Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.

Кассаға нақты ақша қабылдау, тарату және өткізу операциялары заңды тұлғалармен де, жеке тұлғалармен де жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұндай операциялар ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де бірдей жүргізіледі. Демек, кассадағы операциялар есебі 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттары» және 1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттары» шоттарында жүргізіледі.

Шаруашылықтың кассасына ұлттық валюта түріндегі ақшаларды қабылдау, сақтау және нақты ақшаны тарату операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассалық операцияларға есеп регистрларын (журнал, ордерлер, ведомостар ж.т.б.) қолданған жағдайда, оларды шоттың дебетіндегі және кредитіндегі жазуларымен салыстырып, көз жеткізу керек. Олар міндетті түрде бір-біріне сәйкес келуге міндетті. Сомаларында ауытқулар кездескен жағдайда кассалық кіріс, шығыс ордерлері, банк көшірмелері бойынша, ал қажет болған жағдайда банк мекемелеріне сұрау салып алынған мәліметтерімен салыстырып тексереді.

Кассалық құжаттарды жаппай тексеруге кіріспей тұрып, аудитор тексерудің жоспарын жасайды. Өйткені «жаппай тексеру» бүкіл кассалық құжаттарды бірінен кейін бірін қарап шығу деген ұғымды білдірмейді.

Кассалық операцияларды тексерген кезде, құжаттарын оқу, тексеру-зерттеу және жазуларын қарама-қарсы салыстырып тексеру, аналитикалық мәліметтерін санап тексеру сияқты бақылау әдістерін колдануға болады.

Тестің сауалнамасына алынған жауаптарын талдаудың кезінде ішкі бақылаудың жағдайы, кассалық операциялардың бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы, қойылымы және жургізілуі бекітілген талапқа жауап бермесе, аудитор сүзбелеп тексеру әдісін қолданады.

Кассалық құжаттарды жаппай үздіксіз элементтері бойынша, қандай да бір сәйкессіздік табу үмітінде қарап шығу.

Кассаны және кассалық операцияларды аудиттеу, негізінен, үш бағыт бойынша жүргізіледі. Нақты ақша-қаражаттарын түгелдеу; кассаға келіп түскен ақша қаражаттарының толық, уақтылы кіріске алынуын тексеру; жұмсалған ақшалардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын тексеру. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келген күннен бастап жүргізіледі. Түгендеу жүргізердің алдында аудитор мыналарды анықтауға міндетті: шаруашылықтың кассасындағы нақты ақша қаражаттарын тосыннан жүйелі тексеру жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияның тағайындалғандығы туралы шаруашылықтың төрағасының бұйырығының бар екендігін, бүйрықтың орындалуын, кассаны тосыннан тексеру актілері бар ма, олардың мазмұны қалай; тексерудегі шаруашылыққа бір немесе бірнеше кассир қызмет етеді ме (немесе оны атқаруға құқық берілген тұлға ма); кассир тек қана сол шаруашылықта немесе өзінің міндетін басқа шаруашылықпен қосып атқаратындығын; кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және кәсіпорынның әкімшілігімен кассирдің жеке материалды жауапкершілігі туралы жазылған шарттың бар екендігін; кассирдің кассалық есеп операцияларын жүргізу тәртібімен танысқанын.

Аудитор кассаны тексеруді жүзеге асырғанда мына талаптарды сақтауға міндетті: кассаға түгендеу жүргізу, құрамында міндетгі түрде шаруашылықтың бас бухгалтер және кассирі енуге тиісті; шаруашылықтың төрағасы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға басқа тұлғаның кіруіне рұқсат етілмейді; тексеру кезінде бүкіл кассалық операциялар тоқтатылады.