Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать

31. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. Реформалау; 2. Тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.

Дисфункция - әлеуметтік жүйелердін қызмет етуінің тиімділігі мен оларды қолдауға кері әсерін тигізетін әлеуметтік белсенділік Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.

Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.

Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай деген: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.

Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.

Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.

Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зерттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды

32. Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты. Мұнда адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жатқызады. Осы тұжырымға әлеуметтанулық талдау жасаңыз, әр деңгейдің ерекшелігін сипаттаңыз.

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл – демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық тоериясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде» : «Дүние бірқалыпты тұрмайды» десе, өлеңінде: «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сенімімен қарайды. Абайдың шығармаларында демократиялық мемлекет құру идеясы негізделген. Оның демократиялық мемлекеті қазіргі қоғамдық ғылымдар тілінде айтқанда азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет. Абайдың пікірінше, азаматтық қоғамда әділеттік принципі үстем болуы керек, тұлға құқығы мен бостандығы қорғалуы тиіс, биліктің көзі халық болуы қажет, билікке лауазымды адамдар сайлануы керек, т.б. принциптер жүзеге асырылуы қажет. Абай саяси және құқықтық әлеуметтану көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап,бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты, білімсіздікті, өркөккіректі және мемнмендікті алып, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сондықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват деген ой түйіндеді. Бұл жерде Абай адамның(индивидтің) қоғаммен қарым-қатынасын, байланысты терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді атқарушы етіп көрсетті.

Адам мен қоғамның дамуын А.Құнанбаев 3 сатыға бөліп көрсетті:

1. Төменгі саты – мұнда адамды жануарға теңейді. Себебі, адамдардың ойында белгілі бір тәртіп жоқ. Бірінші саты алғашқы әлеуметтендіру.Алғашқы әлеуметтендіру ол Отбасыннан басталады. Бұған: өмірге келу, адамның адам ретінде туылуы, жеке индивид ретінде өмірге келуі, белгілі бір қабілеттерімен, инстинктерімен, рефлекстерімен, қасиеттерімен ерекшеленеді.

2. Екінші кезең әлеуметтену процесімен байланысты. Адамның қоғамға түсуі, яғни отбасымен байланысты. Отбасында берілген нәрсе алғашқы баспалдақ дейміз яғни алғашқы құйылатын фундамент ненің жақсы ненің жаман екенін үйретуде. әр отбасы әр түрлі деңгейде тәрбие береді. Яғни біреуге қалыпты жағдай, ал біреуге ол ұятты жағдай болып табылады. Себебі ол отбасындағы тәрбиемен байланысты. Бірінші кезең отбасыннан басталатын болғандықтан, отбасы қабілеттерімізді дамытады, яғни одан әрі дамыта отырып қабілеттерді сыртқа шығара бастаймыз. Қоғамда белгілі бір тәртіп болады және материалдық молшылыққа қол жеткізеді. Бұл кезеңде адамды адам деп атайды.

3. Адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуі тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол. Оған толық адам жетеді.Үшінші кезең яғни жоғарғы деңгей дегеніміз қоғамға ену. Қоғамға ену дегеніміз яғни біздің білім алуымызбен байланысты. Білімді алып біз сыртқы ортаны танимыз, өзімізге қажетті ақпаратты аламыз,қажетсіздерді шығарып тастаймыз.

Абайдың адам деңгейін үш кезеңге бөлуі өзіміздің тұлға ретіндегі қалыптасқан сатыларымызбен байланысты. Яғни әлеуметтендірумен түсіндіреміз.. Осы барлық кезеңдер бір-бірімен шекарасыз жалғасады. Абайдың әлеуметтануға қосқан үлесі ол адамның өмір сүру деңгейін, адамның қоғам процестеріне байланысты өмір сүруін, қоғамдағы өзгерістерді, қоғамдағы құбылыстарды және қоғамдағы адамның рөлін және әлеуметтік мәселелерді қарастырды. Бұл 3 саты дегеніміз Абайдың «адамды» адамның өмірге келгеннен қоғамға еніп кетуін: алғашқы әлеуметтену, екінші әлеуметтену, қайтадан әлеуметтену процесі арқылы түсіндірді.

33.Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның келешек жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Өз көзқарасыңыз бойынша талдау жасаңыз.

Абай афоризмдерінде тұлғаның, оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі көрсетіледі және сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның келешек жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Әлеуметтену процесінің оңдылығын ол жақсы ортада деп білді: “Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”. Жетінші сөзінде былай дейді: “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?” деп, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген” Абай адамдағы биологиялық пен әлеуметтікті айқын бөліп қарайды, олардың табиғи бастауы мен әлеуметтік дамуын талдайды: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады”.Әлеуметтік құндылықтардағы басты орынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді. Мысалы, өзінің игілігі үшін еткен еңбекті ол әлеуметтік мағынасы жоқ еңбек деп қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету - бұл адамдық борыш: “Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың” Еңбек - қоғамдық, жалпы адамзаттық құндылық. Адал еңбек құндылықтар өлшемінде қарияның сақалынан жоғары тұрады: “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші - қазақтың әулиесі”, “Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық”

34. Шәкәрім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожасы болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” деген тұжырым айтты. Бұл тұжырымы арқылы Шәкәрімнің қозғаған әлеуметтік мәні бар мәселесі қандай болды?

Шәкәрім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” Шәкәрім қоғамның одан әрі даму жолдарын үнемі ізденуде болды. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысал келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі - тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкерімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Жақсы өмірдің негізін ол “адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл” деп санайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы осы мінездемелердің болуымен анықталады, ол жеке адамдардың мінез-құлық нысандарын қалай болса солай бейнелеуге жол бермейді. Кез келген әлеуметтік әрекет әлеуметтік мәнділігін ұғынумен және басқаға ұстаным берумен қатар жүреді. Қазақ қоғамындағы жеке адамның социумда өмір сүруі мен мәртебелік позициялары социумның интеракциялаушы элементтері арасындағы айқын әлеуметтік арақашықтықты қажет етеді. “Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол”. Шәкәрім мұраларының бүгінгі елге, келешек ұрпаққа берері көп. Себебі, ақын адам, адамзат және қоғам үшін қажетті мәселелерді көтере алған. Сөз жоқ ақынның көптеген шығармаларында қазақ халқының өркениетті адамзат көшіне қосылуы мәселесі жырланады. Дамыған халықтар сан өнерге ие. Қазақ соларды білсе, үйренсе ғылым мен білімнің не берерін түсіне алар еді. Әсіресе, әлемдік гуманистік ойдан ғибрат алудың қазақ қоғамының рухани келбетін жақсартатынын ескертеді. Басқа халықтардың өнегелі үлгісін алу арқылы ғана ел адамгершілікке жақындап адал өмір сүруді үйренеді. Шәкәрім, әрине, нарықтық қатынастар жағдайындағы адамның кәсіптік сапаларын даралап айтуды мақсат тұтпаған. Бірақ та ақынның көптеген ойлары адамның біліктілігі мен кәсіпкерлігіне байланысты. Ақын адамның білімінің, ғылымның, кәсіпкерлігінің критерийі оның іс-әрекеттерінің нәтижелігі, - деп есептейді. Еңбек шыдамдылықты, төзімділікті қалайды. Олай болмаса істе нәтиже жоқ. Сонымен бірге әр істе ептілік керек. Адамдардың барлығының адал еңбек етуі, қызметін адал атқаруы өмірдің жолға түсуінің кепілі. Барлығы адал, іскерлікпен, басқаны алдамай қызмет етсе, елде қайғы болмайды. Өмір ашық, адамдар көңілді болады. Қара жерді сауа білсең, барлық халыққа жетер байлық бар. Мәселе, осы байлықты өнермен, ақылмен, адалдықпен пайдалана білуде, - деп үйретеді Шәкәрім. Ақын өмірдің көлеңкелі, қайшылықты құбылыстарына көп үңіледі. Ешбір мемлекет өзгеге жақсы бола койсын демейді. Әділдік, жақсылық көбінесе ұран, сөз болып қалады. Өзінің қамы үшін мықты мемлекеттер әлсіз елдерді ұдайы талап келеді. Сондықтан әр халық өз еңбегімен адал жолды таңдасын. Барлық халықтар мен мемлекеттер жасампаз еңбек пен әділет жолын таңдаса ғана адамзат тыныштыкка кенеледі, - деген ғаламдық ойды Шәкәрім көптеген шығармаларында қайталап ескертіп отырады.Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, - деп өкінеді ақын ''Қазақ айнасы'' деп аталатын өлеңінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]