
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Күшіндегі заң актілеріне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер ақша каражаттарын қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі сәйкес шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылықтың банк мекемелері аркылы ақша қаражаттарының есеп айырысу операциялары есеп айырысу, валюталық, ағымдағы, ашылған аккредивтерде және басқа да шоттарда сақтауға, ұзақ және қысқа мерзімді несиелер алуға, олардың сөндірілуіне және қайта толықтыруларына міндеттемелер жөніндегі басқа заңды тұлғаларға ақша аудару жолымен жүзеге асырылатын төлемдерге, шоттардағы жаңылыс немесе қате жазылған жазулар бойынша қызмет көрсететін банк мекемелеріне шағым талап жасауға байланысты туындайды.
Банктерден шот ашу, оны рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ нақты ақшасыз есеп айырысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтаған нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіптің негізінде реттеледі.
Банктегі ашылған шоттар арқылы шаруашылықтың тапсырмасы өтініші бойынша нақты ақшасыз жүзеге асыратын операцияларға аудиторлық тексеру жүргізерде, аудитордан банк операцияларының ерекшеліктерімен талаптарын ескере отырып бағдарлама жасау талап етіледі. Бағдарламада қаралатын басты мәселелер түгелдей қамтылуға тиісті. Тексеру барысында бағдарламаға толықтырулар және өзгерістер енгізіліп отырылады. Банк операцияларының аудиті мынандай басты мәселелерді қамтиды:
есеп айырысу, валюталық ағымдағы және басқа да шоттардың қандай банк мекемелерінде ашылғандығын анықтауды;
есеп айырысу, валюталық ағымдағы және басқа да шоттарды ашуға байланысты банк мекемелеріне табыс етілген құжаттарының шоттарды ашуға берілген өтініш; қойылатын қолдар мен мөр таңбалары үлгілерімен карточкалары, шаруашылықтың салық есебіне тіркеу дерегін растайтын салық қызметі органдарының анықтамасы; мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі; жарғы көшірмесі; кұрылтайшыларының саны бірден асқан жағдайда құрылтай шартының көшірмесі; көшірмелері тігілген папканың сақталғандығын анықтауды;
ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының операцияларының шаруашылыққа тиімділігін, орындылығын және заңдылығын тексеруді;
шоттарға келіп түскен ақша қаражаттарының уактылы және толық кіріске алынып, субъектіге хабарланғандығын тексеруді;
ашылған шоттар жүзеге асырылған есеп айырысу операцияларының кезекті реттерінің сақталғандығын анықтауды;
шот иесінің өкімінсіз (келісімінсіз) аударылып есептеп шығарылған акша қаражаттарын анықтауды;
бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің уақтылы аударылғандығын тексеруді;
банктердегі шоттардан кассаға кіріске алынған қаражаттардың мақсатына жұмсалғандығын тексеруді.
Әдетте, банк операцияларының есебінің аудитін, кіріс, шығыс операциялары тек ғана ұлттык валютада жүргізілетін есеп айырысу шотының есебінен бастайды.
Есеп айырысу шотының есебінің аудиті. Жоғарыда аталған банктен шоттарды ашуға оларды жүргізуге байланысты құжаттарымен танысқаннан кейін аудитор тексеру кезеңіндегі банк көшірмелеріндегі, бухгалтерлік есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы қорытынды қаржылық есептегі шоттың дебетінде көрсетілген ақша қаражаттарының қалдығын, айналымын, кредитіндегі қозғалысын Бас кітаптағы және есеп регистрларындағы мәліметтерімен салыстырып тексеру керек. Ауыткулар кездескен жағдайда, олардың себебін анықтау қажет.
Жоғарыда келтірілген бағдарламада қаралған мәселелердің ауқымын кеңейте түсу үшін, есеп айырысу шотына тән кейбір ерекшеліктерді ескере отырып, мына мәселелерге назар аударып анықтауды талап етеді:
есеп айырысу шоты қандай банк мекемелерінде ашылғандығын;
банк көшірмесінде көрсетілген сомасының оған тіркелген бастапқы құжаттарындағы сомасына сәйкестігін;
көшірмеге тіркелген бастапқы құжаттарында банк белгілерінің соғылғандығын. Егер құжаттарда банк (таңба) белгісінің соғылмағандығы анықталса, жасалған операцияның дұрыстығын анықтау мақсатында (немесе жазбаша сұрау салу арқылы) банкке қарама-қарсы тексеру жүргізу қажет;
банкке нақты өткізілген ақша қаражаттарының дұрыс толық есептелгендігін;
төлемді табыстауға берген келісімге байланысты, байланыс бөлімдері арқылы аударылған ақша қаражаттарының (депоненттегі еңбек ақы, алименттер ж.т.б.) негізділігін, сондай-ақ аударымды алушының почтадағы мекен-жайы көрсетілген тізбектің дұрыстығын;
теңгенің өтімділігіне байланысты операцияларының есепте дұрыс көрсетілуін;
банктегі операциялар бойынша бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыстығын, бұл операциялардың бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында көрсетілгендігін;
бухгалтерлік есеп бойынша (есеп айырысу шотына соқпай) өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына шығыс жасаған операцияларды;
банк көшірмесінің және оған тіркелген құжаттарының толықтығын және дұрыстығын, банк көшірмелерінің толықтығын, олардың беттерінің нөмірлері және шоттарға қалдық сомаларын беру бойынша анықтайды.
Шоттары бойынша банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезеңнің соңындагы қалдық сомасы, келесі көшірмедегі кезеңнің басындағы қалдық сомасына тең болуы керек. Егер көшірмеде алдын ала келісілмеген түзетулер және тазартулар анықталса, банк мекемелерімен қарама-қарсы тексеру жүргізу керек.
Банктегі арнайы шоттардағы акша каражаттарының есебінің аудиті. Аудитор банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысын бухгалтерлік есебінің шоттар жоспарында қаралған 1040 «Банктегі ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттары», 1050 «Банктегі шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттары», 1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» синтетикалық шоттарындағы түсімдердің жинақталып тіркелген мәліметтерімен салыстырып тексереді.
Аудитор банктен арнайы шоттардағы нақты қаражаттарға аудиторлық тексеру жүргізгенде 1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» шотында сақталатын ақша қаражаттарының көздерін анықтауға тиісті:
үкіметтің жәрдемі ретінде бөлінген қаражатты;
жергілікті бюджеттен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бөлінген мақсатты қаражаттарды;
мәдени ағарту мекемелеріне, демалыс үйлеріне, санаторияларға, лагерьлерге бөлінген кәсіподақ ұйымдарының және баскада көздерден бөлінген қаржыларды;
ата-аналардың бала-бақша мекемелеріне балалары үшін аударған қаржыларын;
шаруашылықтың өтініші бойынша жеке шоғырландыруды талап ететін күрделі қаржыландыруға бөлінген каржыларды.
Жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті. Аудитор жол үстіндегі ұлттық және шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысына (аударымдарға) назар аударуы қажет. Яғни, банк, жинақ, немесе байланыс бөлімшелерінің кассаларына салынатын, кешкісін жұмыс соңында инкассатор-ар жинап әкететін әлі келіп түспеген есеп айырысу және басқа да шоттар арқылы өз мақсаты бойынша есепке алынбаған ақша қаражаттарының келіп түспегендігін растайтын құжаттарымен танысуға тиісті. 1030 «Жол үстіндегі ақшалай аударымдар» шотындағы соманы есепке алу үшін (мысалы түсімді өткізген кезде) банк мекемелерінің, жинақ кассаларының байланыс бөлімшелерінің (түбіртектері), инкассаторлардың түсімді банкке өткізген жолдама ведомостарының көшірмелері негіз болып табылады.
Сондай-ақ, аудитор жол үстіндегі ақшалай аударымдардың нақтылығына, бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігіне, бастапқы құжаттарындағы жазуларының есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы және Бас кітаптағы жазуларымен сәйкестігіне назар аударуға тиісті.
Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 169-177, 3. 97-121)
12 –тақырып. Міндеттемелер мен капиталдар есебінің аудиті
1. Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
3. Резервтік, капиталдың есебінің аудиті
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
5. Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті