Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті

Меншіктік капиталдың негізгі элементі болып табылатын жарғылық капитал деп шаруашылықтың құрылған кезінде оның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің бөлген мүліктерінің және қаржаттарының немесе құрылтайшыларының (салымшыларының) мүліктік үлесінің жиынтығын айтамыз. Жарғылық капиталдың нақты бағыты, атқаратын қызметі және қалыптасу тәртібі шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық нысанына негізделген.

Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың жарғылық капиталының орындайтын негізгі қызметін бөліп көрсету қажет. Біріншіден, ол шаруашылықтың қызметі үшін мүлікгік негіз болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден, жарғылық капиталды құру шаруашылықтың әрбір құрылтайшыларының (акционерлерінің) үлесін анықтауға мүмкіндік береді (пайыз). Өйткені оған жалпы жиналыста құрылтайшыларының дауысының саны және оған есептелген табыстың (дивидендінің) көлемі сәйкес келеді. Үшіншіден, жарғылық капитал қоғамньщ үшінші тұлғасының алдындағы міндеттемесін орымдауға кепілдік береді. Сондықтан заң актілерінде оның төменгі мөлшері белгіленген.

Жаргылық капиталдың бұл аталған қызметтері әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтарда қалай орындалатынына жеке тоқталып өтуді талап етеді.

Жоғарыда аталған жарғылық капиталдың үш қызметі толығымен тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесінің есебінен немесе жазылған акцияларына сәйкес қалыптасатын акционерлік қоғамда орындалады.

Жарғылық капитал мүліктік негіз бола тұра құрылтайшыларының қатысу пайызын, акционерлерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, несие берушілерінің алдында олардың толық қосқан үлестерінің ақшалай көлемін анықтайды.

Толық жауапкершіліктегі серіктестіктерде жарғылық капитал бар болғаны мүліктік негіз кызметін атқарады. Бұл жерде жарғылық капитал серіктестікті басқаруға қатысушыларының үлесін анықтамайды, өйткені бұндай серіктестік әрбір құрылтайшы қосқан үлесінің көлеміне қарамастан, бір ғана дауысқа ие. Жарғылық капитал, серіктестіктің несие берушілерінің мүддесі толық (шектеусіз) жауапкершілік жүктелген құрылтайшыларының мүліктерімен қамтамасыз етілгендіктен, кепілдік қызметін атқармайды.

Біз жоғарыда кысқаша шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардағы олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың атқаратын қызметіне қысқаша тоқталдық. Аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылыктардың ұйымдық-қүқықтық нысандарына қарай жарғылық капиталдың есебіне аудиторлық тексеру жүргізгенде, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тексерудің ауқымын толық қамтитындай етіп бағдарлама жасауға тиісті. Бағдарламада қаралатын басты мәселелерді және олардың ақпарат көздерін қоса қамтыған жөн. Жарғылық капиталдың есебін тексеру бағдарламасы мынандай негізгі мәселелерді қамтуға тиісті:

  • баланстың көрсеткіштерінің Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы шоттардың сипаттамасы келтірілген мәліметтерімен сәйкестігін тексеруге;

  • жарғылық капиталдың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуін тексеруге;

  • жарғылық капиталдың шаруашылықтың ұйымдық-қүқықтық нысанына сәйкес дұрыс қалыптасқандығын тексеруге;

  • шаруашылықты мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде және тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың қалыпттасу тәртіптерінің сақталғандығын тексеруге;

  • шаруашылықты мемлекеттік тіркеуден өткізгенде және тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібінің сакталғандығын тексеруге;

  • құрылтайшыларының жарналарының (үлестерінің) дер кезінде бағаланып, толық кіріске алынғандығын тексеруге;

  • шаруашылықтың қабылдаған жарғысында қаралған жарғылық капиталдың құрамының өзгеруінің (кему немесе арту) негізділігін және оның құрылтайшыларының (мүшелерінің, акционерлерінің) құжаттарында (хаттамаларында) дер кезінде енгізіліп расталғандығын тексеруге;

  • шаруашылыктың жарғылық капиталына салынған мүлікті және басқа мүліктік құқығын тексеруге;

  • күшіндегі заңдарда үкіметтің қаулы, қарарларында қаралған баптарымен және ережелерімен салыстырғанда қайшы келетін жарғылық капиталдың құрамында кездескен ауытқуларды жою және оның есебін жетілдіріп, жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға.

Бағдарламада қаралған басты-басты мәселелер тексеру барысында арнайы тестер жүргізу арқылы толықтырылып, пысықталып отырылады. Аудитор тексеру барысында анықталған факторларға байланысты бағдарламаға түзетулер енгізіп, аудиторлық тексерудің әдістерін белгілеп отырады.

Жарғылық капиталдың аудитінің келесі кезеңі оның қалыптасуының дұрыстығын тексеру болып табылады.

Аудиттің бұл іс-әрекетін жүзеге асыру үшін аудитор шаруашылықтың қашан, қай ауданда тіркелгендігін, құрылтайшыларының кімдер екендігін, жарғылық капиталдағы олардың үлесін және қалыптасу тәртібін анықтайды.

Жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі заң актілерімен және құрылтайшыларының құжаттарымен реттеледі. Меншік нысанына және шаруашылықтың шаруашылық жүргізу ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты олар әр түрлі болып қалыптасады. Мемлекеттік шаруашылықтардың жарғылық капиталы, шаруашылықтың өнім (жұмыс, қызмет) өндіру бағытына сәйкес құрылған сәтінде, олардың қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің бюджеттен бөлген қаржысын көрсетеді.

Мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың жарғылық капиталы құрылтайшыларының қосқан қаржыларының (ақшалай, материалдай ж.б.) есебінен қалыптасады, сондықтан бірнеше заңды және жеке тұлғалардың, акционерлік қоғамның құрылтайшыларының, серіктестіктердің және басқа да ұйымдық-қүқықтық шаруашылық нысанындағы ұйымдық меншік түрінде қалыптасады.

Егер серіктестіктерге қатысушылар мүліктерін тұтынуға берген жағдайда қосқан үлестерінің көлемі және қатысушыларының үлестері құрылтайшыларының құжаттарында көрсетілген серіктестіктердің бүкіл қызмет мерзіміне (егер құрылтайшыларының құжаттарында басқаша қаралмаса) бұл мүліктерді пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем ретінде анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтағы құрылтайшыларының үлестерін ақшалай өлшемде бағалау олардың өзара келісімі бойынша жүргізіледі. Заң актілерінің баптарына сәйкес ақшалай бағалау құрылтай шартына кол қомай тұрып жүргізілуге тиісті, яғни ол міндетті түрде тәуелсіз аудиторлық тексеруді талап етеді. Аудиторлық тексеру жүргізудің салдары құрылтай шартының күшін жоюына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Егер жарғылық капиталға құрылтайшыларының үлесі таза ақшадан құрылса, ондай жағдайда тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілмейді.

Аудитор шаруашылықтың капиталына нақты келіп түскен құрылтайшыларының ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына немесе кассага кіріске алынған күнін, негізгі құралдар, материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актілеріндегі немесе нысандардың шаруашылыққа келіп түскенін растайтын басқа да құжаттарының жасалған күнімен салыстырып мынандай мәселелерді анықтауға тиісті:

  • жарғылық капиталға заңды құжаттарында белгіленген мөлшерде шаруашылық тіркелгенге дейін құрылтайшыларының бәрінің қосқан үлестерін;

  • жарғылық капиталдың құрылтайшыларының құжаттарына және заң актілерінің талабына сәйкес қалыптасқанын;

  • жарғылық капиталға құрылтайшыларының қосқан үлестерінің қандай түрде жасалғандығын;

  • мүліктердің жарғылық капиталға үлес ретінде емес, тек ғана пайдалануға берген қатысушыларының үлестерінің көлемінің қалай анықталғандығын;

  • құрылтайшыларының үлестерін акшалай бағалау тәртіптерін, бағалаудың қандай жолдармен жүзеге асырылғандығын.

Аудитті аяқтаудың іс-әрекеттері жарғылық капиталдың есебінде күшіндегі заң актілерімен салыстырғанда анықталған ауытқуларға қорытынды жасап, оларды жою бойынша негізгі ұсыныстар жасау болып табылады. Егер аудитор анықтаған кемшіліктер онша елеулі емес, мемлекетке, меншік иелеріне және несие берушілерге ешқандай зиян келтірмейді деп санаса, онда ол қанағаттанарлық оң қорытынды беруіне құқы бар (аудиторлық бағдарламаға сәйкес баскада есеп нысандарын тексерудің нәтижесіне байланысты). Егер аудитор құрылтайшыларының құжаттарынан, сондай-ақ шаруашылықтың заңды қызмет істеп тұрғанына күмән келтіретін немесе мемлекетке, меншік иелеріне (акционерлеріне) және несие берушілеріне зиян келтіретін жарғылық капиталдың есебінде елеулі кемшіліктерге жол берілсе, онда ол шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың әкімшілігіне анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беруге тиісті.