
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол- шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құндв қағаз қаржысымен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, есептілік мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін брокерлерге, делдал кәсіпкерлерге өз ара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуіне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өз ара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетінін, қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өз ара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болуы қажет.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:
- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
- кәсіпорын шаруашылығының күрделілігіне сәйкес, «коммерциялық құпияны» сақтауға байланысты, есепке алынған информацияның дұрыс болмай шығуынан.
Осы айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есептілік тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есептілік ақпараттарын зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық ақпарат алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік есептіліктердің дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.
Әдебиеттер : 1.7.1. ( 2. 18-24, 27-43)
2 - тақырып. ҚР-нда аудиторларлық қызметті реттейтін нормативтер мен құқықтар
1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
2. Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
3. Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы