
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмасымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
қаржы отчетын тексерудің мақсаты;
тапсырушылардың тексеруге ақпараттардың дұрыстығына жауапкершілігі;
аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
тапсырылатын аудит отчетының, аудит қорытындысының үлгісі;
жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
аудит жұмысының төлем ақысы, гонорары.
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын
орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері аталып көрсетіледі.
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, отчетта
рды уақытылы беру, қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.
Осы шартта аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына бірінші хаттама тіркеледі. Онда аудит жұмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжаты деп анықтайды.
Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері келісуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысында шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.
Аудит барысында шарттың орындалун тоқтату, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақытылы төлем жасаудан бас тарту, өз ара акционерлер арасында келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған себеп тапсырушы шарт талаптарын орындамаудан болады.
Аудит ұйымдары мен тапсырушылардың құқысы, міндеті, жауапкершілігі Қазақстан Республикасының “Аудит қызметі туралы” заңда анық көрсетілген. Осы заңның 16-шы бабында көзделген жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізу шарты келесі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей жасалады. Бұл туралы субъект аумақтық салық органын хабардар етеді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудит жүргізуге және де аудиторлық қызметке ақы төлеуге байланысты шығындарды субъект көтереді.
Жыл сайынғы міндетті аудит:
- банктер, банктік емес қаржы мекемелерінің, қор және тауар биржалары;
- сақтандыру ұйымдары, инвестициялық, зейнетақы, қайырымдылық қорлары мен өзге де қорлар;
- акционерлік қоғамдар нысанында құрылған өзге де кез келген ұйымдар;
- меншік нысанына қарамастан, өнім өткізуден (жұмыс атқарудан, қызмет көрсетуден) алған түсімі есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшерінен асып түсетін немесе есепті жылдың аяғында баланс активінің сомасы есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшерінен асып түсетін ұйымдар;
- шет ел қатысатын ұйымдар;
- ҚР аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары есептерінің дұрыстығы мен толықтығын растау үшін жүргізіледі.
Міндетті аудит сондай-ақ:
эмиссияны тіркеуге құжаттар тапсырғанға дейін бағалы қағаздар эмитенттері үшін;
мүлік кешендерін жалға немесе басқаруға беру, мемлекеттік кәсіпорындарды сенім білдіріп басқаруға беру, жекешелендіру және олардың меншік нысандарын басқаша да өзгерту кезінде;
шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық қорына салымның ақшалай бағалануына тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізу үшін;
субъектіні банкрот деп тану туралы мәселе қозғалған кезде жүргізіледі.