Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті

Міндеттеме дегеніміз – тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау, мәселен мүлікті беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа белгілі бір іс-әрекеттен бас тартуы, ал несие берушінің борышкердің оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар деген анықтама берілген.

Міндеттеме өткен келісімінің немесе өткен оқиғаның нәтижесі болып табылады. Пайда болуына қарай ұзак мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің қатарына жататын банк несиелерінен банк мекемелерінен тыс алынған займдарға тоқталып өтуді талап етеді.

Ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге алынған несиелерде, займдарда белгілі бір мақсатты шығындарға алынады.

Ұзақ мерзімді банк несиелері әртіп бойынша бір жылдан жоғары мерзімге, жаңа технологияны өндіріске ендіруге күрделі құрылыс нысандарын салуға, өндірісті ұлғайтуға, өнімділігі жоғары қымбат жабдықтарды сатып алып, өндірісті қайта жарақтандыруға және басқа күрделі каржы салымын талап ететін бағдарламалар бойынша мақсатты шығындарға беріледі. Қысқа мерзімді несиелер шаруашылықта уақытша қаржы тапшылығынан шығу үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Аудитор жалпы банк пен шаруашылықтың арасындағы несие беру және алуға байланысты қатынасты қамтамасыз ететін ережелердің сақталуымен танысқаннан кейін несие беру, оларды құжаттау, сөндіру мерзімі (қайтару) банк ережелерімен және несие шарттарымен реттелгендігіне, онда несиенің мақсаты, мерзімі, қойылатын талаптары, несиені беру, оны сөндіру (қайтару) тәртіптері, міндеттемені қамтамасыз ету жолдары, пайыздық қойылымдары, олардың төлену тәртіптері, тараптарының құқықтарымен жауапкершіліктері, құжаттарының тізімінің банкке тапсырылу кезеңдері және басқа да жағдайларының қаралғандығына назар аударуы қажет.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудитінің маңызды іс-әрекеттері несие және алынған ссуда үшін пайыздарының дұрыс төленуін тексеру болып табылады.

Аудитор, сондай-ақ шаруашылықтың банкке қайтаруға тиісті қайтарылмаған (сөндірілмеген) несиелердің (ссуданың) қалдығымен қосып несиенің пайызын көрсетуге (ол туралы есеп жүргізу саясатына жазылуы қажет) шешім кабылданғандығын анықтауға тиісті. Егер жоғарыда көрсетілген тәртіп қабылданса, онда несиеге жасалған шартқа сәйкес тексеруге тиісті. Есепті кезеңнің соңындағы пайызының сомасын ұзақ мерзімді міндеттемелер есебінің шоттарының кредиті бойынша банк несиелері және пайыздары бойынша пайыздарын төлеу шығындарының есебінің тиісті шоттарымен корреспонденцияда көрсстеді.

Аудитор тексерген кезде несиені (займды) шаруашылықтың берген вексельмен қамтамасыз етілсе, ұзақ мерзімді несиелер және займдар шоттарынан шығысқа шығарылмай, вексельдік операциялар есебінің тәртібіне сәйкес көрсетілгенін ескеруі қажет.

Аудитор бұл шоттағы операциялардың туындау салдарын оның дұрыс көрсетілуін және шоттың дебетіндегі немесе кредитіндегі қалдығының негізділігін тексеруге тиісті.

Банк мекемелерінен тыс басқа да шаруашылықтардан, мекемелерден жене ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді займдарға тексеру жүргізген кезде аудитор уақтылы қайтарылмаған займдардың себебін анықтап, тараптарының жасаған шарттарындағы қаралған міндеттер және жауапкершіліктер орындалмаған жағдайда, жеке тармақтарға жіктеліп көрсетілгендігіне талаптардың мазмұнымен танысып, шаруашылыққа келтіретін оның салдарына талдау жасауға тиісті. Шартта қаралған міндеттемемен жауапкершіліктің орындалу себептерін пысықтай түсу үшін аудитор займ берушіге сұрау салып, олардан алынған мәліметтермен салыстырып, растығына көз жеткізу керек. Аудитор бір мезгілде шаруашылықтың басқа да шаруашылыктардан алынған займдарының заңдылығына, негізділігіне оларды мерзімінде өтеудің (қайтару) сақталуына назар аударуға тиісті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]