Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

17. Noise, Ripple, Skew жəне Twist параметрлік модификаторлар. Noise модификаторы (Шум)

18. Stretch, Wave, Spherify жəне Displace параметрлікмодификаторлар

Stretch(Созу) модификаторы объектінің екі шетінен оны созу үшін арналған.Бұл жерде орталық бөлігі тар болып қалады.Parametres шиыршығында:

- Stretch тобында сандық өрістерде: Stretch-қаншалық күште объект созылу барысынжда өзгеріске беріледі, Amplify-таңдалған осі бойынша жаншудың немесе дөңестің дәрежесі,яғни созу барысында объект қаншалық өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді.

- Stretch Axis тобында-созу осі таңдалады

-Limits тобында сандық өрістерде:Upper Limit –жоғарғы және Lower Limit төменгі жақтарда объектіге модификаторды қолдану шектері беріледі,Limit Effect жалаушасы-берілген жектерді қосады

Wave модификаторы объектінің бетінде толқынды еліктеу үшін арналған. Wave модификаторы және оның параметрлері Ripple модификаторына және оның параметрлеріне ұқсас.Айырмашылығы Wave-те толқындар параллель таралады,ал Ripple-де ортасынан.

Spherify модификаторы объектіні домалаққа айналдыру үшін арналған.Осы модификатордың параметрі 0 және 100 аралығында Percent мәні болып табылады.Осы мәнді үлкейте немесе кішірейте отырып объект борсиған немесе керісінше болады.

Displace модификаторы басқа құрамдастарына қатысты объектінің бетін жылжыту үшін арналған.Осы модификаторды қолдану жаншу процесіне ұқсас.Жаншу растрлық картаның көмегімен немесе процедуралық текстура арқылы орындауға болады.Parametres шиыршығында :

-Displacement тобында:Strength-жылжудың қаншалықты күшті болатындығы;Decay-ықпал орталығынан алыстау барысында басылатын мәні;Luminance Center жалаушасы-өшірілген кезде жылжыту амалы қара түстен аққа үлкейіп барады,ал қосылған кезде екі жағында сұр түс қолданады.

-Image тобындажылжыту үшін Bitmap растрлық батырмасын немесе Map текстуралық картасын тағайындауға болады.

-Map,Channel және Alignment топтары текстуралық карталарды баптау үшін,оларды объектінің көлеміне икемдеуде және басқаларында қолданылады

19. Lattice, Mirror, Push жəне Relax параметрлікмодификаторлар.

Lattice(Тор) модификаторы объектінің бетіне тор жасау үшін арналған.Объектінің қабырғалары тордың шыбықтарына,ал төбелер тордың біріктіретін түйіндерінде айналады.

Parametres шиыршығында :

-Geometryтобында тордың элементтері орнатылады: Joints Only From Vertices -тек қана төбелер; Struts Only From Edges-тек қана шыбықтар; Both-екеуі де

-Struts тобында тордағы шыбықтардың параметрлері анықталады:Radius-радиус,Segments-сегменттер саны,Sides-тораптар саны,Material ID-материалдың идентификациялық нөмірі,Smooth жалаушасы-шыбықтарды тегістеу.

-Joints тобында тордағы төбелердің параметрлері анықталады:геодезиялық базалық түрі-Tetra, Octа,Radius-радиус, Segments-сегменттер саны, Material ID-материалдың идентификациялық нөмірі.

Mirror модификаторы объектінің айналы көшірме жасау үшін арналған.Parametres шиыршығында:

- Mirror Axis тобында ауыстырып қосқыштардың көмегімен объектінің айналы көшірме жасау үшін осі немесе жазық таңдалады.

-Options тобында: Offset-айналы көшірменің бастапқы объектінен ығысу мәні, Copy жалаушасы-қосылған/өшірілген болса берілген ығысуда айналы көшірме жасалады,бастапқы объект қалады/жоғалады

Push модификаторы үш өлшемді моделінің қабықшаны жылжыту үшін арналған.Бұл жерде қабықша бетке нормалінің бағыты бойынша деформацияланады.Parametres шиыршығында : Push Value-деформациялау шамасы беріледі

Relax модификаторы объектінің майысуларын тегістеу үшін арналған.Parametres шиыршығында :Relax Value -0-ден 1-ге дейінәлсірету деңгейінің мәні, Iterations – тегістеудің итерация саны, Save Outer Corners жалаушасы-объектіге төбелердің позицияларын бекітеді