Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

20. Shell, Slice, Squeeze жəне xForm параметрлікмодификаторлар.

Shell модификаторы жазық бетіне қалыңдықты жасау үшін арналған

Parametres шиыршығында: Inner Amount-қабықшаның ішіне қалыңдықты арттыру мәні, Outer Amount-қабықшаның сыртына қалыңдықты арттыру мәні, Segments-қалыңдықты арттырудың сегменттер саны .Slice модификаторы кесу жазықпен объектінің бөлігін алып тастау үшін арналған. Кесу жазықты объектіде қажетті жерде орналастыру үшін модификатордың стегіндем Slice Plane бағынышты объектіні белгілеңіз.Slice Parametres шиыршығында қиманың типі таңдалады: Refine Mesh-объектімен жазық қиылысқан нүктелерде жаңа төбелер қосылады, Split Mesh-екі жеке элементтерді жасау , Remove Top-қима жазығынан жоғары орналасқан барлығы жойылады, Remove Bottom-қима жазығынан төмен орналасқан барлығы жойылады

Squeeze модификаторы басу арқылы объектіні деформациялау үшін арналған

Parametres шиыршығында:

Axial Bulge және Radial Squeeze топтарында: Amount-деформациялау шамасы, Curve-қисықтық деңгейі.

Limits тобында сандық өрістерде: Upper Limit-жоғарғы және Lower Limit-төменгі жақтарда объектіге модификаторды қолдану шектері беріледі, Limit Effect-жалаушасы берілген шектерді қосады.

Effect Balance тобында Bias жәнеVolume радиалды бағытта қысу мен бұрышты қысу арасында ара қатынас беріледі

Xform модификаторы объектіні түрлендіруге рұқсат беретін модификаторлар стегіне енгізу үшін арналған.Модификатордың бағынышты объектілері:Gizmo-габаритті контейнер,оны өзгертсе,объекті де өзгереді; Center-модификация орталығы,оған орын таңдасақ,оған қатысты түрлендіру жүргізілетін нүкте таңдалады.

21. Lathe, Cap Holes, Extrude, Normal, Smooth модификаторлар.

Lathe модификаторы таңдалған ось айнала айналдырып үш өлшемді объектілерді жасау үшін арналған Parametres шиыршығында:

Degress өрісте-градуста осьті айнала бұру бұрышының мәні;Weld Core өрісте-осьте жатқан форманың төбелерін біріктіру; Segments-айналдыру процесінде форманың аралық көшірмелер саны

Capping тобында Cap Start және Cap End жалаушалар көмегімен форманың шеттерін Morph немесе Grid әдіспен жабу,осында Morph әдісі –айналдырылған объектілерді морфингте мақсат объекті ретінде қолдануға рұқсат береді

Direction тобындабұрылыс бағдары X,Y,Z таңдалады

Align тобында жазық форманы айналдыру осі үшін нұсқа таңдалады

Output тобында алынған модельдің түрі таңдалады

Generate Mapping Coords жалаушасы-текстуралық картаны жасалған объектінің бетінде тарату үшін; Smoooth жалаушасы-объектінің бетін тегістеу Cap Holes тесіктерді жабу үшін арналған. Parametres шиыршығында жалаушалары: Smooth New Faces-жаңа қырлады тегістеу;

Smooth With Old Faces-ескі қырлады тегістеу, Triangulate Cap-тесіктерді үшбұрышты қырлармен жабу

Extrude модификаторы жазықтық пішіндерді көлемді түрге келтіру үшін арналған

Parametres шиыршығында:

-Amount-кесіндінің шамасы,осы бойымен сплайн созылады; Segments-жаншу кесіндісі бойынша жаңа объектінің бөлу саны,яғни биіктік бойынша сегменттер саны

Capping тобында басы мен аяғын Cap Start жәнеCap End сәйкес жалаушалармен қақпақтарын жабу көрсетіледі

-Output тобындаосы модификаторды қолданғаннан кейін үш өлшемді объектінің геометриясының түрі ауыстырып қосқыштар арқылы анықталады

Normal модификаторы объектіде нормальдарының бағытын өзгерту үшін арналған

Parametres шиыршығындажалаушалар: Flip Normals-барлық объектінің нормальдарын кері бұру үшін, Unify Normals-объектінің көпшілік қырларының нормальдарымен тура келетін нормальдардың жалпы бағытын береді

Smooth модификаторы объектінің бетін бірдей тегістеу үшін арналған

Parameters шиыршығында:Auto Smooth жалаушасын қосса объекті түгел тегістеледі,ал оны өшірсе Smoothing Groups тобы қосылады және тегістеу топтары таңдалады;Prevent Indirect Smoothing жалаушасын қосқанда анықталған қырлар үшін тегістеуді рұқсат береді; Threshold өрісінде тегістейтін көрші қырлар арасындағы бұрыштың шекті мәні беріледі