- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға кызмет көрсететін банктердің мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары Ұлттық банктің белгілеген көлемімде шаруашылықтың кассасында сақталуға тиісті. Яғни, ақша каражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Реепубликасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетгі. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынандай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін:
баланстың қөрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрларының, машинажазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалык есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;
кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерінің сақталғандығын тексеруді;
банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының заңдылығын тексеруді;
есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруді;
шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттрынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеруді.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктер бойынша қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша қаражаттарының ақпараттарын жинақтап, қозғалысын таратып отыру үшін «Ақша қаражаттары» бөлімінің 1030 «Жол үстіндегі ақшалар», 1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары», 1040 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар» және 1010 « Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттары», 1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттары» және т.б. синтетикалық шоттары қаралған.
