Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

9) Өлшем бірліктері жəне тордың қадамы. Өзтор жəне қосалқы тор. Тор бойынша

туралау. Объектілер тобымен жұмыс істеу.Объект-ң параметрлерін дәл баптау үшін әрекеттер,өлшем бірлігі ретінде:Metrics(метрикалық)-миллиметр,сантиметр,метр,километр.AS standart-Дюйм және фут.Custom(пайдаланушылық)-берілген мән метрикалық немесе Америкалық стандарттар өлшемдерде өлшенеді.Generic Units(шартты өлшем)-кейбір берілген мәнге тең шартты беріледі.Өлшем бірліктерін баптау үшін әрекеттер:1Costomize(баптау)—Units Setup менюін орындаңыз.

Автотор және Қосалқы тор .Негізгі тордан басқа автотор мен қосалқы торды пайдалануға болады.Автотордың көмегімен объект-рді жасау барысында:1Командалық панельдің Create қосымша бетінде Object Type шиыршығында объкт-ң түрін таңдаңыз және autuGrid жалаушасын қосыңыз.

Қосалқы тор объктілерді әртүрлі жазықтықтарда жасау үшін пайдаланылады.Ол үшін:1.Create қосымша бетінде Helpers объектілер категориясын таңдаңыз.2.Object type шиыршығында Grid батырмасын басыңыз.3.X,Y,Z өрістегі мәндерді баптаңыз.Жасалған торды активтеу үшін оған контекстік менюді шақырыңыз және Activate Grid команданы таңдаңыз.

Тор бойынша туралау.Объектілерді модельдеу барысында олардыторға немесе басқа объектілерге салыстырмалы тегістеу ыңғайлы құрал болып табылады.Объектіні жасау кезінде меңзер тордың түйіндерге байланады және көгілдір квадратпен белгіленеді.Осы мақсаттар үшін бас құрал-саймандар панеліндегі орналасқан Snaps Toggle тіркелетін панелі пайдаланылады.

Объектілер тобымен жұмыс істеу.Объектілер тобы-бұл жеке объект өзінде бірнеше бірге біріктірілген объектілерден құралады.Объектілерді біріктіру амалы-топтау деп аталады,оның керісі –топтауды тарату.Объектілер тобына модификаторларды қолдануға және трансформация амалдарды өткізуге болады.Кез келген объектіні топқа қосуға және топтан алып тастауға да болады.Объектілерді топтау үшін:1.топтауға қажетті объектілерді белгілеңіз.2.Group—Group меню командасын орындаңыз.3.Group пайда болған терезеде Group name өрісте топ атын енгізіңдер.4.OK батырманы шертіңіздер.Топты тарату үшін:топты белгілеңіз және Group—Ungroup меню командасын орындаңыз.Топты ашу үшін:топты белгілеңіз.Group—Open.топты жабу үшін Group—Close.Объектіні топқа қосу үшін Grour—Attach,топтан ажырату үшін Group—Detach орындалады.

10) Объектілерді белгілеу амалдар. Объектілерді жасыру, бейнелеу жəне бекіту.Объектілерді белгілеу амалына төмендегі тәсілдер жатады:1)Edit—Select All меню командасы-барлық объектілерін белгілеу үшін,2)Edit—Select Invert меню командасы –барлық белгіленген объектілерді инверсиялау үшін пайдаланылады.3)Бас құрал саймандар панельдегі келесі батырмалар пайдаланылады:Select Object(объектіні белгілеу),Select and Move(белгілеу және тасу),Select and Rotate(белгілеу және айналдыру),Select and Scale(белгілеу және масштабтау),4)Ctrl пернесі белгіленген объектілер тобына таңдалған объектіні қосуға арналған.5)Alt пернесі белгіленген объектілер тобынан таңдалған объектіні алып тастау үшін.6)Белгілеуді алып тастау үшін Edit(өзгерту)—Select None(белгілеу жоқ) меню командасы пайдаланылады.7)Window|Crossing(терезе/қиылысу)әдісі.Бұл жерде Window әдісінде белгілеу аймағының ішіне тұтас сиятын барлық объектілер белгіленеді.Crossing әдісінде аймақ ішіне барлық сиятын және белгілеу жақтауына жанасатындары белгіленеді.Аймақтармен белгілеу әдістері.Ол үшін:Бас құрал саймандар панеліндегі Rectangular Selection Region тіркелген панельді басыңыз.Белгілеу түрлерінен біреуін таңдаңыз немесе Edit—Select by—Rectangular region немесе Circular Region немесе Fence Region немесе Lasso Region командасын орындаңыз.

Объектілерді жасыру, бейнелеу жəне бекіту.3ds max-тағы объектілерді жасыруды,бейнелеуді және бекітудің мүмкіндігі бар.Жасырылған объект сахнада және көрсетушілік кезінде көрінбейді,сахнаны және терезеде бейнелеуді женілдетеді.1)Hide by Category шиыршығы,бір категорияға жатқан объектілер тобын жасыруға және бейнелеуге мүмкіндігі бар.2)Hide шиыршығы таңдалған объектілерді жасыру және жасырылған объектілерді бейнелеу үшін арналған.Hide Select-белгіленген объекті немесе объектілерді жасыру.Hide Unselected-белгіленген объектілерден немесе жасыру.Осы шиыршықта,егер Hide Frozen Object жалаушаны қосса,онда бекітілген объектілер жасырылған болады.Freeze Selected-белгіленген объекті немесе объектілерді бекіту.Үстіңгі операцияларды Object Properties диалогты терезедегі General беттегі Display Properties топта баптауға болады.Бұл терезеде Edit—Object Properties меню командасымен шақырылады.

11) Кəдімгі трансформациялар: объектілерді түрлендіру, координаторлар жүйелердің түрлері. Трансформация орталығы. Трансформацияны шектеу.Объектілерді трансформациялау дегеніміз-объектіге бір немесе бірнеше амалдарды қолданудың процесі.Осы амалдарға объектінің орналасуын,бағытталуы мен көлемін өзгерту жатады.Объектіні трансформациялауда тіреу координаталар жүйесін және трансформация орталығын дұрыс таңдау керек.Тіреу координаталар жүйелеріне жататындар:1)View(көрініс)-перспиктива ауқымды коор-р жүйесін,ал барлық қалғандары экранды пайдаланады.Бұл жерде X,Y,Z осьтері сәйкес оңға,жоғарыға,экранға бағытталады.2)Screen(экран)-активті терезе коор-ң барлық көрініс пайдаланылады.3)World(ауқымды).Бұл жерде координата осьтерінің.X-горизонталды,Y пайдаланушыдан бағытталған,Z-вертикалды жоғары.4)Parent(аталық)-белгіленген объектінің аталвқ координаталар жүйесін пайдаланады.5)Local(жергілікті)-белгіленген объектіге жергілікті объекті әсер етеді.6)Gimbal(топсалы)-Эйлер айналу бақылаушы бар коорд.р жүйесі.7)Grid(тор)-активт3 тор коор.р жүйесін пайдаланады.8)Pick(шерту бойынша таңдалған)-тышқанның шертуімен таңдалған.

Трансформация орталығы объектілерді тасымалдауға емес,айналдыру мен масштабқа әсер етеді.Трансформация орталығын басқару үшін бас құрал сайман панелінде Transform Center тіркелген панелі пайдаланылады.Панельде мынадай үш батырма орналасады:1.Use Pivot Point Center-әр белгіленген объекті өзінің тіреу нүктесін пайдаланады.2.Use Selection Center-белгіленген объектілер орталық тіреу нүктесін пайдаланады,3.Use Transform Cordinate Center-белгіленген объектілер таңдалған коор,р жүйесінің координата ортасын пайдаланады.

Трансформацияны шектеу объектіні тек бір оське немесе жазықтыққа қатысты тасуға,айналдыруға және өзгертуге мүмкіндік береді.Трансформацияны (X немесеYнемесе Z)осьтері жазықтары бойынша шектеуді Axis Constraints қалқымалы панелюьде таңдалады.Панельді шақыру тәсілі:Customize—Show UI—Show Floating Toolbar меню командасын орындаңыз.Трансформацияны шектеу үшін мынадай пернелер пайдаланылады:F5-X осі бойынша,F6-Y осі бойынша,F7- Z осі бойынша,F8-XY,YZ,ZX жазықтары бойынша.Остер мен жазықтардың бойымен объектіні айналдыру үшін:бас құрал саймандар панелінде Select and Rotate батырмасын басыңыз.Axis Constraints панелін шақырыңыз.Бас құрал сайман панелінде Transform Center батырмасын басып,транформация орталығын таңдаңыз.Осьтер мен жазықтықтардың бойымен объектіні масштабтау:бас құрал саймандар панелінде бекітілген Select and Uniform Scale панеліне басып, батырманы таңдаңыз.

12) Нақты трансформациялар. Байлаулар: түрлері жəне міндеттері. Байлауларды баптау.Нақты трансформацияны тасу,айналдыру және масштабтауға арналған нақты мәндерді енгізуге мүмкіндік береді.Трансформацияға сәйкес параметрлерді Transform Type-In диалогтық терезесі арқылы енгізу,координаталық санауыштардың,байланыстыру панелінің мәндерін енгізу арқылы орындалады. Transform Type-In диалогтық терезесін шақыру тасілдері :Tools-- Transform Type-In меню командасын орындаумен;F12 функционалдық пернені басумен;бас құрал саймандар панеліндегі трансформация батырмаларына тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы.Осы терезеде абсолютті және салыстырмалы транформацияға сәйкес Absolute World және Offset World екі аймағы бар.Абсолютті режимде абсолютті трансформация мәндері енгізіледі, салыстырмалы режимде белгіленген объектінің тасу,айналдыру және масштабтау параметрлеріне қатысты осы мәндер енгізіледі.Осы режимді ауыстырып қосу үшін қалып күй жолында Absolute Mode Transform Type-In батырмасы бар.Диалогтық терезенің көмегімен нақты трансформацияға арналған әрекеттер: Transform Type-In диалогтық терезесін шақырамыз.Транформацияға арналған объектіні белгілеңіз. Transform Type-In диалогтық терезесінде трансформациялау параметрлерін енгізіңіз.

Байлаулар: түрлері жəне міндеттері. Байлауларды баптау.3ds-max та байлаулар объектілерді модельдеу және трансформациялау кезінде ыңғайлы құрал болып табылады.Олар объектілік,бұрыштық,пайыздық,санауышты байлауларға бөлінеді.Оларды бас құралдар панелінен қосуға және өшіруге болады.Объектілік байлау –объектілерді жасау мен трансформациялау барысында байлауды қамтамасыз етеді.Бас құрал саймандар панеліндегі Snaps Toggle тіркелген панельдің үстіне меңзерді апарыңыз және тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.Бұл терезеде мынадай стандартты байлаулардың түрлері бар:Grid Points-тордың нүктелеріне байланады;Pivot-объектінің тіреу нүктесіне байланады;Vertex-төбелерге байланады;Face-объектінің қырларына байланады;Tangent-жанамаға байланады.

2D Snap Toggle(екі өлшемді)-жазыққа байланады, Z осімен шектеледі.

2.5 Snap Toggle(жарты көлемді байлау),3D Snap Toggle(көлемді байлау)

Angle Snap Toggle(б9рышты0 баптау)-Select and Rotate құрал сайманымен бірге пайдаланады,градуста белгілі бұрыштарға байланады.Persent Snap Toggle(пайызды0 байлау)-Select and Snap құрал сайманымен бірге пайдаланылады.пайыздық үлкейтуде масштабтау барысында байланады.Spinner Snap Toggle(санауышты байлау)-барлық санауыштардың мәнінің өзгеріс қадамын белгілі шамаңа байлау.

13. Объектілерді клондау. Айна. Объектілер массиві. Клон бұл түпнұсқадан алынған обьект. Клондарды жасау үшін mirror, array, snapshot, spasing tool құрал сайм пайдаланылады.Алғашында клон мен түп нұсқаның парамтрлері бірдей болады.

Clone and Align (Клондау және тегістеу) – басқа мақсатты обьектілердің орналасуы, бағдарлануы және көлемі негізінде бастапқы обьектіге арналған клондардың көп санын жасауға арналған құрал-сайман. Бұл құралған-сайманды пайдалану үшін мынандай бастапқы сахна дайындаймыз: бір конус бастапқы обьеткті және әртүрлі трансформациялары бар бес циилиндр. Олар Х, У, Z осьтері бойынша бұрылған. Clone

and Align құрал сайм қолданамыз. Клондарды жасау Clone командасымен shift пернесі арқылы орындалады. Аrray (массив ) құрал сайманы белгіленген обьектіні клондау арқылы жасалған обьект массивін жасауға мүмкіндік береді. Массив бірөлшемді және үшөлшемді болуы мүмкін. Объектілер массивін жасау үшін:

1)Обьектіні белгілеңіз, 2)координата жүйесін таңдаңыз, 3)Бас құрал сайман панелінде USE PIVOT POINT CENTER батырмасының көмегімен транформация орталығын.

Mirror(Айна) құрал сайманы обьектілерді шағылуымен клондау мүмкіндігін ұсынады. Шағылу параметрлері Mirror диалогтік терезесінде белгіленеді. Клонды айна арқылы жасау үшін мына әрекеттер орныдалады:

1)Шағылатын обьектіні белгілеу керек, 2) tool ---> mirror менюі командасын орындау қажет немесе құрал саймандар панелінде Mirror батырмасын басу арқылы орындауға болады. 3) Пайда болған дилогтық терезеде керекті шағылу параметрлері таңдалады. Олар: Mirror Axis(шағылу осьтері) тобында Х, У, Z, осьті немесе ХY, УZ, ZX жазықтықтары бойынша шағылысуды ауыстырып қосқыштарды таңдаймыз. Offset(Ығысу) өрісінде түпнұсқалық немесе шағылған обьектілердің трансформация орталығы аралығында қашықтықтың мәні берілед. Clone Selection тобында ауыстырып қосқыштар арқылы клон типі таңдалады.