Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы

Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 17-бабында аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:

- бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге;

- нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал-мүлкін тексеруге;

- шаруашылық субъектілерінің барлық қызметкерлерімен аудит жүргізу барысында қажет болған материалды талап етуге, түсініктемелер алуға құқылы;

- аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан) мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;

- шаруашылық субъектілерінің банк счеттарындағы операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге құқылы.

Аудит заңында тікелей көрсетілмесе де олардың:

- өз бетінше аудит жүргізу әдісін, формасын анықтауға құқысы бар;

- аудит жұмысы барысында шаруашылық субъектісі тексеруге қажет құжаттарды бермей қойған жағдайда аудит жұмысын жүргізуден бас тартуға құқылы.

Шаруашылық субъектілері ретіндегі аудиторлардың міндеттері:

- Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына аудит туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жоғарғы сатыдағы біліктілік пен тиянақтылықты өте жоғарғы сатыдағы жауапкершілікпен аудиттік тексеру жүргізуге;

- тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса аудитор тапсырушыға жедел түрде хабарлауға міндетті;

- тапсырушылардан, үшінші жақтан тексеру барысында жасалған есептеу, анықтама жасауға арналған тағы басқа құжаттардың мұқият сақталуын қамтамасыз ету;

- тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық құпиялығын сақтау, үшінші жаққа мәлімет тек қана тапсырушының рұқсаты бойынша және Қазақстан Республикасының заңды талабына сәйкес жағдайда ғана беріледі;

- аудитор қорытындысы тек қана келісім-шарт бойынша көрсетілген тапсырушыға ғана беріледі.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 2. 48-54, 57-65)

3 - тақырып. Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы

1. Аудиттің стандарты және нормативтері

2. Аудит қызметінің этикасы

3. Аудиттің негізгі қағидалары.

    1. Аудиттің стандарты және нормативтері

Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.

Аудиттің стандарттары және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріліп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясының үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Оларды аудит процедурасымен бірдей деп санауға болмайды.

Стандартты, нормативтерді бұлжытпай орындау қажет, себебі бұл құжаттар аудит принциптерін толық орындауға, аудит тексеруін сапалы жүргізуге тікелей әсерін тигізеді. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның міндеті мен мақсатын орындайды.

Аудиттің стандарты және нормативтері деп «аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды» айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық ситуацияларына орынды баға беруге, аудитор қорытындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып, қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді:

1) жалпы стандарттар;

2) жұмыс стандарты;

3) ақпарат стандарты.

Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.

Аудит қызметінің даму жолында құқылық, міндеттілік жағынан аудит стандарты үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында аудиторлар Палатасының арнайы Комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отырып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазақстан Республикасының ұлттық аудит стандартын дайындайды. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылған 28 ұлттық стандарттың 12-сі қабылданды.

Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды:

1. Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері;

2. Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме);

3. Аудит қызметінің сапасын бақылау;

4. Құжаттау;

5. Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы;

6. Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандағы заңдылығы;

7. Ақпарат-жоспар;

8. Тапсырушының бизнесін (кәсіпкерлігін) білу;

9. Ішкі бақылау және күдіктілікті (риск) бағалау;

10. Аудитор дәлелділігі;

11. Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық.

12. Кәсіпорын басшысына берілетін информация.

Қабылданған «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттар еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсер тигізетіні сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]