
- •Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •3. Тапсырма
- •Билет №5
- •3. Тапсырма
- •Билет №6
- •3. Тапсырма
- •Билет №7
- •3. Тапсырма
- •Билет №8
- •3. Тапсырма
- •Билет №9
- •3. Тапсырма
- •Билет №10
- •3. Тапсырма
- •Билет №11
- •3. Тапсырма
- •Билет №12
- •3. Тапсырма
- •Билет №13
- •3. Тапсырма
- •Билет №14
- •3. Тапсырма
- •Билет №15
- •3. Тапсырма
- •Билет №16
- •3. Тапсырма
- •Билет №17
- •3. Тапсырма
- •Билет №18
- •3. Тапсырма
- •Билет №19
- •3. Тапсырма
- •Билет №20
- •3. Тапсырма
- •Билет №21
- •3. Тапсырма
- •Билет №22
- •3. Тапсырма
- •Билет №23
- •3. Тапсырма
- •Билет №24
- •3. Тапсырма
- •Билет №25
- •3. Тапсырма
- •Билет №26
- •3. Тапсырма
- •Билет №27
- •3. Тапсырма
- •Билет №28
- •3. Тапсырма
- •Билет №29
- •3. Тапсырма
- •Билет №30
- •3. Тапсырма
Билет №9
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме
Ерекше өндіріс
3. Тапсырма
. «Тұмар» сақтандыру қоғамы автомабиль, жүргізуші мен жолаушылардың денсаулығы мен өмірі және жүргізушінің – азамат Саметовтың – азаматтық жауапкершілігін сақтандыратын аралас шартын жасасады. Шарттың күші бар кезеңінде Саметовтың досы Әміреев автомабильді жүргізіп келе жаты Есімовты қағып кетеді де, оған дене жарақттарын келтіреді, оның нәижесінде Есімов тұрақты зейнетақы алатын ІІ топ мүгедегі болып қалады. Онымен қоса, автомобиль толығымен зақымдалып, жарамсыз болып қалады. Сақтандыру қоғамы Саметовқа автомабиль құнын төлеп, Есімовке келтірілген шығындар орнын толтыра бастайды. Содан соң сотқа Әміреевтен автомабильге төленген соманы және төленген шығынндарды қайтаруды талап етіп, регрестік талап арызын береді.
Осы дауды шешіңіздер.
Билет №10
Заңды тұлғалардың түрлері
Ерекше талап өндірісі
3. Тапсырма
Думанов мас болып жүрген өз күйеу баласы Сәкеновты кездестіріп, оны үйге алып кетуге тырысты. Алайда Сәкенов қарсылық білдіріп, қайын атасының қолынан босап шығады да, қашпақшы болады, бірақ қайын атасы оны қуып жетіп, қолын ұстап алады. Сәкенов аяғы шалынып, құлай бастайды да, өзімен бірге Думановты ілестіре құлайды. Екеуі де жерге құлап түседі. Құлап бара жатқан Думанов, 120 кг-нан астам дене салмағымен Сәкеновтың төсі мен ішіне тізесімен соғылып, Сәкеновқа (арықта денелі) ауыр дене жарақатын салады: қабырғасы сынып, бауыры езіліп кетеді, бұл оның өлуіне себеп болады. Сәкеновтың анасы (56 жаста) Думановқа асыраушының өлімінен туған зиянның орнын толтыру жайлы талап арызын береді.
Талап арызды қанағаттандыруға бола ма?
Билет №11
1. Прокат шарты
2. Сырттай іс жүргізудің негіздемелері
3. Тапсырма
Соттың шешімімен Өжет ауылының тұрғыны Қ.С.Ғаппаров өзінің жас баласы Әсеттің күтуіне алимент төлеп тұратын. Соңында анықталғандай (Ғаппаровтың көптеген шағымы бойынша), баланың іс жүзіндегі әкесі және іс бойынша тиісті жауапкер көрші Өтеп ауылында тұратын оның фамилиялас адамы болып шығады. Соттың шешімін шығару кезінде және орындалу қағазын толтыру кезінде ауыл атында қате кеткен болатын (Өтеп ауылының орнына Өжет ауылы көрсетірген).
Қ.С. Ғаппаров сотқа «алимент» ретінде төленген сомалардың, көп рет сотқа барумен байланысты шығындардың және соған байланысты жоғалтқан еңбек ақысының, ал сонымен қатар оған келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру жөнінде талап арызын береді.
Қ.С. Ғаппаровтың талаптары қанағаттандыруға жата ма? Бұл іс қалай шешілуі тиіс?
Билет №12
1. Заңды тұлғалардың қайта құрылуы. Заңды тұлғаларды таратудың негізі және тәртібі
2. Бұйрық өндірісі мен оның мәні.
3. Тапсырма
Авторлар ұжымы өздерінің криминалистика бойынша оқулығын шығару жөнінде баспамен шарт жасасады. Баспа оқулықты басып шығаруға дайындаудың әжептәуір жұмысын өткізіп, оқулық авторларына сый ақының 60%-ін төлейді. Алайда қаржының жоқтығынан оқулықты жарыққа шығару жеке меншік заң институтына беріледі. Авторлар оқулық қолжазбасын заң институты жоғалтып алғанын анықтайды.
Авторларда төмендегідей сұрақтар туындайды:
1) олардың келісімінсіз оқулықта басуды Заң институтына беруге баспа құқықты ма?
2) Өз құқықтарын қорғау жөнінде талаптарын кімге қоя алады?