- •Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •3. Тапсырма
- •Билет №5
- •3. Тапсырма
- •Билет №6
- •3. Тапсырма
- •Билет №7
- •3. Тапсырма
- •Билет №8
- •3. Тапсырма
- •Билет №9
- •3. Тапсырма
- •Билет №10
- •3. Тапсырма
- •Билет №11
- •3. Тапсырма
- •Билет №12
- •3. Тапсырма
- •Билет №13
- •3. Тапсырма
- •Билет №14
- •3. Тапсырма
- •Билет №15
- •3. Тапсырма
- •Билет №16
- •3. Тапсырма
- •Билет №17
- •3. Тапсырма
- •Билет №18
- •3. Тапсырма
- •Билет №19
- •3. Тапсырма
- •Билет №20
- •3. Тапсырма
- •Билет №21
- •3. Тапсырма
- •Билет №22
- •3. Тапсырма
- •Билет №23
- •3. Тапсырма
- •Билет №24
- •3. Тапсырма
- •Билет №25
- •3. Тапсырма
- •Билет №26
- •3. Тапсырма
- •Билет №27
- •3. Тапсырма
- •Билет №28
- •3. Тапсырма
- •Билет №29
- •3. Тапсырма
- •Билет №30
- •3. Тапсырма
Билет №17
1. Ерлі – зайыптылардың міндеттері мен құқықтарының туындау негіздері.
2. Іске қатысушы тұлғалардың сот мәжілісіндегі хаттамамен танысу және хаттамаға ескертулер ұсыну құқығы.
3. Тапсырма
Қонақ үйде азамат Төлешевтің бөлмесінен электор ұстасы мен джинси шалбары ұрланды. Қонақ үй әкімшілігі ұрланғанмүлік құнын өтеуден бас тартады, өйткені азамат Төлешев қонақ үймен сақтау шартын жасапаған болатын. Істі қарастыру барысында Төлевштің бөлмесі орналасқан қабаттың кезекшісі сол заттарды оның бөлмесінен көргенін растайды, алайда Төлешев бөлме кілтін үнемі өзімен бірге алып, әкімшілікке тапсырмай жүргендігінен мүліктің жоғалуында қонақ үй қызметкерлерінің кінәсі жоғын айтады.
Істі шешіңіздер.
Билет №18
1. Мәміле туралы түсінік және оның түрлері
2. Сот мәжілісінің хаттамасының маңызы және мазмұны.
3. Тапсырма
Думанов мас болып жүрген өз күйеу баласы Сәкеновты кездестіріп, оны үйге алып кетуге тырысты. Алайда Сәкенов қарсылық білдіріп, қайын атасының қолынан босап шығады да, қашпақшы болады, бірақ қайын атасы оны қуып жетіп, қолын ұстап алады. Сәкенов аяғы шалынып, құлай бастайды да, өзімен бірге Думановты ілестіре құлайды. Екеуі де жерге құлап түседі. Құлап бара жатқан Думанов, 120 кг-нан астам дене салмағымен Сәкеновтың төсі мен ішіне тізесімен соғылып, Сәкеновқа (арықта денелі) ауыр дене жарақатын салады: қабырғасы сынып, бауыры езіліп кетеді, бұл оның өлуіне себеп болады. Сәкеновтың анасы (56 жаста) Думановқа асыраушының өлімінен туған зиянның орнын толтыру жайлы талап арызын береді.
Талап арызды қанағаттандыруға бола ма?
Билет №19
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қатынастары
Азаматтық істерді мәні бойынша сотта қарау
3. Тапсырма
Түнгі уақытта Сымбатовқа екі белгісіз адам шабуыл жасап, оны жерге құлатып, ұра бастайды және қолындағы сағатын шешіп алмақшы болады. Қорғанып жатып, Сымбатов біреуінің басынан аяғымен соғып жібереді. Соңында шабуыл жасаушылар Зарандинов пен Несіпбеков екені анықталады.
Басынан соққы алған Зарандинов, бірнеше күннен кейін миына қан құйылып, қайтыс болып кетеді, ал Несіпбеков жоқ болып кетеді. Сымбатовқа қарсы қозғалған қылмысты іс оның қажетті қорғану шегінде жасалды деген негізінде тоқтатылады.
Зарандиновтың әйелі Сымбатовқа асыраушының өлімімен келген зиянның, жас баласын асырап-бағу үшін және Зарандиновты жерлеу шығындарын өтеуді талап етіп арыз жазады.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс
Билет №20
Жарамсыз мәмілелер
Сотта іс қарау, оның маңызы мен бөлімдері
3. Тапсырма
Радиодан «Ғылым жаңалықтары» рубрикасында Исмаиловтың «Балқаш көлінің түбін зерттеу нәтижелері» мақаласы эфирге шығарылады. Автор оған қаламақаы төлеуді, келесіде оның рұқсатынсыз мақаласын қайталамауды талап етеді. Радиокомитет авторлық заң бойынша барлық жарық көрген мақалалар автордың келісімінсіз және қаламақы төлеусіз эфирге шығарылуға болатынын айтады.
Бұл дауда кімдікі дұрыс? Автордың келсімінсіз және қаламақы төлеусіз оның туындысын қолдану қандай жағдайларда рұқсат етіледі?
