Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Аудит бағдарламасын дайындау

Қандай жұмыс болмасын оның оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама жасалуы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шісінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Бағдарламаның формасы мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмысының объектісіне байланысты аудит методологиясы мен аудит қолданатын техникалық әдісінің түріне қарай әр түрлі болады.

Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

  • тапсырушы субъектінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу;

  • есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау;

  • аудит мазмұнына бағдарлама жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау;

  • аудитор тобының жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды ұйымдастыру.

Аудит бағдарламасында шаруашылық субъектісінің есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден, есеп саясаты субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жұмысындағы материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтау әдісінің өндіріс процесінің есебін ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.

Екіншіден, есеп саясаты субъектісінің қаржылық отчеттарының мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін, салықтық есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп-анықтау жолын (әдісін) бекітеді.

Үшіншіден, есеп саясаты бухгалтерлік есеп процесінің құқылық негіздеріне; жаңа есеп жоспар заңына; тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субъектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.

Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күрделілігі аудит тобының жұмысына нақты талап, міндеттер қояды. Сондықтан, аудит жүргізуші өз жұмысының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет.

1. Аудиттің мақсаты: аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субъект шаруашылығына қандай экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтауы қажет. Сол үшін аудитор бухгалтерлік есептің нақты құжаттарына, отчеттарына зерттеу, талдау жасау арқылы субъектінің бухгалтерлік есебіндегі кемшіліктерді, экономикалық жұмысындағы кемшіліктерін атап көрсетіп, сол кемшіліктерді түзету жолын айтып, тапсырушы алдында сенімділікке ие болуы қажет.

Аудит мақсатында бухгалтерлік көрсеткішіне сараптау жасау, оның ішінде инвестиция тиімділігін, құнды қағаз операцияларын тексеру, айналым қаржысы операцияларының заңдылығын, қаржылық жағдайының тұрақтылығын тексеріп, тапсырушыға өзінің осы көрсеткіштерді жақсарту мақсатын баяндауға міндетті.

Аудит мақсатында – аудиторлық тәуекел (риск) ерекше орын алады. Онда аудитор аудитор тәуекеліне баға беруге міндетті. Негізінде, аудитор тәуекелі дегеніміз – аудит жұмысы біткеннен кейін анықталатын қаржы отчетында жіберілген қателер. Оның өзін аудит теориясында үшке бөледі:

- отчет құрамындағы тәуекел – ішкі аудит кемшілігіне сәйкес жіберілген қателерге байланысты аудит тәуекелі;

- ішкі аудит тәукелі – тәуекл бухгалтерлік отчеттарда жіберілген қателерге байланысты кемшіліктер;

- анықталмаған тәуекел – шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есепте дұрыс алынбау себебінен болатын тәуекел.

2. Шаруашылық субъектілерінің жұмыс бөлімдері және ондағы есеп жұмысы. Аудитор өз бағдарламасында тапсырушының шаруашылық жұмыс бөлімдерінің өндірістік немесе жалпы кәсіпкерлік ерекшелігіне байланысты, оның субъектіге табыстылық деңгейіне байланысты аудит жұмысы белгіленеді. Яғни, субъектінің негізгі бөлімдері тиянақты тексеруге алынады. Содан кейін, оның басқа жұмыс бөлімдерін тексеру бағдарламада өз алдына бөлек көрсетіледі. Әрине ол объектілер бір-бірімен байланысты тексеріледі. Соның нәтижесінде аудитордың бір жүйеге келген пікірі қалыптасады. Аудитор өз тарапынан жиналған ақпаратты сараппен талдау жасап өзінің аудиторлық қорытындысына негіз етеді.

Тексеру объектілеріне оған қосалқы объектілер дұрыс белгіленбесе аудиттік тексеру ақпараты да дәлелсіз, мағынасыз болады. Ол өз кезегінде аудитор қорытындысының сәтсіз болуына немесе түгелдей қате болуына әкеп соғады, яғни аудиторлық тәуекел пайда болады.

Бағдарламада объектілерді аудиторлық тексеру әдістері анықталады. Ол жаппай-түгелдей тексеру, іріктеп тексеру. Жаппай-түгелдей тексеру ол касса, банк операцияларына, аванс отчеттарына жүргізіледі. Сонымен қатар бағалы мүліктерге, материалдарға, тауарларға алғашқы есеп құжаттары арқылы түгелдей тексеру жүргізіледі. Іріктеп тексеру жалпы материалдар есебіне, еңбек ақы төлемін есептеу объектілеріне жүргізіледі.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 53-61, 63-70)

6-тақырып. Аудиторлық қорытынды

  1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі.

  2. Аудит отчетын жасау.

  3. Аудит қорытындысының түрлері.