Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті

Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелеріне, қысқа мерзімге алынған банк несиелері мен банктен тыс мекемелерден алынған мерзімді займдар, сондай-ақ ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, төленуге тапсырылған шоттар мен вексельдер, алынған аванстар, есепті жылдың салық бойынша қарыздары, төленуге тиісті дивидендтер, негізгі шаруашылық серіктестіктері мен еншілес (тәуелді), бірлесіп бақыланатын серіктестіктер арасындағы өзара берген қарыздары, акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының қарыздары, өзге де несиелік қарыздар, алдағы кезендердің табыстары, төтенше жағдайларға байланысты төлемдер және шығындарды төлеу жатады.

Аудитор ағымдағы міндеттемелердің элементтерімен танысқаннан кейін, олардың шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінде алатын орындарына қарай жеке-жеке қарастыруды жүзеге асыруы керек.

Қысқа мерзімді банк несиелерінің және займдарының есебінің аудиті.

Қысқа мерзімді банк несиелері бір жылға дейінгі мерзімге беріледі. Яғни, есепті жылдың соңына дейін берілетін несиелер жатады, мәселен артылып жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін, ол нақты құжат айналым уақытына тең болғандықтан, 30 күннен аспауға тиісті. Шаруашылықтың қысқа мерзімге банктен несие алуға ғана емес, сондай-ақ банктен тыс мекемелерден осындай мерзімге займдар алуына да құқық берілген.

Қысқа мерзімді несиелердің, займдардың аналитикалық есебі несиелердің займдардың түрлері оларды берген банктер, мекемелер және басқа да несие берушілермен жүргізіледі.

Банктің сенімді клиенттерге олардың шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығынан жоғары сомаға берілген қысқа мерзімді несие түрі - овердрафт және мерзімінде өтелмеген банк несиелері жеке көрсетеді.

Қысқа мерзімді займдар көбінесе вексельдер түрінде коммерциялық несие және серіктестіктерге берешек қарыз міндеттеме сипатында болады.

Алынған қысқа мерзімді несиелердің және займдардың субъектінің есепті кезеңге жасаған балансында дұрыс көрсетілгендігіне аудит жүргізгенде, аудитор алдымен мынандай мәселелерді анықтап алуға тиісті:

  • несие қандай мақсатқа жұмсалған және бұл мақсаттардың несие алу шартының талаптарына сәйкестігін;

  • несиені қамтамасыз етуге немесе кепілдік құрамына енген субъектінің активтерін;

  • несиенің толық және дер кезінде сөндірілгендігін (банк көшірмесі бойынша);

  • жасалған шартқа сәйкес несиеге қойылған пайыздардың дұрыс төленгендігін;

  • несие қойылған пайыздың өнімінің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дұрыс ендірілу ережелерінің сақталғандығын;

  • басқа мекемелерден, ұйымдардан алынған займның заңдылығын және негізділігін, олардың уақтылы толық және дер кезінде сөндірілгендігін.

Аудитор ағымдағы міндеттеменің негізгі бөлігін құрайтын, әрі жиі кездесетін несиелік борыштар операцияларын мұқият тексеруге тиісті.

Несиелік борыш бұл субъектінің заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға, азаматтарға төлеуге тиісті міндеттеме (қарыз) сомасы.

Несиелік борыш қарыз сипаты бойынша дұрыс және ақталмаған деп бөлінеді.

Дұрыс несиелік борыштар деп шаруашылықтың бизнес жоспарының орындалу барысымен, сондай-ақ қолданыстағы есеп айырысудың нысандарымен белгіленген бөлігін айтамыз. Оған жататындар, мәселен, төлеу мерзімі жетпеген жабдықтаушылармен акцептелген есеп айырысу құжаттары бойынша мерзімі өтпеген борыштар.

Ақталмаған несиелік борыштар деп, қаржы органдарымен мерзімі өтіп кеткен борыш, бюджеттен есеп айырысу бойынша шаруашылықтың жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу бойынша жабдықтаушыларға мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары ж.б. бойынша.

Несиелік борыштардың нақтылығын анықтау үшін дебиторлық борыштардың аудитінің әдістемесін қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.

Несиелік борыштарға аудиторлық тексеру жүргізгенде аудитордың басты міндеттері:

  • төлем тәртібін сақтау ережелерін, есеп айырысу кезінде қолданылған бағаның (тарифтың) негізділігін, есеп айырысу қаржыларының сақталуын тексеру;

  • шаруашылықтың балансында көрсетілген несиелік борыш сомасының нақтылығын, заңдылығын және негізділігін тексеру;

  • есеп айырысуларды ретке келтіру, несиелік борышты төмендету бойынша ұсыныстар жасау;

Несие берушілер мен есеп айырысудың жағдайын бақылауды тиімді ұйымдастыру, келісім және есеп айырысу тәртіптерін нығайтуға, тапсырыс берілген түр-түріне және сапалы өнім сату бойынша міндеттемені орындауға, төлем тәртібін сақтаудың жауапкершілігін арттырура, несиелік борыштарды қысқартуға және субъектінің қаржы жағдайын жақсартуға ықпал жасайды.

Шаруашылықтың несиелік борышын тексерген кезде, аудитордың басты мақсаты баланста көрсетілген оның көлемінің (шамасының) дәлдігін және дұрыстығын анықтау болып табылады. Бұл үшін, ол баланстағы мәліметтерін Бас кітаптағы, журнал-ордердегі, ведомостардағы және басқа да есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы жазуларымен салыстыруы қажет.

Аудитордан несиелік борыштардың жағдайын тексерудің сәйкес құжаттары бойынша шоттарындағы қалдықтарын және көрсетілген сомаларының негізділігін анықтап, мұқият тексеруді талап ететін несие және міндеттеме бойынша есеп айырысуды жабдықтаушылармен, мердігерлермен, жұмысшы кызметкерлермен, бюджетпен және тағы басқаларын түгелдеу материалдарынан бастап, қажет болған жағдайда түгелдеу жүргізуді талап етеді. Түгелдеу жүргізген жағдайда аудитор және түгелдеу комиссиясының мүшелері несиелік борыштың пайда болу мерзімін және онын нақтылығын анықтайды.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеруден бастап аудитор, жоғарыда аталғандай, несие берушілермен өзара салыстыру (түгендеу) жүргізу қажет. Өзара салыстыру, есеп айырысудың жағдайы туралы қатынас сауалнама арқылы, оған тексерудегі субъектіге тиісті борыштарға көшірме-түсініктеме тіркеліп жүргізіледі.

Қатынас сауалнамалар, егер шоттарда қомақты сомалар көрсетілсе немесе жабдықтаушылардың сатып алушылардан талап еткен шоттары даулы болган жағдайда растау үшін қолданылады.

Қатынасқа шоттардағы қалдықтары туралы немесе егер олардағы қалдықтары едәуір болса шот-фактуралардағы мәліметтері енгізілуі мүмкін. Қатынас-растау шаруашылықтың бланкісінде толтырылуы мүмкін. Қатынасты алған шаруашылық растаған сомасын ғана көрсетеді. Бұндай қатынас растау жабдықтаушыларға екі дана етіп жіберіліп, бір данасы аудиторға қайтарылады.

Несиелеушілермен есеп айырысуды түгелдеудің нәтижесіне акт толтырады. Актіге келісілмеген несиелік борыштар және талап ету мерзімі біткен несиелік борыштар сомасы көрсетілген. Бұл қарыздардың түрлері бойынша түгелдеу актісіне, несиелеушілердің мекен-жайы, аталуы, борыштар сомасы, не үшін борыштар екені, қай уақыттан бері және қандай құжаттардың негізінде екені көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуларды тексеруді ұйымдастыруды мынандай бағдарлама бойынша жүзеге асырудың маңызы зор:

  • сатып алынған тауарлы-материалдық қорлардың қолда барлығын және құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексерудің;

  • алынған тауарлы-материалдық қорлардың саны және сапасы бойынша қойылған шағым-талаптың дұрыс дер кезінде құжатталғандығын, оның негізділігін тексерудің;

  • құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыстың /қызмет/ толықтығын және дер кезділігін тексерудің;

  • жабдықтаушылармен және мердігерлерге несиелік борыштың дұрыстығын, нақтылығын және заңдылығын тексерудің;

  • вексельді қолданып жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың және жабдықтаушыларға қосылған құнға салынған салықты (ҚҚС) қайтару тәртіптерінің дұрыс жүзеге асырғанын тексерудің;

  • шоттар корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін, аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің.

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың бағдарламасын жасай отырып, осы бағыттағы ішкі аудиттің жұмысына қаншалықты сүйенуге, сенім артуға болатындығына талдау жасап, ішкі бакылаудың тиімділігін және жағдайын анықтауға тиісті. Бұндай жағдайда арнайы тест жүргізу әдісін қолдану қажет. Тест жүргізудің нәтижесінде жинақталған мәліметтер бойынша жабдықтаушылар мен есеп айырысу операцияларының есебінің жағдайы және ішкі бақылауды ұйымдастыру қандай денгейде екенін анықтауға мүмкіндік алады.

Тәртіп бойынша жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу қолма-қол емес, есеп айырысу жолымен жүзеге асырылады.

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексерген кезде, жасалған операцияларының қүжаттары бойынша негізділігін анықтауға, құжаттарының нағыздылығына және олардың дұрыс толтырылғандығына көз жеткізуге, дәлелді құжаттарына назар аударуға, ал кейбір жағдайларда қарама-қарсы тексеру жүргізуге, қажет болған жағдайда банктен құжаттарының көшірмесін сұратып алуға тиісті. Кейде акцептеліп байланыс бөлімшелерінен аударылған ақша қаражаттарының құжаттары жойылып, шығыска шығарылған соманы басқа субъектілермен өзара есеп айырысуға жатқызылуы да мүмкін.

Егер аудитор есеп мәліметтерімен жабдықтаушылардың құжаттарындағы мәліметтерден жоғарыда келтірілген сәйкессіздіктерді анықтаса, онда ол тиісті әдістерді қолдана отырып (ізіне түсу, салыстыру) оның себебін анықтауға міндетті.

Несиелік борыштардың нақтылығын тексеру аудитордың маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып табылады, өйткені несиелік борыштар мен операцияларды нақты ақшамен сөндіру (қайтару) залымдыққа, талан-таражға салуға және қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін бұрмалауға мүмкіндік береді.

Аудитордың осыған ұқсас іс-әрекеттердің кездесетіндігін жоққа шығармай, есінде сақтағаны абзал. Залымдықтың өте елеулі көлемі сатып алу операцияларын жүзеге асырған кезде туындауы мүмкін. Бұндай оқиғалар әсіресе ауылшаруашылық өнімдерін және дайындау-сатып алу ұйымдарынан тұтыну кооперация мекемелері шикізатты сатып алған кезде мүмкін болады. Сатып алу, дайындау кезіндегі жол берілген тәртіп бұзушылықтар мен кейбір күрделі операциялардың аудиторлық іс-әрекеттердің көмегімен ашылуы мүмкін емес.

Ағымдағы міндеттемелердің аясындағы залымдық және қате жіберу іс-әрекеттері ағымдағы активтердің дәл осындай іс-әрекеттеріне қарағанда едәуір өзгеше. Жалған құжаттар жасап, мерзімі өтіп кеткен несиелік борыштарды сөндіреміз деген сылтаумен кассадан ақша алып, басқа мақсатқа жұмсалуы да мүмкін.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша операцияларды қадағалап отырып, аудитор бухгалтерлік корреспонденциялардың дұрыс жасалғандығын тексеруге міндетті.

Өндіріс айналым шығындарының есебін жүргізетін шоттарда көрсетілген операцияларға ерекше назар аудару қажет, өйткені өнімнің өзіндік құнына, шаруашылықтың қаржылық нәтижесіне әсерін тигізетін көптеген қателер жасырынып қалады.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 178-201, 3. 147-152)

13-тақырып. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану.

1. Аудит және экономикалық талдау

2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері