- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
1. Аудит және экономикалық талдау
Аудит экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды. Аудиттің жеке методолгиясы экономика, ғылым саласының теориясының заңдылығын негізге ала отырып өз ерекшеліктеріне тән әдістер тобынан құралады. Оның бірі талдау – бұл ғылыми зерттеу әдісі, оның мақсаты негізгі объектінің құрамының, бөлшегінің мазмұн, мағынасын жекелеп анықтау. Өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады.
Талдау объектілерін жүйеге келтіріп оны құрайтын бөлімдерін топтау жүйелі талдау әдісі болып табылады. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі - талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап оларға әсер ететін факторларды талдап, олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіру. Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты анықтайды.
Аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы ақпаратының, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізетінін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дұрыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау бағдарламасын жасайды, ол үш этаптан тұрады:
қойылған мақсатқа толық және оптималды жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу;
талдау жасалатын информация базасын анықтау;
экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.
2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау тәсілдерін қарастырайық.
1). Ақпаратты оқу тәсілі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша ақпараттарға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.
2). Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау тәсілі. Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалық талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әр бір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептермен болғанын анықтап оны нақты ақша өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.
3) Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау тәсілі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің негізін анықтайды. Салыстырмалы талдауда бағдарлама көрсеткіштері кәсіпорын үшін орындалуға тиісті көрсеткіш пе? жоқ болмаса жыл бойында өзгертіле беретін көрсеткіш пе? – соны анықтау қажет. Осы орайда салыстырмалы талдау арқылы кәсіпорынның бағдарламада көрсетілген қаржы сметасының тиімді, орынды жаратылғанын, бағдарлама мақсатының орындалғанын анықтау қажет.
4) Коэффициенттік өлшем қолдану тәсілімен талдау. Коэффициент өлшемі статистика тілімен айтқанда экономикадағы құбылыстардың сапалылық деңгейін көрсететін өлшем. Мысалы, табыс-пайда коэффициенті, дивиденд коэффициенті т.б. сол сияқты өлшемдер. Инвесторлар акция сатып алғанда келешекте жұмсайтын капиталынан түсетін табыс мөлшерін есептейді. Яғни, инвестиция (жасаған) берген кәсіпорын табыс-пайдалы жұмыс істейтін болса, онда инвестор өзіне тиімді дивидендін алады. Осы көрсеткішті, акцияға алатын пайда коэффициентімен өлшейді, оны таза пайда сомасын барлық акция сомасына бөлу арқылы анықтайды.
Акцияның базардағы бағасымен бір акцияның пайда табу мөлшерін “баға-айда” коэффициенті деп атайды. Оның мөлшерін, көрсеткіштерін бір акция бағасымен оның пайда сомасын барлық акцияға бөлумен анықтайды. “Баға-пайда” коэффициентін акционерлік қоғамдар, инвесторлар өз кәсіпкерлігін басқаруда кеңінен қолданады. Осы көрсеткіштер арқылы олар өз акцияларының құнының өскенін немесе керісінше пайдалылығының төмендеуін көрсетеді.
Келесі коэффициент корсеткіші ол – “дивиденд төлем коэффициенті” кәсіпорынның ағымдағы пайда сомасынан дивиденд түрінде төленетін соманың мөлшерін көрсетеді. Бұл коэффициент дивиденд сомасын акция сомасына бөлумен анықталады. “Дивиденд табыстылығының коэффициенті” – ол дивиденд сомасының проценттік өлшемінің, акциясының базар бағасымен өлшеміндегі сомасына бөлу арқылы анықталады.
Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 211-225, 3. 156-167)
Глоссарий
Акциз – тауар немесе қызмет көрсету бағасына кіретін жанама салықтың түрі.
Аренда (жалға алу) – мүліктің жедел, өтелетін иелікке, пайдалануға берілуі. Мүлік жалға берушімен жалға алушыға арнайы жалға алу келісім-шарты негізінде беріледі.
Банк – ақша қаражатын шоғырлаушы және соның негізінде өз клиенттеріне несие беруші, ақша есеп берулері мен басқа да операцияларды жүргізуші несиелік-қаржылық ұйым.
Биржа – құнды қағаздар (биржалық қор), тауарлар (тауарлар биржасы), шетел валютасы (валюта биржасы) сатылатын нарық түрі.
Валюта – мемлекеттің айналымдағы ақша бірлігі.
Мемлекеттің сыртқы қарызы – шетел азаматтарына, кәсіпорындарға басқа да мемлекеттерге деген мемлекеттік қарыз.
Сыртқы сауда-саттық – мемлекеттің басқа да мемлекеттермен сауда-саттығы, тауарлардың енгізілуі мен сыртқа шығарылуын қарастырады.
Мемлекеттік меншік –меншік иесі ретінде мемлекеттің тұруын қарастыратын (органдары тұлғасында) меншік формасы.
Девальвация – валюта курсының ресми төмендеуі.
Табыс – уақыт бірлігінде келіп түскен ақша немесе түсім. Табыстың төрт негізгі формасы белгілі: рента, еңбек ақы, пайда және пайыз.
Еңбек ақы - жалданушы жұмысшымен алынатын ақшалай немесе натуралды түрдегі пайда.
Импорт – шетелде өндірілген тауардың (сырттан) елге енгізілуі.
Инвестициялау - өндіріс үрдісі және тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін, оларды тұтынушыға жеткізуге қажетті өндіріс құралдарын жинақтау. Қаражатты құнды қағаздарға құю.
Инвестиция - өндіріс шығындары және өндіріс құралдарын жинақтау мен материалдық қорды өсіру; экономикадағы капиталдың ұлғаюы.
Инновация – ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін қаражаттың экономикаға салыну үрдісі.
Инфляция – бағаның өсуі кезінде пайда болатын сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы; экономикадағы бағаның жалпы деңгейінің өсуі және ақша айналым жолдарының толуы. Сұраныс және ұсыныс инфляцияларын, біркелкі, шоқырақтаушы, және гиперинфляцияларды айырымыз.
Лизинг – негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға беру. Лизинг компаниялары құралдарды жалға беру үшін оларды көптеп сатып алады.
Лицензия - белгілі экономикалық қызмет жүргізуге үкіметтің мемлекеттік және жергілікті органдарымен берілетін рұқсаты.
Салық – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Ғылыми- технологиялық прогресс – ғылым және техника жетістіктерімен енгізілетін базаның қызмет сферасы мен барлық кәсіпорын жақтарының үздіксіз жетілдірілуі.
Ноу-хау – өндірісті ұйымдастыру мен тауарларды реализациялау үшін қолданылатын ғылыми-иехникалық және экономикалық білімдермен қоса, өндірістік және шаруашылық тәжірибе, арнайы дағды.
Кәсіпкер – табыс алу үшін тәуекел мен қорқынышқа баратын нарық қатынастарының жеке субъектісі.
Кәсіпкерлік қызмет – табыс алуға бағытталған азаматтардың дербес инциативалық қызметі.Табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қосу кәсіпкерлік қызметтің басты мәні болып табылады.
Резидент – белгілі бір елде тұрақты орналасқан заңды ұйым немесе жеке адам; салық салу және реттеу режимі резиденттерге де толық дәрежеде қатысты.
Меншік – мүлікті қолдану және басқару, иемдену категориясы;мүлікті иемдену,қолдану себептердегі экономикалық қатынастар жүйесі.
Субвенция – қаржылық көмек формасы, экономика, аймақ, кәсіпорын жеке салалары немесе оның иесі үшін жәрдем.
Кеден баж салығы- мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алатын ақшалай алым.
Тариф – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.
Тендер – тауарларды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін мәміленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.
