Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

4. Тауарлардың есебінің аудиті

Аудитор шаруашылықтың өзінде шығарылмайтын, бірақ ішкі тұтыну сұраныс қажеттілігін қанағаттандыру және сатып табыс табу үшін сырттан сатып алу, айырбастау, сыйға тартылып тегін алу жолдарымен алынып, кіріске алынған тауарлардың есебіне және олардың қозғалысының есебіне тексеру жүргізуді назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

Шаруашылықтағы сатып алу, айырбастау және басқа да жолдарымен алынған тауарлардың есебі, материалдардың есебі сияқты, материалдардың есебінің карточкаларында жүргізіледі. Тауарларды субъектінің балансындағы қоғамдық тамақтандыру орындарында, мектепке дейінгі мекемелерде, бала-бақшаларда, денсаулық сақтау, демалыс, сауықтыру мекемелерінде, жұмыскерлерге натуралды еңбек ақы ретінде таратуға және сатып табыс табу үшін пайдаланады.

Аудитор кіріске алынған тауарлардың нақты өзіндік құны анықталып сақтау, түгендеу, босату ерекшеліктеріне сәйкес оларды бағалау тәртіптерінің сақталғандығын, іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын анықтауға тиіс. Тауарларды кіріске алу, олардың қоймалық есебін жүргізу, оларға түгендеу жүргізу тәртіптері материалдардың есебіне ұқсас болғандықтан, оларды қайталап жатудың қажеті жоқ. Сондықтан тауарларға қатысты кейбір мәселелерге ғана тоқталамыз.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында тауарлардың қозғалыстарын реттеп, жинақтап таратып отыру үшін 1330 «Тауарлар» деп аталатын синтетикалық шоты қаралған. Тауарларды кіріске алу операциялары шоттардың дебетінде, ал шығыс болғандарын кредитінде тиісті шоттармен корреспонденциялау арқылы көрсетеді.

Тауарларды кіріске алу операциялары шоттардың дебетінде нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Олардың келіп түсу жолдарына байланысты нақты өзіндік құнын анықтаудың маңызы зор. Тауардың өзіндік құны - сатушының белгілеген (келісілген) тауарды сатып алу бағасымен дайындау, жеткізу (шетелден сатып алынған тауарларға баж және кеден төлемдерін қоса) шығынын және агенттердің делдалдарға төлеген төлемдерін сақтандыру шығындарының жиынтығынан тұрады. Айырбастау жолымен алынған тауарлардың орнына берілген активтердің екі жақты шарт жасалып, келісім бағасы анықталып, қосымша төленген және алынған сомаларына реттеулер енгізіліп, өзіндік құнының дұрыс анықталып кіріске алынғандығына назар аудару қажет. Сыйға тартылып тегін төлем ақысыз алынған тауарлардың құнының анықталу тәртіптерімен танысу қажет. Бұндай жолмен алынған тауардың өзіндік құнын анықтау қиыншылық туғызған жағдайда оларды нарықтық ағымдағы құны бойынша кіріске алады.

Бос ыдыстар сатушы жеткізіп беруші және ыдыс жинайтын субъектілерге қайтарылып берілгендігін және сатылғандығын, ал қайтарылуға жатпайтын ыдыстардың тауарлардың құнына немесе өткізуге байланысты жұмсалған шығындарына жатқызылғандығын анықтау кажет.

Қайта өңдеуге немесе консигнация сатуға берілген тауарларға 1330 «Тауарлар» шотының бөлек, аралық шоты ашылып есебінің жүргізілгендігіне және аталмыш шоттар бойынша аналитикалық есебінің жауапты адамдары атаулары (теңдер, қаттамалар, бумалар, лактер) бойынша сақталу орындары көрсетіліп жүргізілгендігіне назар аудару қажет.

Тауарларды консигнацияға беру жолымен сатқанда жасалатын операциялардың заңдылығына консигнациялық мәміленің консигнациялық шартпен құжатталып, онда жалпы ережелерден басқа тауарларға меншік құқығының ауысу кезін консигнаторға берілетін сыйақы ережелерін, тауардың сатылатын аймағын, тауардың ең арзан және қымбат бағасын, тауардың қоймада сақталу мерзімдерін, өтпеген тауардың қайтарылу ережелерімен танысып, жасалған операцияларының дәлелділігіне көз жеткізу қажет.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 142-158, 3. 57-65)

10-тақырып. Дебиторлық борыштардың есебінің аудиті

1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті

2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті

3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті