Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

22. VertexPaint, MultiRes, ffd модификаторлар

VertexPaint модификаторы әртүрлі өлшемдер,мөлдірлер және түс жаққыштар көмегімен объектіде сурет салу үшін арналған. MultiRes модификаторы бағынашты объектілер санын азайту есебінен каркасты тиімдеу үшін арналған

MultiRes Parametres шиыршығында:

Generetion Parameters тобында:Crease Angle өрісінде-қырлар арасындағы максимал бұрыштың мәні беріледі,осы бұрыштан жоғары теістеу жүргізілмейді;Generate батырмасы –торды есептеуді іске қосу

Resolution тобында:Vert Percent-өрісте –ескі тордан салыстармалы жаңа трдың төбелер саны пайызбен еңгізіледі; Vert Count-төбелердің абсолютті саны; Max Vertex, Face Count және Max Face өрістерде –объектінің түрлендіру мәндері көрсетіледі. FFD модификаторы көптеген басқа модификаторлардың мүмкіндіктерін біріктіреді.Ол бөлек объектінің және объектілердің бүкіл тобының түрін өзгерте алады.Басқаларынан оның контейнері тор құрап бөлек нүктелер бойынша беріледі.Тордағы басқарушы төбелерді тасу арқылы объектінің пішіні деформацияланады.Тордың түрі модификатордың атында бейнеленеді:

FFD2х2х2-тор куб түрінде,әр жақ екі нүктеден тұрады

FFD3х3х3-тор куб түрінде,әр жақ үш нүктеден тұрады

FFD4х4х4-тор куб түрінде,әр жақ төрт нүктеден тұрады

FFD(box)- FFD4x4x4-ға ұксас,бірақ ені,ұзындық және биіктік бойынша жақтарында нүктелер саны түрлі сан болуы мүмкін

FFD(cyl)- FFD(box) ұқсас,бірақ тор цилиндр түрінде

FFD модификаторының бағынышты объектілері:

1.Control Points-төбелер арқылы объектінің түрін өзгертеді

2.Lattice-объектіге қатысты кез-келген түрге тордың төбесін орналастыруға рұқсат береді

3.Set volume-объектіге қатыста басқарушы нүктелерді еркін түрде орналастыруға болады

FFD Parameters шиыршығында:

Dimensions тобындаSet Number of Points батырмасы-басқарушы төбелердің саны Set FFD Dimensios диалогты терезесінде беріледі

Display тобында-тор қырларының көрінісі беріледі:Lattice-көрінісін қосу/өшіру;Sourse Volume-егер оны қосса,үнсіз бойынша берілетін тор қолданылады,ал өшірілген кезде Set Volume тармағында берілетін тор қолданылады

Deform тобында тордың төбелерінің ығысуы беріледі

Only in Volume ішкі төбелері ғана қозғалады

All Vertices-барлық төбелерді ығыстырады

Falloff өрісте-басқарушы нүктелердің әсер беру қашықтығы беріледі;

Tension өрісте-төбелерді ығысу барысында объектінің өзгеруінің тартылуы беріледі

Continuity өрісте-төбелерді ығысу барысында объектінің өзгеруінің үздіксіздігі беріледі

23. MeshSmooth, TurboSmooth, Flex модификаторлар.

MeshSmooth модификаторы полигондардың өкпек секіретін қабырғалар және төбелердің бойымен қосымша қырларды қосу есебінен объектінің бетін тегістеу үшін арналған

Subdivision Method шиыршығында тізімнен тегістеудің әдісі таңдалады:NURMS-төбелер салмағын баптауға рұқсат беретін тор; Quad Output-қосылған полигондардың түрі төртбұрышты және екі үшбұрышқа бөлінген болады; Classic-үшбұрыштардан құралған төртбұрышты тор

Subdivision Amount шиыршығында:Iterations өрісінде-0ден 10ға дейінгі тегістеу деңгейлерінің саны; Smoothness өрісінде-қырлар арасындағы бұрышы,оның жанында тегістелу жұмысы жүргізіледі;Render Values тобы-көрсетушілік барысында объектінің итерация және тегістеу мәндері беріледі

Local Control шиыршығында:Display Control Mesh жалаушасы-бастапқы бақылау торды бейнелейді

TurboSmooth модификаторы объектінің бетін тегістеу үшін арналған.Модификатордың параметрлерін баптау MeshSmooth модификаторына ұқсас.

TurboSmooth шиыршығында негізгі параметрлер орнатылады:тегістеудің итерация саны,модельді бейнелеу режимдері,модель бетін тегістеуді қосу/өшіру,полигональ торды жаңарту жиілігін тапсыру мен басқа да параметрлер

Flex модификаторы анимация жасау кезінде объектінің динамикасын еліктеу үшін арналған.

Parameters шиыршығында объектінің иілгіштік параметрлері беріледі:Flex-иілгіштік мәні, Strength -0-ден 100-ге дейінгі аралықта серпімділік мәні,Sway-0-ден 100-ге дейінгі аралықта толық басылу уақыты, Use Case Spring-жалаушасы бағыттаушы серіппені пайдалануға арналған, Use Weigth-жалаушасы салмақты пайдалану үшін, Samples өрісі-1-ден 50-ге дейінгі өзгерістерді іріктеу;тізімнен объектінің қозғалысты есептеу үшін иілгіштік әдісі таңдалады

Weights and Painting шиыршығында бағынышты объектілердің төбелерін бояу арқылы салмақтардың параметрлері беріледі.

Paint Weights тобында: Paint батырмасы-түстердің көмегімен әртүрлі реакцияларды тағайындау үшін; Strength - -1ден 1ге дейінгі төбелердің салмағы; Radius-бояу маркерінің радиусы; Feather-маркер бояуын орталықтан шеттеріне тарату үшін -1ден 1ге дейін

Vertex Weight тобында:Absolute Weight жалаушасы-таңдалған төбелерге салмақты тағайындау үшін; Vertex Weights-салмақтың абсолюттік мәні беріледі

Forces and Deflectors шиыршығында Forse және Deflectors аймақтары объектілерді немесе бөлшектер жүйелерді әртүрлі деформациялармен және шағылыстармен байланыстыру үшін арналған. Advanced Parameters шиыршығында модификатордың іс-әрекетінің қосымша параметрлері беріледі: Reference Frame-иілгіштік басталу үшін кадрдың нөмірі; End Frame-иілгіштік аяқтау үшін кадр номері; Set Reference батырмасы алгоритмді есептеу үшін; Reset-есептеуді тоқтату.