Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру

«Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында меншіктік капитал - бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің №2 стандартында меншіктік капиталға: жарғылық, резервтік төленбеген, косымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсетілген. Демек, бұл аталғандар меншіктік капиталдың элементтері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдык-құқықтық нысандағы субьектілер көрсетілген:

1) мемлекеттік ұйым;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) өндірістік кооперативтер;

4) шаруашылык серіктестіктер.

Аталған ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтардың құрамын анықтап оларға қысқаша тоқталуды талап етеді. Өйткені олардың өзінің ішкі жіктелуі шаруашылықтың меншіктік капиталының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мемлекетгік шаруашылыққа өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін, «Шаруашылық иемдену құқығына негізделген мемлекеттік шаруашылық» және Қазақстан Республикасының үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылған, оралымды басқару құқығына негізделген» мемлекеттік шаруашылық (қазыналық кәсіпорын) жатады. Қазыналық шаруашылықтың қызметі оның жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасы немесе қазыналық кәсіпорын құру жөнінде шешім қабылдағаны туралы жергілікті, аймақтық әкімшілік оның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

Коммерциялық емес ұйымдарға: қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер және қауымдастықтар (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарда аудитті ұйымдастыру мәселелерінің жалпы көп жағдайлары ортақ.

Өндірістік кооперативке бірлескен кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік пайларын (үлестерін) біріктіруіне негізделген азаматтардың ерікті бірлестігі жатады.

Шаруашылық серіктестіктеріне толық серіктестік, коммондиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам жатады.

Толық серіктестіктің катысушылары, оның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері үшін тиеслі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады.

Коммандиттік серіктестіктік - келісім-шарт негізінде біріккен кәсіпкерлік қызымет жөніндегі бірнеше іскердің бірлестігі. Толық серіктестіктен айырмашылығы мұнда мүшелердің бір тобы ғана толық серіктестік болып табылады. Олар өздерінің барлық мүлкімен толық жауапкершілікті мойнына алады. Олардан басқа салым салушы мүшелер серіктестікке тек өздерінің салымдары көлемінде ғана шектелген мүліктік жауапкершілікке ие, жалпы мүлікке үлес меншігі қүқығы барлық мүшелеріне ортақ болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) жарғылық капиталы құрылтай құжаттары белгілеген үлестерге бөлінген серіктестіктердің мүшелері ЖШС міндеттемелері үшін жауап бермейді және өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде серіктестік қызметінде шеккен зияндар тәуекелдігін көтереді.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің мүшелері оның міндеттемелері үшін өздерінің жарғылық капиталындағы салымдарымен, ал егер жарғылық капиталдағы салымдар жеткіліксіз болған жағдайда өздерінің қосымша салған салымдарымен тиесілі мүліктеріне жауап береді.

Акционерлк қоғамның (АҚ) құрылтайшылары өздерінің акцияларын басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады. АҚ өзі шығаратын акцияларға ашық жазылу жүргізуге және қолданылып жүрген заңда белгіленген шарттармен ашық сатуға құқылы.

Бұл аталғандардан басқа, шаруашылық серіктестіктеріне акциялары ұйымдастырылған құнды қағаздар рыногында жоғары сұранысқа ие, шаруашылық серіктестіктің, субъектінің жарғылық капиталындағы салымының басымдығына қарай не өзара жасасқан шартқа сәйкес немесе серіктестіктің қабылдаған шешімдеріне ықпал етіп түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берілген «Еншілес шаруашылық серіктестік» және дауыс беруші акциялардың 20 пайызына ие басқа (қатысушылары басым) заңды тұлға «Тәуелді шаруашылық серіктестік» жатады.