
- •Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •3. Тапсырма
- •Билет №5
- •3. Тапсырма
- •Билет №6
- •3. Тапсырма
- •Билет №7
- •3. Тапсырма
- •Билет №8
- •3. Тапсырма
- •Билет №9
- •3. Тапсырма
- •Билет №10
- •3. Тапсырма
- •Билет №11
- •3. Тапсырма
- •Билет №12
- •3. Тапсырма
- •Билет №13
- •3. Тапсырма
- •Билет №14
- •3. Тапсырма
- •Билет №15
- •3. Тапсырма
- •Билет №16
- •3. Тапсырма
- •Билет №17
- •3. Тапсырма
- •Билет №18
- •3. Тапсырма
- •Билет №19
- •3. Тапсырма
- •Билет №20
- •3. Тапсырма
- •Билет №21
- •3. Тапсырма
- •Билет №22
- •3. Тапсырма
- •Билет №23
- •3. Тапсырма
- •Билет №24
- •3. Тапсырма
- •Билет №25
- •3. Тапсырма
- •Билет №26
- •3. Тапсырма
- •Билет №27
- •3. Тапсырма
- •Билет №28
- •3. Тапсырма
- •Билет №29
- •3. Тапсырма
- •Билет №30
- •3. Тапсырма
Билет №25
1. Азаматтық құқықтағы іс жүргізу мерзімінің ұғымы және түрлері
2. Сот сараптамасын жүргізу тәртібі және негізі
3. Тапсырма
Сот үкімі бойынша Асылжанов өзіне бекітілген «Алға» совхозының сүт тасымалдаушы көлігін мас күйінде айдап келе жатып, рульді басқара алмай, көлікті аударып алады, оның нәтижесінде цистернадан 1800 кг. сүт төгіледі. Төгілген сүт пен бензин араласып, жолда тайғақ жер пайда болғанына қарамастан, Асылжанов қауіпті сақтайтын белгіні шығарып қоймайды да оқиға болған жерден қашып кетеді.
Оқиғадан кейін 30 мин. өткен соң тура сол жолмен келе жатқан «Жигули» көлігі тайғақ жерде жолдан шығып кетіп, ол темірбетон бағандар қоршауына соқтығады да жыраға құлайды. «Жигули» автокөлігінің иесі Давыдовқа жеңіл дене жарақаттары келтіріледі, ал көлігі бұзылады.
Давыдов «Алға» совхозына Асылжанов айдаған көліктің иесі ретінде қатерлі қауіп көзінен туған зиян шығындарын өтеу жөнінде талап арыз береді.
Істі шешіңіздер.
Билет №26
Сатып алу-сату шартының ұғымы, мазмұны және элементтері.
Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар. Куәлар, олардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырма
Бес жаннан тұратын Сағатжанов жанұясы, үлкен Сағатжановтардың үйлену тойдан кейін сатып алған үйінде тұрып жатты. Сағатжановпен бірге күйеуі мен баласы бар қызы тұрды. Сағатжанов қайтыс болмай тұрып, бірнеше ай бұрын барлық мүлігін өзінің немересіне мұраға қалдыратыны жайлы өсиет қалдырады.
Сағатжановтың дүние салғанынан кейін 21 жасқа толған немересі атасы қалдырған мұрадан әжесінің (Сағатжанованың) пайдасына бас тартуды ұйғарады.
Әкесінің өлімінен 3 жыл өткен соң оның қызы, ал қызынан кейін 5 айдан соң Сағатжанова да дүние салады. Әкесі мен баласы, Сағатжанованың немересі, анасы мен апасының өлімінен кейін қалған мүлікті бөлу жайында келісімге келе алмады.
Әкесінің ойынша, егер де ұлы бір кезде үйдің және басқа да мүліктің мұрагері болудан бас тартса, онда келешекте де сол мүлікке үміттенуге мүлдем құқығы жоқ. Баласы болса, керісінше, үйдегі және марқұмдардың мүлігіндегі оның үлесі әкесінің үлесінен артық болуы тиіс деп санады.
Әкесі мен баласы мұраны бөлудің ережелерін түсіндіріп беруді өтініп заң қызметкеріне барады.
Билет №27
Иелік ету, пайдалану және билік ету құқығы
Дәлелдемелерді бағалау
3. Тапсырма
Аудан прокуроры Н.Жансейітов сотқа талап-арыз беріп, азамат Бақытжанов Аман Қасымұлын 1994 жылы туған Бақытжанов Романға ата-ана болу құқығынан айыруды сұрайды. Сот мәжілісінде прокурор Н. Жансейітов азамат Аман Бақытжановтың ұзақ уақыттардан бері спирт ішімдіктеріне салынып, баласының тәрбиесімен тек ара-тұра ғана айналысатындығын және оның қазір сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айрылғанын сотта баяндайды.
Сот сұрауы бойынша мектептен талап етіліп алынған құжаттарда Роман Бақытжановтың әкесі – Бақытжанов Аманның баласын сабаққа жақсы баулығандығы жайлы және барлық ата-аналар жиналысын жібермей үздіксіз келіп тұрғандығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Соңғы сот үкімі шыққанға дейін Бақытжанов ешбір жерде жұмыс істемеген және норкологиялық диспансерде «Екінші сатыдағы созылмалы алкоголизм» диагнозымен есепте тұрған белгілі болады.
Талап-арызында прокурор баланы, сондай-ақ ата-әжесінің тәрбиесіне беруді де қарастыруға болатын айтады. Алайда оған қорғаншылық – қамқоршылық органдар қарсылық білдіреді, себебі аталған жанұяның тұрмыс жағдайы мен материалдық мүмкіндігі нашар, сондықтан да ол баланың мүддесіне қайшы келеді дегенді айтады.
Істі шешіңіздер.
Аталған негіздер Бақытжанов Аманды ата-ана болу құқығынан айруға жеткілікті деп санайсыздар ма?