
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
Резервтік капитал (қор) күшіндегі заң актілерінің баптарына сәйкес және құрылтайшыларының құжаттарында қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың күтпеген шығындарын (зиянды) жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысы жетпеген жағдайда инвесторлардың табысын төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы. Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың тұрақты жұмыс істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады. Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемесін орындайтындығына олардың сенімін арттырады.
Резервтік қапиталды құру міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде - шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 1996 жылғы 12 қарашада №2 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген каржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негіздемеде резервті құру шаруашылықты және иесие берушілерін зиян шегудің салдарынан қосымша қорғау үшін жарғысында немесе заңда қаралады деп атап көрсетілген.
Егер құрылтайшыларының құжаттарында резервтік қор құру қаралмаса, онда шаруашылыққа өз еркімен қор құруына рұқсат етілмейді.
Акционерлік қоғам және басқа да ұйымдық қүқықтық нысанда құрылған субъектілерге Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде резервтік қор құру қаралса, резервтік капитап бабы бойынша құрылтайшыларының құжаттарында жарияланған жарғылық капиталдың кемінде 15% мөлшерінде резервтік капиталға бөлініп жинақталған сомасын көрсетеді. Резервтік капитал қоғам мемлекеттік тіркеуден өткізілген кезден бастап екі жылдың ішінде қалыптастырылуға тиіс. Қоғамның резервтік капиталы қоғамның таза табысынан жыл сайын қаржы бөлу жолымен қалыптастырылады. Жыл сайын бөлінетін қаржының мөлшерін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы белгілейді.
Тұтынушыларға құрылған резервтік қор және оның көлемі туралы ақпарат маңызды болғандықтан, аудитор құрылтайшыларының /акционерлерінің/ оған табысты бағыттау және оның мөлшері туралы кабылданған шешімді, сондай-ақ резервтік капиталдың есебінен шаруашылықтың шеккен зиянын шығысқа шығарып жабудың негізділігін анықтауға тиісті. Аудитор тексеру барысында мынандай мәселелерге назар аударып анықтауга тиісті:
резервтік капиталды құру тәртіптерінің сақталғандығын;
резервтік капиталдың жарғылық капиталмен салыстырғанда мөлшерінің сақталғандығын;
резервтік капиталдың есебінен жабылған шығындардың заңдылығын;
резервтік капиталдың есебінен төленген дивидендтерді және олардың құрылтайшыларының құжаттарында қаралғандығын;
резервтік капиталдың баланстағы көрсеткішінің Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы мәліметтеріне сәйкестігін;
резервтік капиталды тиімді пайдаланудың резервтерінің құрастыру бойынша ұсыныстар жасауға.