, адал еңбекке ұмтылу - жанның қажеттілігі. Кімді бірінші қажеттілік жеңсе, ол баю үшін, пайда табу мен даңққа жету үшін кез келген зұлымдыққа баруға дайын тұрады. Екінші адам адал еңбек пен ізгі әрекеттен танбайды.