Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать
  1. Проекция терезелерінің түрлері. Панорамалау. Масштабтау. Айналдыру. Сахнада жүру.

3ds max –та жобаланатын үш өлшемді сахна көріністерін жасай отырып,жазыққа проекцияланады.Көріністер проекция терезелерінде орналасады.Проекция терезелерін басқару үшін терезенің оң жақта төменде орналасқан батырмалар қолданады.Проекция терезелерінде төмендегі көріністер ерекшеленеді:

Аксонометриялық көрініс-үш өлшемді объектіні параллель проекциялау арқылы алынатын көрініс.

Ортографиялық көрініс- координата осьтерінің біріне параллель проекциялау жасалатын асконометриялық түрдің өзге түрі.Бұл көріністерге Top,Botton,Front,Back,Left,Right жатады.

Пайдаланушылық көрініс –бұл ортографиялық көріністі еркін айналдыру барысында алынатын асконометриялық көріністін өзге түрі.

Перспективалық көрініс-тереңдік және үш өлшемді кеңістік әсерін қалдыратын көрініс.Бұл көрініске тек қана Perspective жатады.

Камерадан көрініс-сахна анимациясын жасауға арналған ыңғайлы құрал және сахнаға қойылған камералар арқылы берілетін көрініс.Бұл көрініске Camera01 жатады.

Жарық көзінен көрініс-бұл камерадан көрініске ұқсас,бірақ жарық көзінен және сахнаға жарық беруді басқаруға арналған ыңғайлы құрал.Бұл көріністерге Spot01,FDirect01,mr Areaa Spot01 жатады.

Панорамалау жазықтығына параллель проекция терезелерін тасымалдау үшін қолданады.Понарамалау келесі батырмалар арқылы орындалады:

• Pan View-аксонометриялық және перспективалық көріністер проекция терезелерін тасымалдау үшін.

• Truck Camera-камерадан көріністі проекция терезелерін проекция терезелеріне параллельді тасымалдауға арналған.

•Truck Light-жарық көздері көріністерінің проекция терезелерін проекция терезелеріне параллельді тасымалдауға арналған. Масштабтау проекция терезелері масштабын өзгерту үшін қолданылады.Масштабтау мынадай батырмалар арқылы орындалады:

• Zoom-ағымдағы проекция терезесіндегі масштабты өзгерту үшін.

• Zoom All-проекция терезелерінің барлығында бірге масштабтарын өзгерту үшін.

• Zoom Extends-объектілердің барлығы көрінетіндей етіп, проекция терезелерін орталау және масштабтауға арналған

• Zoom Extends Selected-белгіленген барлық объектілерді көрінетіндей жасап,проекция терезелерін орталау және масштабтау үшін

• Zoom Extends All- барлық объектілер көрінетіндей жасап,проекция терезелерінің барлығын орталау және масштабтау үшін

• Zoom Extends All Selected-барлық белгіленген объектілер көрінетіндей жасап,проекция терезелерінің барлығын орталау және масштабтау үшін

• Fied-of-View-перспективалық көрініс және камерадан көрініс терезелердегі көзбен шолу аймағын өзгерту үшін

• Zoom Region-перспективалық және аксонометриялық көріністер терезелеріндегі белгіленген аймақтарды проекция терезелері көлеміне дейін үлкейтуге арналған

• Maximize Viewport Toggle-активті терезенің қалпыдан толық экранды көлемге және кері өтуге арналған.Айналдыру проекция терезелерін айналдыру үшін қолданады:

• Arc Rotate-аксонометриялық және перспективалық көріністерді ағымның ортасында айнала айналдыруға арналған.

• Arc Rotate Selected-белгіленген объектінің ортасында айнала аксонометриялық және перспективалық көріністердің айналдыруына арналған.

• Arc Rotate Sobobject-белгіленген бағынышты объектінің ортасында айнала аксонометриялық және перспективалық көріністерді айналдыруға арналған.

3ds max-та кейіпкердің көзі арқылы көреміз,3D-ойындарындағыдай,мысалы Quake ,перспективалық көріністе сахна бойынша жүру мүмкіндігі бар.Үш өлшемді сахна бойынша жүру үшін Walk Through батырмасын пайдаланылады.

Сахна бойынша жүру әсерін жасау үшін қажетті амалдар:

• алға,кері қарай немесе солға қозғалу үшін тілсызықты пернелерді қолданамыз (←,↑,→,↓).

• сахнаны қарауда көру аймағын өзгерту үшін тышқанды солға немесе оңға тасымалдаймыз.

• жоғары тасуға Е пернесін,ал төмен тасуға-С пернесін қолданамыз.

• жылдамдықты арттыру үшін Q,ал оны азайту- Z пернесін қолданамыз.

• сахнаның горизонталь түрі мен түсіру бағытын белгілеуді үнсіз бойынша режимге қосу үшін Shift+бос перне пернелерінің комбинациясын пайдаланамыз.

6. 3ds max-та проекция терезелерін басқару. Проекция терезесінде бейнелеу режимдері. Проекция терезелерін баптау.

Объектілерді бейнелеу үшін мынадай режимдер бар:

  1. Smooth+Highlights-беті тегістелген,көлеңкелер және бликтер бар,жоғары сапалы режим

  2. Smooth-тек беті тегістелген,көлеікелер бар ,жоғары сапалы режим.

  3. Facets+Highlights-әр қыры бөлек-бөлек көрсетіледі,жатық ауысуы жоқ,бликтер бар,орташа сапалы режим.

  4. Facets-әр қыры бөлек-бөлек көрсетіледі,түстердің жатық ауысуы жоқ,орташа сапалы режим.

  5. Flat-әр объекті бір тусте боялған,жылдам көрсетушілік үшін ыңғайлы,сапасы төмен режим

  6. Hidden Line-арттағы линиялар көрсетілмейді,каркас түрінде,сапасы төмен режим

  7. Lit Wireframes-жарты реңдерді өңдейтін,каркас түрінде,сапасы төмен режим

  8. Wireframe-жарты реңдерді өңдемейтін,каркас түрінде,сапасы төмен режим

  9. Bounding Box-объект ауқымды контейнер түрінде көрсетіледі,сапасы төмен режим

Проекция баптауға мыналар кіреді:терезелердің құрылымын өзгерту ,терезенің көрінісін өзгерту,терезенің көлемін өзгерту,экранның көлеміне дейін үлкейту,координата осьтері мен торларды өшіру және қосу,фондық бейнелеуді қондыру,проекция терезелерінің түстерін баптау.Терезелердің құрылымын өзгерту үшін төмендегілерді орындаңыз:

  • Customize-Viewport Configuration менюі немесе терезенің тақырыбына контекстік меню шақырып Configure таңдаңыз.

  • Viewport Configuration терезесінде Layout қосымша бетін таңдаңыз

  • Құрылым үлгісін таңдаңыз және ок батырмасын шертіңіз

  • Проекция терезесі тақырыбынан контекстік меню шақырыңыз

  • Views менюін таңдаңыз және жаңа түрді таңдаңыз

Проекция терезесінің көлемін өзгерту төмендегілерді орындаңыз:

  • Тышқан меңзерін терезенің вертикалды,горизонталды немесе қиылыс жақтауына алып апарыңыз

  • Тышқан батырмасын басыңыз және меңзерді тасымалдаңыз

Проекция терезесінде әртүрлі түстерді баптау үшін мыналарды орындаңыз:

  • Customize-Customize User Interface менюі командасын

  • Customize User Interface терезесінде Colors қосымша бетін таңдаңыз

  • Elements менюінде Viewports таңдаңыз

  • Тізімнен терезенің элементін таңдаңыз және Color өрістің үстіне шертіңіз

  • Color Selector терезесінде қажетті түсті таңдаңыз және терезені ашық қалдырыңыз

7) 3ds max-тағы объектілер.Командалық панельдің Create қосымша беті. 3ds max-тағы объектіні жасау.Объект термині 3ds max программасында кеңінен қолданылады.Объектіге таңдауға және манипуляция жасауға болтын объектілер жатады.3ds max-та объектілердің төмендегі негізгі топтары бар:1)Standart Primitives-қарапайым базалық геометриялық объктілер.2)Extended Primitives-күрделі базалық геометриялық объетілер.3)Compound Object(құрамдас объкт-р)-математикалық,логикалық, және мінез-құлықтық алгоритмдері пайдаланатын құрылымдалған күрделі объктілер.4)Particle Systems-(бөлшектердің Жүйелері)-іс жүзіндегі процестерге (қар,жауын,атқыма,түтін)еліктейтін кеңістік аймағын жасауға арналған процедуралық объектілер.5)Patch Grids(Құрақ Торлар)-басқару биіктерінің торлары мен құрақ бетінен құралатын жазықтық объектілер.6)NURBS Surfaces- үш өлшемді сплайн ретінде сипатталатын күрделі үш өлшемді объектілер.7)Splines-базалық екі өлшемді форма.

Архитектуралық сахналарды жасау үшін объктілерге жататындар:1.Doors(есіктер)-оське біріктірілгендер,жиналатын және жайылатын есіктер.2.Windows(терезелер)-ашылатын,ашылмайтын,бірнеше бөліктерден тұратын ,есікке ұқсас ашылатын,горизонталды және вертикалды осьпен айналатын,жайылатын терезелер.3.AEC Extended(кеңейтілген АИК)-күрделі архитектуралық,инженерлік және конструкторлық объектілер,оның ішінде өсімдіктер,қабырғалар және қоршау объектілер жатады.4.Strais(сатылар)-L-ге ұқсас,түзу,бұрандалы және U-ға ұқсас саты объетілер.

Командалық панельдің Create қосымша беті.Командалық панельдің Create қосымша беті әртүрлі объектілерді жасау мен баптауға арналған құралдардың басын біріктіреді.Төмендегі элементтерден құралады:1)Category(категориялар) жолы,әртүрлі объектілерді жасау үшін қызмет етеді және негізгі жеті батырмадан тұрады.2)Geometry(геометрия)-геомет-қ объект-р жасау үшін 3)Shspes(формалар)әртүрлі қисық сызықтарды жасау үшін 4)Lights(Жарық көздері)әртүрлі жарық көздерін жасау үшін және баптау үшін 5)Cameras(камералар)әртүрлі камераларды жасау және баптау үшін. Helpers (қосалқы объект) көрсетушілікке жатпайтын объектілерді жасау үшін.Space Wars(кеңістікті деформациялар)сахна объектілеріне әртүрлі деформацияларды жасау үшін. Systems(жүйелер) сүйектерді қолдана отырып, кейіпкерлердің қаңқалық анимациясын (bones), сыртқы жарыққа еліктеу (Sunlight және Daylight), скақиналы массивті (RingArray) жасау.Subcategory (бағынышты категория) түсіп қалатын тізімі, таңдалған категорияға сәйкес, жасалатын объектінің түрлері бар. Object Type (объектінің түрі) шиыршығы, таңдалған бағынышты категорияға сәйкес объектілердің атауымен батырмалары орналасады. Name and Color ( аты және түсі)шиыршығы,жасалатын объектінің атын енгізу және түс таңдау үшін өрістер орналасады. Аты жасалатын объектінің атауы мен реттік нөмірінен құрастырылады. Сәйкес өрістерде объектінің түсін өзгертіп. Атын қайта атауға болады. Creation Method (жасау тәсілі) шиыршығы, объектінің жасау тәсілін таңдау үшін ауыстырып қосқыштар бар, мысалы ортасынан немесе диаметрінен. Keyboard Entry (пернетақтадан енгізу) шиыршығы, оюъектінің жасалатын түріне сәйкес сандық енгізудің бірнеше өрістер және осы параметрлерді пайдалануға арналған Create батырмасы орналасады. Parameters (параметрлер) шиыршығы, жасалатын объектінің параметрлерін бейнелеу және енгізу үшін сандық өрістер және басқа да құралдар бар.

Объектіні жасау. 3ds max объектілерді жасауға арналған ыңғайлы құралдарды ұсынады:

меню жолынан Create (жасау) менюі; командалық панельден Create (жасау) қосымша беті; пернетақтадан сандық өрістерге объектінің параметрлерін енгізу.1.Командалық панельден Create (жасау) қосымша бетін таңдаңыз. Командалық панельден Create (жасау) қосымша бетін таңдаңыз. 2Жасалатын объектінің қажетті категориясын таңдаңыз. 3Түсіп қалатын тізімнен жасалатын объектінің бағынышты категориясын таңдаңыз.4Object Type(объектінің түрі) шиыршығында жасалатын объектінің аты бар батырманы таңдаңыз. Creation Method (жасау тәсілі) шиыршығында тышқанның көмегімен объектіні жасау тәсілін таңдаңыз. Кез клген проекция терезесінде тышқанның батырмасын басып, оны жіберместен, тышқан мензерін таңдаңыз, тап осымен жасалатын объектінің негізін өзгертіңіз және тышқанның батырмасын жіберіңіз. Содан кейін мензерді жоғары немесе төмен тасыңыз, жасалатын объектінің биіктігін өзгертіңіз. Parameters(параметрлер) шиыршығында қажет болса, объектінің параметрлерін редакциялаңыз. Name and Color (аты және түсі) шиыршығында, қажет болса, объектінің аты мен түсін өзгертіңіз. Объектіні жасауды аяқтау үшін проекция терезесін тышқанның оң батырмасымен шертіңіз. Пернетақтадан объектіні жасау үшін: 1. Жоғарыда сақталған 1-4 әрекеттерді орыңдаңыз;2. Keyboard Enrty (пернетақтадан енгізу) шиыршығында сандық енгізу өрісіне жасалатын объектінің параметрлерін енгізіңіз және Create батырмасын басыңыз.

8) Примитивтер :бағынышты объект-ң түрлері,примитивтердің түрлері . Сплайндар, сплайндық пішіндерді жасау жəне көрсетушіліктендіру. Примитивтер торлы объкет-р болып табылады;төбесі,қабырғалары және үшбұрышты қырлары бар бағынышты объект-дің үш түрін құрайды;өздерінің параметрлерімен анықталады.Примитивтер екі түрге бөлінеді:стандартты және кеңейтілген.Стандартты примитивтерге жататындар;1.Box(параллелепипед),Sphere,Cylider,Torus,Teopot,ConeGeoSphere,Tube,Plane,Piramid.

Кеңейтілген примитивтерге жататындар:Hedra(дұрыс көпжақ),ChamferBox(қиғаш параллелепипед),Oiltank(цистерна),Spindle(ұршық),Gengon(көпбұрыш),RingWave(толқын тәріздес сақина),Prism(призма),Torus Knot(тороидты түйін),GramferCyl(қиғашцилиндр),Carsule(капсула),Hose(шланг) жатады.

Сплайн дегеніміз-сегменттермен біріктірілген бірнеше төбесі бар қисық сызық.Сплайндардың көмегімен формаларды құрамыз.Формалар-басқа объект-дің құрауыштар ретінде қолданылатын екі өлшемді немесе үш өлшемді сызықтар тобы.Сплайндық формалар бағынышты объктілердің үш түрінен құралады:төбелер-кеңістіктегі нүктелер,сегменттер-төбелердің арасындағы участкелер,сплайндар.Сплайндық формалардың көмегімен:жазық үш өлшемді беттерді,жол көрсету және лофтингке арналған форманы;жаншуды қолдана отырып объект-рді модельдеу,анимацияға жол беруге боладыюСплайндар көптеген түзулердің кесінді сандарынан құралады.Осында түзу кесінді қадам деп атайды.Қадам саны Interpolation шиыршығында Steps сандық өрісінен белгіленеді.Егер Adaptive жалаушасын қоссақ,онда сплайн тегіс болады.Формалар командалық панельдің Create қосымша бетіндегі Snapes категориясынан жасалады.Сплайндық примитивтерге:Line,Circle,Arc,NGon,Text,Section,Ellipse,Donut,Star,Helix жатады.Сплайдық формаларды жасау үшін:1Командалық панельдегі Create қосымша бетті таңдаңыз:2Категориядан Shapes категориясын таңд-з;3Қалқымалы тізімнен Splines бағынышты категориясын таңдаңыз;Object Type шиыршығында қажетті форманы таңдаңыз;Creation Method шиыршығында сплайдндық формаларды жасау тәсілін таңдаңыз;Top проекция терезесінде тышқанның көмегімен сплайндық форманы бейнелеңіз.