Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsio_shpor_2013_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
520.7 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәні

  1. Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.

  1. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері

  1. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы

  1. «Әлеуметтік құрылым» түсінігі. Әлеуметтік құрылымның элементтері

  1. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».

  1. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.

  1. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдері.

  1. Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі

  1. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасы

  1. М.Вебер әлеуметтануы

  1. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы

  1. Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдері

  1. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері

  1. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі

  1. Отбасы әлеуметтік институт ретінде

  1. Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтері

  1. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні

  1. Тұлға әлеуметтануы, тұлғаның әлеуметтенуі, кезеңдері

  1. Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде

  1. Мәдениет әлеуметтік институт ретінде

  1. Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтері

  1. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні. "Экономикалық адам" түсінігі

  1. Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымы

  1. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы. Оның құрылымы мен функциялары

  1. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша

  1. Анкеталық әдіс. Анкета құру техникасы

  1. Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлері

  1. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеу

  1. Эксперимент әдісі

  1. Әлеуметтік институттарда орын алған дисфункцияны шешудің 2 жолы бар: 1. реформалау; 2. тарату. Дисфункцияны шешуге қатысты мысал келтіріп, әлеуметтанулық талдау жасаңыз.

  1. Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі - төменгі саты. Мұнда адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды “адам” деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған “толық адам” жатқызады. Осы тұжырымға әлеуметтанулық талдау жасаңыз, әр деңгейдің ерекшелігін сипаттаңыз.

  1. Абай афоризмдерінде тұлғаның,+- оның құрылымының және маңыздылығының әлеуметтену процесі сипатталады. “Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның келешек жетілу дәрежесі үш себепке байланысты екенін білдірген. Олар баланың ата тегі, дүниеге келу ортасы және келешек тәрбиесі”. Өз көзқарасыңыз бойынша талдау жасаңыз.

  1. Шәкәрім адамды тәрбиелеу процесіне ар білімін енгізуді ұсынады. “Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожасы болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгесі оңай...” деген тұжырым айтты. Бұл тұжырымы арқылы Шәкәрімнің қозғаған әлеуметтік мәні бар мәселесі қандай болды?

  1. Ш.Уәлихановтың “Сот реформасы туралы жазбаларында” қандай әлеуметтік көзқарастар мен мәселелер қозғалды?

  1. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі. Сауатсыз халыққа білім алудың құндылығын жеткізу үшін атқарған қызметтері мен жетістіктері қандай? Сонымен қатар, осы атқарған жұмыстарының қоғам дамуына ықпалы қаншалықты болды?

  1. Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.

  1. Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсері қандай?

  1. Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.

  1. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.

  1. Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.

  1. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).

  1. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

  1. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

  1. О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: арнайы орта деңгей теориясы, әлеуметтік іс-әрекет, аномия, идеалды тип, жүйе, функция, стратификация.

  1. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, ...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.

  1. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

  1. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

  1. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

  1. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз.

  1. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.

  1. Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілер бар ма және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері қандай?

  1. Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі және түрлері қандай?

  1. Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз

  1. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілері

  1. Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз

  1. Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз

  1. Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

  1. Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

  1. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

1.Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәні. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді.Әлеуметтану деген терминді ғылыми танымға өткен ғасырдың 30 жылдары фр. ғалымы О.Конт енгізді.Оның көзқарасы бойынша қоғамға қатысты барлық мәселелер әлеуметтанумен тікелей байланысты. Социологияның екі жүз жылдық тарихы өз бастамасын О.Конт пен Э.Дюркгеймнен, Т.Парсонс пен Р.Мертоннан, Г.Гарфинкель мен И.Гофманнан алатын ғылымның тындырылған теориялық және әдістемелік жетістіктерінің таңғаларлық байлығын паш етуге мүмкіндік береді.Соц.ғ.ХІХ аяғы ХХ басында бөлініп шықты.

Басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде әлеуметтану ғылымы ерекше орынға ие:

  • Әлеуметтану қоғам туралы,оның процестері мен құбылыстары туралы ғылым.

  • Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық роль атқаратын қоғам туралы жалпы әлеуметтанулық теорины қамтиды.

Әлеуметтану ғылымының негізгі обьектісі-қоғам,яғни қоғамда болып жатқан барлық байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.Алматы бойынша 50 шақты қоғамдық ұйым бар.Бұл ғылымның ерекшелігін түсіндіру үшін қоғам деген ұғымды бөліп алып қарастыру жеткіліксіз.Өйткені қоғам көптеген ғылымдардың обьектісі б.т. Әлеуметтану ғылымының міндеті–жүйелерді топтастыру,типтестіру әрбір топтастырылған обьектідегі байланыстармен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.

Әлеуметтанудың пәні болып әлеуметтік жүйелердегі болып жатқан іс-әрекеттердің жүзеге асуы және әлеуметік шынайылық б.т.

Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді . Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды .

2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.

Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды. Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары. Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн. Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді. Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген.

Білімнің деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалық арақатынастың проблемасы екі аспектіні: функционалдық және генетикалық аспектіні қамтиды. Функционалдық аспекті ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпиркамен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.

Теориялық әлеуметтану-қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелерге ғылыми тұрғыдан жауап беріп,қоғамның әлеуметік жақтарынан жақсару жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары. Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады. Қолданбалы әлеуметтану –қоғам өмірінің жеке салаларында болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып,тәжірибеге негізделген жаңа деректердің көбеюіне жағдай жасайды.

3 Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері. (функциялары).Әлеуметтану әлеуметтік шынайылықты зерделей отырып, біріншіден, әлеуметтік шынайылық туралы білімді қалыптастырумен, әлеуметтік дамудың процестерін сипаттаумен, түсіндірумен және ұғынумен, әлеуметтанудың тұжырымдамалық аппаратын, әлеуметтану зерттеуінің әдістемесі мен әдістерін жасаумен байланысты ғылыми проблемаларды шешеді. Екіншіден, әлеуметтік шынайылықты түрлендірумен, әлеуметтік процестерге жоспарлы түрде, мақсат көздей отырып, ықпал етудің жолдары мен құралдарын талдаумен байланысты проблемаларды зерделейді. Осы екі қырын ескере отырып, неғұрлым маңызды міндет ретінде танымдық (дескриптивтік және диагностикалық міндеттер) және тәжірибелік (болжамдық, әлеуметтік жобалау мен құрастыру және басқару) идеологиялық, үлгілеу (моделирование,бағдарлма) міндеттерін бөліп қарауға болады. Танымдық функция, ең алдымен, әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру үрдістерімен байланысты. Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру әлеуметтануға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен үрдістері, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен тетіктері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді. Адамзат қоғамының әлеуметтік дамуының заңдылықтары мен келешегін ашып көрсететін арнайы әлеуметтану теорияларының маңызы ерекше. Әлеуметтану теориялары қазіргі заманғы күрделі проблемаларға ғылыми жауаптар береді, дүниені әлеуметтік түрлендірудің шынайы жолдары мен әдістерін көрсетеді. Сөйтіп, әлеуметтік процесс субъект туралы іргелі білімдерге сүйене отырып әлеуметтік құбылыстың нақты ахуалының табиғаты, оның түрленуі және сол құбылыстың дамуының шынайы нәтижелері туралы білім жинақтайды. Яғни, бұл жағдайда танымдық функция дескриптивтік (сипаттаушылық) және диагностикалық рөлдерін қоса атқарады. Тәжірибелік функция әлеуметтанудың әр түрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға ат салысуымен айқындалады. Әлеуметтанудың тәжірибелік функциясы оның танымдық функциясымен тығыз байланысты. Әлеуметтанулық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді. Әлеуметтанудың болжамдық функциясы қоғамның әрбір әлеуметтік бөлімшесінің ғылыми негізделген даму келешегін саналы түрде жүзеге асыру шарттарын жасауға деген сұранысының көрінісі болып табылады. Әлеуметтік болжам адамдардың санасы мен олардың қызметіне болжамның кері әсерін ескеруге тиіс, ол оның “өз-өзінен жүзеге асуына” (немесе “өз-өзінен күйреуіне”) әкеп соғуы мүмкін. Болжаудың бұл ерекшелігі ғылыми болжамды басқарушы ықпалдарды, сондай-ақ олардың сапалық өзгерістерін ескере отырып, процестердің ықтимал нысандары мен көріністерін, жүзеге асырылу қарқынын сипаттайтын дамудың нұсқалары, баламалары түрінде жасауды талап етеді. Болжам жасау әлеуметтік жобалау мен құрастыруды жүзеге асыруға арналған база болып табылады. Әлеуметтік жобалау - болашақ объектінің өлшем жүйесін немесе бар объектінің сапалық жаңа күйін ғылыми негіздеп құрастыру. Әлеуметтік жобалау жаңа әлеуметтік проблемаларды шешудің әр түрлі нұсқалары жасалынған кезде мақсатты көздей отырып, қызмет етудің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде пайдаланылады және басқарудың маңызды элементі ретіндегі нысаны болады.

4.Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы. Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әлеуметтану және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың,оқиғалардың,процестердің қайталанатындарын,тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылық­тарын бөліп қарау. Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді. Әлеуметтану және саясаттану. Әлеуметтану мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар: -әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады; -саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады; -саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды. Әлеуметтану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі.

5. «Әлеуметтік құрылым» түсінігі. Әлеуметтік құрылымның элементтері. Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың категориялық аппаратындағы орнының маңызы зор. Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

Әлеуметтік құрылым-қоғамның ішкі құрамы,оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне :

1.өзара тығыз байланыста,қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар;

2.қоғам мүшелерінің бірігуі,топтасуы негізінде пайда болып дамып отыратын әлеуметік қауымдастықтар.

3.сол қоғамда қалыптасқан белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Әлеуметтік құрылым басты элементтері: индивидтер,әлеуметтік институттар ,әлеуметтік қауымдастықтар және топтар.

Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:

1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.

2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).

3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]