Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3ds max tolyk(tek 186-197kitaptan).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.46 Mб
Скачать

42. Камерадан көрініс терезені басқару. Көрсетушіліктін интерфейс элементтері. Көрсетушілік аймағын таңдау. Render Frame Window жəне Render Scene диалогты терезелер.

Камерадан көріністі проекция терезені басқару үшін қалып-күй жолындағы оң жағында орналасқан мынадай топ батырмалар пайдаланады:

Dolly Camera-камераны жақындату немесе алыстату.

Dolly Target-мақсатты жақындату немесе алыстату.

Dolly Camera+Target-камера және мақсатты жақыдату немесе алыстату.

Perspective-перспективалық көріністе камераны жақындату немесе алыстату.

Roll Camera-көз білік айналасында камераны айналдыру.

Zoom Extents All-камерадан көріністен басқа барлық проекция терезелерін масштабтау және орталау үшін.

Zoom Extents All Selected-камерадан көріністен басқа барлық проекция терезелерін масштабтау және орталау үшін, осында белгіленген барлық объектілер көріну керек;

Fied of View-камераның қарау бұрышын өзгерту үшін;

Truck Camera-горизонталь бойынша камераны тасу үшін;

Walk Through-камера терезесінде жүру үшін;

Orbit Camera-мақсат нүктесі айналасында камераны айналдыру;

Pan Camera-камера айналасында мақсат нүктесін айналдыру.

3ds max-та көрсетушілік өткізу үшін интерфейстік элементтеріне жататындар:

  1. Визуализатор-көрсетушілік процесін өткізетін арнаулы программа.

  2. Бас құрал-саймандар панельдегі көрсетушілік құралдары:

  • Render Scene батырмасы- Render Scene терезені шақыру үшін.

  • Render Type тізімі-көрсетушілік аймағын таңдау үшін.

  • Quick Render тіркелген панель-қорытынды немесе алдын ала көрсетушілікті тез жасау үшін.

3.Диалогты терезелер: Render Frame Window-көрсетушілік кадрларды жасау жүрісін бейнелеу үшін, Rendering- көрсетушілік жағдайын бейнелеу үшін, Render Scene-көрсетушілікті іске жіберу және баптау үшін, Render To Texture-Normal Mapping технологиясын пайдалану үшін.

4. Rendering менюі-көрсетушілік командаларына жалпы рұқсат беру үшін, ал F10 пернесі- Render Scene терезесін тез шақыру үшін, ал 0 пернесі Render To Texture терезесін тез шақыру үшін.

Көрсетушілік аймағы құрал-саймандар панелдегі Render Type тізімде анықталады.

Көрсетушілік аймақтардың түрлері:

  • View-активті проекция терезесі.

  • Selected-аймағына тек қана белгіленген объектілер түседі, қалғандары Clear батырманы басумен алып тастауға болады.

  • Region-рамканың ішіндегі аймақ.

  • Crop- Region аймағына ұқсас, бірақ рамкадан аймақ бейнеленбейді.

  • Browup-көрсетушілік кадрлар терезесіне дейін үлкейтілген.

  • Box Selected-габариттік контейнердің аймағы оған бейнеленген объектілер түседі.

  • Region Selected-камера аймағында көрінетін тек қана белгіленге объектілер.

  • Crop Selected-белгілеу габариттік контейнерде тек қана белгіленген объектілер.

Render Frame Window диалогты терезесі Render Scene терезедегі Render батырманы басу арқылы немесе бас құрал-саймандар панельдегі Quick Render батырманы басу арқылы экранда пайда болады. Терезе көрсетушілік кадрды жасау процесін бейнелеу үшін арналған. Терезе бас жолынан, құрал-саймандар панелінен, кадрды қарау аймағынан құралады.

Құрал-саймандар панеліндегі батырмалар:

  • Save Bitmap-растрлық форматында бейнені сақтау үшін.

  • Clone Rendered Frame Window-терезені клондау үшін.

  • Display Alpha Channel-тек қана қара-ақ түсі.

  • Monochrome-монохромды жасау.

  • Clear-қарау аймағын тазарту үшін; пиксель түсін таңдау үшін тізім мен батырма.

Render Scene диалогты терезесі Rendering-Render меню командасымен, бас құрал-саймандар панеліндегі Render Scene батырма арқылы, F10 перне басу арқылы шақырылады. Терезе көретушілік параметрлерін баптау үшін арналған. Терезе Production батырмадан-қорытындыны көрсетушілік, ActiveShade батырмадан-алдын ала көрсетушілік, Preset тізімен-көрсетушілік баптауларды сақтау және жүктеу үшін, Viewport тізімнен- проекция терезесін таңдау үшін, Render батырмадан- көрсетушілік процесін жіберу үшін және бас қосымша беттерден тұрады.

Render Scene диалогты терезесінің мынадай қосымша беттерден тұрады:

  1. Common қосымша бетінде көрсетушілік үшін жалпы параметрлер анықталады.

  2. Renderer қосымша бетінде активті көрсетушінің баптаулар орнатылады.

  3. Render Elements қосымша бетінде таңдалған элементтердің баптаулар орнатылады.

  4. Raytracer қосымша бетінде көрсетушілік үшін бет үстінде шағылу және сыну параметрлері анықталады.

  5. Advanced Lighting қосымша бетінде түзу емес жарықтарының параметрлерін баптауға болады.

43. 3ds max-тағы материалдар редакторы: құрал-саймандағы батырмалардың сипаттамалары, бояулардағы рендердің түрлері, Extended Parameters шиыршықтағы құрал-саймандарының міндеттері.

3ds max-тағы материалдарды жасау және оларды объектілерге тағайындау үшін арнайы Material Editor диалогты терезесі пайдаланылады. Оның көмегімен жаңа материалдарды жасауға және 3ds max-пен қосылған дайын материалдарды пайдалануға болады. Материалдар редакторды мынадай тәсілдермен шақыруға болады:

  • Бас құрал-саймандар панелінде Material Editor батырмасын шерту;

  • Rendering-Material Editor меню команданы орындау;

  • М пернені басу.

Материалдар редактордың терезсі мынадай интерфейстік элементтерден тұрады: меню жолы, материалдар үлгілермен слоттар, вертикальды және горизонталды құрал-саймандар панельдері, материалдар тізімі, шиыршықтар.

Extended Parameters шиыршығында мөлдірсіз типтерін баптауға, материалды көрсетушіліктеу Wire типін пайдалануда қаңқаның қалыңдығын және шағылысуды реттеуге болады. Шиыршықта мынадай топтар орналасады:

  • Advanced Transparency тобында:

-Falloff ауыстырып қосқыштар In-мөлдірлігі ішке қарай үлкейтіледі, Out-мөлдірлігі сыртқа қарай үлкейтіледі, ал Amt өрісте объектінің ішкі және сыртқы шекаралар үшін мөлдірлік деңгейін 0-ден 100-ге дейін анықтайды.

-Type ауыстырып қосқыштар түстер каналдар арқасында мөлдірлік материалдарды бейнелеу тәсілдерін беруге мүмкіндік береді: Filter-мөлдірлік объектінің артында орналасқан түсті бетімен Filter түсімен араластырады, Subtractive-мөлдірлік объектінің артында орналасқан беттің түсінен мәнін алады, Additive-мөлдірлік объектінің артында орналасқан беттін түсіне мәнді қосады.

- Index of Reftraction өрістің мәні мөлдірлік объектіден өту кезінде жарықтың сыну дәрежесін көрсетеді. Әр түрлі материалдардың типтері әр түрлі рефракция коэффициенттері болады. Сонымен қатар олардың мәндері мөлдірлік объектінің қалыңдығына тәуелді.

  • Wire тобында тор өлшемі анықталады. Size өрісте тордың өлшемі беріледі.ТОрдың өлшемі Pixels пиксельде немесе Units шарты бірліктерде өлшенеді.

  • Reflection Dimming тобында шағылысудың қарқындылық деңгейі анықталады. Осы параметрлер Apply жалаушасымен активтеледі, Dim Level-көлеңкенің ішінде шағылысу қарқындылығы, ал Refl Level-объектінің көлеңке бөлігінен тыс шағылысу деңгейі анықталады.