
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
Аудит жұмысының құқығы аудит заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы» заңы шықты. Сонымен аудит жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз (дербес) қаржылық бақылау саласы құрылып оның негізгі мақсаты мен міндеті мемлекет және меншіктегі кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау болып анықталады. Бұл заңның күші Қазақстан Республикасының көлемінде барлық шаруашылық субъектілері үшін меншіктік формасына қарамастан бірдей құқылы.
Аудитор заңы алты тарау, жиырма төрт баптан тұрады. Бірінші тарауында аудитке түсінік берілген, оның мазмұны мен мағынасына, аудитор көмекшісіне, аудитор фирмасына, аудит жұмысына түсініктеме берілген. Аудит жұмысын кәсіпкершілік, ол тапсырушылардың талабына сай тексеру жүргізіп және басқадай қызмет көрсетеді деп анықтама берген.
Екінші тарауында аудит дайындау, оларды аттестациядан өткізу тәртібі анықталған.
Үшінші тарауда аудит жүргізу тәртібі және басқалай түрлі қызмет көрсету анықталған. Осы тарауда аудитор қызметін атқару үшін біліктілік куәлігі бар адам ғана аудитор кәсіпкерлігімен айналысады. Ол маман жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет екені анықталған.
IV, V және VI – тарауында аудитордың құқы, міндеті және жауапкершілігі көрсетілген. Оның ішінде ерекше аудитор фирмасының және тапсырушылардың жауапкершілігі мен аудитор палатасына түсінік берілген.
Аудитор палатасы – ол дербес, тәуелсіз қоғамдық бірлестік. Аудитор палатасы ерікті түрде өз құрамына аудит фирмаларын және жеке аудиторларды біріктіреді. Аудитор палатасы “Біліктілік комиссиясын” құрады. Аудитор палатасының негізгі атқаратын қызметі ол Қазақстан Республикасының көлемінде аудиттің методикалық құжаттарын дайындап, даму жолын қарастыру. Сол мақсатпен ол аудит стандарттарын дайындау, методикалық ереже-нұсқаулар шығару, аудит мамандарын дайындау, аудитор фирмалары мен аудиторларды есепке алу және олардың жұмысына бақылау жүргізеді, кездесетін келіспеушілік жұмыстарын, аудиттің сапалылығын, аудитор қорытындыларының нәтижесін есепке алумен айналысады.
Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі – ол аудиторлар және аудит фирмалары деп көрсетілген.
Аудитор – ол, мамандандыру, біліктілік комиссиясының шешімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам. Куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Аудиторлар – аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық қызметін жеке немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді.
Аудитор фирмасы – ол шаруашылық субъектілеріне аудит қызметін көрсететін мекеме. «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңының үшінші бабында «мемлекет заңы мен нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес келісім-шарт бойынша белгіленген төлем үшін аудиторлық тексеру, сараптау, аудиторлық түсініктеме беру, бухгалтерлік есебіне, табыстылық көрсеткіштеріне, салық есептеу-төлеу, құқылық аспектісіне, банк операцияларына, әлеуметтік қамсыздандыру, экология проблемасын қарастыру, маркетинг жұмысына, қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, келешектегі қаржылық деңгейіне болжау жасау, өндіріс процесінің ұйымдастыруына талдау жасап, оның тиімді даму жолдарын анықтап, шаруашылық субъектілерінің нарықты қатынас экономикасының қарсаңында олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін анықтап, аудиторлық қызмет көрсету» - делінген.
Аудит фирмасы әр түрлі меншіктегі қорлар негізінде құрыла береді. Оның негізгі мақсаты кәсіпкерлер арасында шаруашылықтағы басқаруға қажет дұрыс, мүлтіксіз, сенімді информациялармен қамтамасыз ету. Олар өзара қарым-қатынасын сенімді жүргізу үшін аудитор олардың шаруашылық процестерінің заңдылығын, мемлекет тарапынан шығарылған нормативтік ереже-нұсқауларды мүлтіксіз орындайтындығын, қаржы операцияларының тиянақты, сенімді түрде жүргізілетіндігіне өз тарапынан аудит принциптеріне негізделген жазбаша түрінде өзінің қорытындысын беруі қажет. Ол аудитор қорытындысы кәсіпкерлер үшін кепілдік информация болады..
Аудит фирмасы осы анықталған негізгі мақсатын орындау үшін әр түрлі кәсіпорындармен келісім-шарт жасау және нақты төлем арқылы олардың қаржылық шаруашылық жұмысына аудиторлық тексеру жүргізеді.