Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать
  1. Компьютерлік анимация кезеңдері: аттары жəне олардың сипаттамалары.

Компьютерлік анимацияның толық 3D жобасын жасау процесі төмендегі бес кезеңнен құралады:

• модельдеу-объектілерді жасау процесі;

• текстурлау-объектілерге материалдарды қондыру процесі;

• жарықтардыру-сахнада жарық көздерін орын-орындарына орналастыру процесі;

• анимациялау-көрініс динамикасын жасау процесі;

• көрсетушілік-соңғы бейне немесе анимацияны алу процесі.

1-кезең:модельдеу

Модельдеу-үш өлшемді модельдеу программасындағы шынайы немесе ойдан шығарылған дүниенің кейбір объектілерін бейнелейтін модельдерді жасау процесі.

Модельдеу үшін келесі әдістер пайдаланылады:

Примитивтік модельдеу-бұл 3ds max-тағы примитивтер негізінде сахна объектілерін тұрғызу әдісі.Примитивтер-бұл 3ds max-қа кірістірілген қарапайым параметрлік объектілер,мысалы,сфера,пирамида,параллелепипед және т.б.

Қимамен модельдеу-бұл кеі өлшемді жазықтық пішін кейбір қисықтан өту негізінде үш өлшемді объектіні тұрғызу әдісі.

Бульдік модельдеу-бұл біріктіру,қиылыстыру,алу және кесіп алу бульдік амалдар негізінде үш өлшемді объектіні тұрғызу әдісі.

Торлық модельдеу негізі әдіс болып табылады және модельдеу объектісі бір-бірімен көп санды байланысатын полигондардан құралады.

Қаңқалық модельдеу-торлық модельдеудің түрі,мұнда объектінің беті көптеген үшбұрыштармен көрсетілген және модельдеу есебі оның төбелері тұрған орындарын анықтауға келеді.

Полигоналды модельдеу – бұл қаңқалық модельдеудің жақсартылған әдісі,мұнда модельденетін объект бір-бірімен көп санды байланысатын полигондардан құралады.

NURBS-модельдеу үш өлшемді кеңістікте объектінің тірек сұлбасын қайталайтын тірек қисықтар салынып,оларға сырт беті кигізілуден құралады.

Патчтық модельдеу үлкен емес төртбұрыштар-патчтардың негізінде объект құрастырылады.Патчтың көмегімен кейіпкерлер немесе оларға ұқсас басқа объектілерді жасау процесі модельденеді.

2-кезең:текстурлау

Бұл кезеңде сахна объектілеріне материалдар тағайындалады.Материалдар бет үстінің мынадай қажетті қасиеттерін анықтайды:нүктенің түсі,бедері,бликтің пішіні мен көлемі,мөлдірлігі,шағылу әсерлерін,беттің сынуы мен жарық түсіру әсерлерін.3ds max пакетіне материалдардың әртүрлі типтер салынған.Материал бірнеше текстуралық картадан тұрады.Текстуралық карта – бұл jpeg,bmp,tif форматындағы жазық растрлық бейнелер немесе процедуралық карталар.

Текстураны объектіге қондыру жұмыстары барысында объект күрделі пішінде болсы,текстура тікбұрышты бейне болғандықтан,проекциялық координаталарды дұрыс таңдау қажет.

3-кезең:жарықтандыру Бұл кезеңде сахнаға қажетті жарық көздерін орналастыру,негізгі параметрлерді баптаулар орындалады.Сахна объектілеріне жарық беруі максималды шындыққа жарық берілуі жақын болу керек.Сахнадағы объектілерге жарық тым көп берілу немесе көмескі болмағаны жөн.

4-кезең:анимациялау Анимация дегеніміз-динамикалық немесе статикалық көрінісиерді жасау процесі.

Сызықты және сызықты емес анимация болып бөлінеді.Сызықты анимация-бұл кейбір интервалдағы объектінің қозғалысы,мұнда интервал өзі қозғалмайды және басқаларымен қиылыспайды,бірнеше интервалдармен басқа да әрекеттер орындалмайды.Сызықты анимация қозғалыс анимациясына және деформация анимациясына бөлінеді.Қозғалыс анимациясы орын ауыстыру,айналдыру және масштабты өзгерту арқылы жасалады.Деформация анимациясы Flex иілгіш модификаторын қолдану немесе сүйектерді пайдаланып жасалады.Сүйектер дегеніміз – қаңқа иерархиясының-деформацияланатын объектінің ішіне салынатын көрсетілмейтін объект элементтері.Анимация уақыттағы жағдайын белгілейтін кілттік кадрлардың көмегімен беріледі.

Кейіпкерлердің анимациясына арналған кілттік кадрлардан басқа Motion Capture технологиясы қолданылады.Бұл жерде адамға арнаулы қалып-күй тетіктерін кигізеді және ол қозғалыстарды орындайды.Тетіктер қалып-күй өзгерістерін бекітеді.Түрлендірілген деректер Character Studio оқитын арнаулы форматқа көшіріледі және компьютерлік кейіпкерлердің қаңқасына қозғалыстар беріледі.

5-кезең:Көрсетушілік Көрсетушілік-бұл ағымдағы көрініс немесе анимацияның екі өлшемді бейнесін алу процесі.Статикалық бейне jpg,bmp,tif,tga ерітінді форматында,анимация-avi,mov,flic форматында немесе растрлық бейнесінде (file0001.tif,file0002.tif,…,file0100.tif-100 кадр) сакталуы мүмкін.Алғашқы көрсетушілік барысында ықшамдаулар жасалады;шығу көлемі кішкентай беріледі;көлеңкелер,текстуралар, жарық көздері өшіріледі;тура емес жарық берудің алгоритмдері ықшамдалады;сәулелердің жарқырап ұшу барысында сәуленің шағылуы және сыну саны азаяды;анимация барысында әрбір n-ші кадр көрсетіледі.Кішігірім үзіндінің соңғы көрсетушісі бір компьютерде бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін орын алуы мүмкін.Сондықтан 3ds max бірнеше компьютерді қолдана отырып, желілік көрсетушілік мүмкіндігі бар.

  1. 3ds max-тың жұмыс терезесі. Интерфейстің қарапайым элементтері. Бас менюі. Құрал-саймандар панелдері.

Программаны қосқаннан кейін монитордың экранында 3ds max программаның жүктеу процесі орындалады,содан кейін 3ds max программаның терезесі орналасады,сонымен қатар “Welcome Screen” сәлемдесу терезесі көрсетіледі.Сәлемдесу терезесін жүктеуден алып тастау үшін Show this dialog at startup жалаушасын өшіру қажет.

3ds max-тың жұмыс терезесі мынадай интерфейстік аймақтардан тұрады:

жүйелік меню

тақырып жолы

бас меню

бас құрал-саймандар панельдері

проекциялар терезелер

командалық панелі

уақыт шкаласы

Max-скрипт жолы

пернелік тақтадан командаларды енгізу үшін жол

қалып-күй

анимацияны басқару құралдары

проекция терезелерін басқару панелі

3ds max жұмыс істеу проецесінде пайдаланушы интерфейстің мынадай қарапайым элементтерін пайдаланады:

  1. Тышқан меңзері. 3ds max әртүрлі амалдарды белгілеуге арналған тышқан меңзерінің бірнеше ондаған түрлері бар

  2. Сыбырсөз. Мәтіндік сыбырсөз тышқан меңзері объекті меңзегеннен кейін пайда болады.

  3. Тізім. Бұл нұсқалық тізім қара үшбұрышы бар батырмаға басқаннан кейін пайда болады.

  4. Сандар өрісі. Бұл өріс сандарды өзгертуге және енгізуге арналған.Санды енгізу үшін жаңа санды теру қажет. Ағымдағы санды өзгерту үшін көрсеткіш батырмалармен жоғары және төмен, r таңбасы,тышқан меңзерін тасу тәсілдерін пайдалануға болады.

  5. Тіркелетін панель. Бұл бірнеше бір типті батырмалардың біреуіне топталуы.Төменгі оң бұрыштағы үшбұрышты тамғасы бар батырманы басқаннан кейін пайда болады.

  6. Шиыршық. Бұл-жалпы амалдарды орындауға арналған,ішінде әртүрлі батырмалар,тізімдер,сандық өрістері бар аты аталған аймақ.Жиналып тұрған шиыршықтың + таңбасы,ал ашылып тұрған + таңбалы болады.

  7. Жылжымалы терезелер. Бұл терезелерде тақырып жолдары бар,олардың ішінде объектіге жалпы қолдануға арналған меню жолдары,батырмалар және графикалық бейнелері бар.

  8. Диалогты терезелер. Бұл терезелерде тақырып жолдары бар,олардың ішінде объектіге қатысты параметрлерді беру үшін құралдар бар.

  9. Жылжымалы құрал-саймандар панелі. Бұл панельдерде командалар батырмалар түрінде орналасады.Құрал-саймандар панелін кез келген орында орнатуға және тасымалдауға болады.

  10. Контексті-тәуелді менюі. 3ds max менюдің екі түрі бар:стандартты және квадранттық.Квадранттық меню екі немесе төрт дербес аймаққа бөлінеді және объектіге арналған арнаулы командалары бар.

3ds max-тың бас менюде мынадай пунктілер бар:

  1. File-жаңа,ашу,сақтау,біріктіру,импорт,экспорт және басқаларыы бар файлдармен жұмыс істеуге арналған командалар.

  2. Edit-болдырмау,қайталау,жою,клондау,белгілеу және басқалары бар объектіге қатысты амалдар.

  3. Tools-объектін айналық бейнелеу,объектілер массивін жасау,объектілерді туралау және 3ds max-тың әртүрлі құрал-саймандар орналасады.

  4. Group-объектілер тобымен жұмыс істеуге арналған командалар.

  5. Views-объектілер бейнелеу мен проекциялар терезелерінің сыртқы түрлерін өзгертуге арналған командалар.

  6. Create-3 өлшемді сахналарды жасау үшін 3ds max-тың әртүрлі объектілері бар.

  7. Modifiers-3ds max модификаторлар

  8. Reactor-шынайы дүниенің механикасына шынайы еліктеуді жасауға арналған командалар.

  9. Animation-анимацияны басқару үшін командалар.

  10. Graph Editors-тректерді қарау,сұлбалық қарау,бөлшектерді қарау редакторларын қосуға арналған командалар.

  11. Rendering-көрсетушілік баптау және жүргізу,бейнемонтаж жасау,материалдар редакторын қосу үшін командалар.

  12. Customize-интерфейс элементтерін,тор қадамын,бірлік өлшемдерін,проекциялар терезелерінің конфигурациясын баптау үшін командалар.

  13. MaxScript-3ds max сценарийлерін жасау мен редакциялау үшін командалар.

  14. Help-3ds max бойынша анықтамалық ақпараттарды алу үшін.

3ds max-та төмендегі құрал-саймандар панельдері бар:

Main Toolbar-3ds max-тың жиі пайдаланатын әртүрлі құрал-саймандар орналасады.

Axis Constrains-объектілердің трансформацияларын осьтер бойынша бекіту үшін құрал-саймандар.

Layers-қабат менеджерімен жұмыс істеу үшін.

Reactor-объектілердің физикалық қасиеттерін еліктеу үшін құрал-саймандар

Extras-3ds max-тын қосымша құрал-саймандар орналасады.

Render Shortcuts-көрсетушілік үшін құрал-саймандар.

Snaps-байлауларды орнату үшін құрал-саймандар

Brush Presets-жаққышты баптау үшін құрал-саймандар

4 Проекция терезелер. Командалық панельдер. 3ds max-та файлдармен жұмыс істеу. Сахнаның ағымды қалпысын сақтау мен қалпына келтіру.Проекциялар терезелерінде жасалатын үш өлшемді сахна орналасады. Проекциялар терезелер үш өлшемді көріністерді жасау,редакциялау және бейнелеуге арналған жұмыс аймақтары болып табылады.Проекция терезесі мынадай элементтерден тұрады:

• проекция терезесінің тақырыбы,мысалы,Top,Front,Left,Perspective,Cameras және басқалары

• тор

• терезенің жақтаулары

• координаталар жүйесінің ауқымды өсі

• фондық сурет

Егер проекция терезесінің тақырыбында контексті менюін шақырып және Views команданы таңдасаңыз,онда проекция терезесінің көрінісін өзгертуге болады.Осы менюде Configure команда арқылы проекциялар терезелерінің жалпы конфигурациясын өзгертуге болады.

Командалық панелі үш өлшемді көріністерді жасау,баптау және редакциялау үшін жылдам қосалқы құралы болып табылады.Ол программа терезесінің оң бөлігінде орналасқан.Командалық панельді контекстік менюдің көмегімен көрсетуге немесе жасыруға болады.Ол үшін тышқанның меңзерін негізгі құрал-саймандар панелінің сол бөлігіндегі қосарлы вертикаль сызыққа тақап,тышқанның оң батырмасын шертіңіз.Содан кейін пайда болған менюде Command Panel команданы таңдаңыз.

Командалық панелі мынадай алты қосымша бетті құрайды:

Create-3ds max-тың кез келген кірістірілген объектілерін жасау үшін.

Modify-объектінің параметрлерін баптау және оларға модификаторларды тағайындау үшін.

Hierarchy-объектілердің иерархиясын баптау үшін.

Motion-анимацияны қарапайым түрде басқару үшін.

Display-объектілерді көрсету, жасыру немесе бекіту үшін құрал-саймандар.

Utilities-3ds max-тағы қосымша құрал-саймандар.

3ds max файлдармен жұмыс істеу үшін File бас менюі пайдаланылады. File менюінде мынадай командалар орналасады:

  1. New,Ctrl+N-3ds max-та жаңа сахналарды жасау үшін

  2. Reset-программаны үңсіз бойынша орнатылған бастапқы қалпына қайтару үшін

  3. Open,Ctrl+O-3ds max терезенің ішіне сахнаны немесе кейіпкерді жүктеу үшін

  4. Open Recent-соңғы 9 ашылған файлдардың тізімінен сахнаны жүктеу

  5. Save,Ctrl+S-сахнаны бірінші рет және содан кейінгі өзгертулерді сақтау

  6. Save as-сахнаны бірініші рет немесе жаңа атымен сақтау

  7. Save Copy As-сахнаны көшірмесін сақтау

  8. Save Selected-белгіленген объектілерді жеке файлда сақтау

  9. Set Project Folder-File Save As терезесі ашылған кезіндегі үңсіз бойынша таңдалған папканы орнату

  10. Xref Object-ағымдағы сахнаға байланыс объектілерді жүктеу

  11. Xref Scene-ағымдағы сахнаға басқа байланыс сахнаны жүктеу

  12. File Link Manager-AutoCAD-тың сызба файлдарын байланыстыру

  13. Merge-ағымдағы сахнаға басқа сахнадан объектілерді немесе кейіпкерлерді кірістіру

  14. Replace-ағымдағы сахнада .max немесе .char сыртқы файлнан сәйкс элементтерін ауыстыру үшін

  15. Load Animation-.xaf форматтағы анимациялық файлдарын жүктеу

  16. Save Animation-.xaf форматқа анимациялық файлын сақтау

  17. Import- Autodesk AutoCAD,Autodesk Inventor,3D Studio for DOS жасалған файлдарды импорттау үшін

  18. Export- 3 өлшемді сахнаны басқа форматқа,мысалы 3D Studio for DOS,Autodesk AutoCAD,Adobe Illustrator,VRML97 экспорттау үшін

  19. Export Selected-белгіленген объектілерді басқа форматқа экспорттау үшін

  20. Publish to DWF-деректерді Интернетте жариялау үшін DWF формтта сақтау

  21. Asset Tracking-барлық жұмыс станциялар арасында деректерде басқару және синхроизациялау

  22. Archive-сахна файлын сақтау және қысу үшін

  23. Summary Info-сахна бойынша толық статистикалық ақпаратты қарау үшін

  24. File Properties-файлдын қасиеттерін редакциялау және қарау үшін

  25. View Image File-графикалық файлдарды қарау үшін

  26. Exit-программадан шығу

3ds max терезесінде сахнаның ағымдағы қалпын сақтау үшін Edit-Hold(Ctrl+Alt+H) меню командасы арналған.Осы кезде сахна .mx кеңейтумен уақытша файлында сақталады.Содан кейін оның ішіндегісі 3ds мах терезесіне Edit-Fetch (Ctrl+Alt+F) меню командасы арқылы жүктеледі.