
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
Дайын өнім деп сол шаруашылықта толық өңдеуден өткен қолданыстағы стандарттарға сәйкес (бекітілген техникалық жағдайына) келетін техникалық бақылау бөлімі қабылдап қоймаға кіріске алынған өнімді айтамыз.
Баланстың «Дайын өнімдер» баптарында дайын бұйымдардың қоймалардағы қалдықтары көрсетіледі. Дайын өнімдерге өзінің күрделі құрылысы және әлеуметтік саласы үшін сыртқа орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар сатуға арналған өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың құны да жатады. Шаруашылықтың қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіші, өндірілген дайын өнім (жұмыс, қызмет) сатылған өнімнің көлемі болып табылады.
Аудитор дайын өнімдердің дұрыс бағаланып, қоймаға кіріске алыну операцияларының бухгалтерік есепте көрсетілуі тексеруге кірісердің алдында қаралатын мәселелерді түгел қамтитындай етіп бағдарлама жасап, тексеру барысында кездескен фактылардың нәтижесінде толықтырулар мен түзетулер енгізіп басшылыққа ала отырып, мынандай мәселелерді анықтауы керек:
өндірістен қоймаға тапсырылған өнімдердің дұрыс және уақтылы құжатталғандығын;
дайын өнімдерді шығаруға байланысты орын алған операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін;
дайын өнімдер бұйымдарының түрлері және тапсырыстар бойынша өндірістік өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын;
өнімнің жоспардағы құнымен нақты өзіндік құнының ауытқу сомасының дұрыс есептеліп және олардың шығысқа шығарылғандығын;
шығарылған дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
бухгалтерлік есеп регистрларының және машина жазбаларының дұрыс жүргізілгендігін;
дайын өнімдердің дұрыс бағаланғандығын.
Аудитор үшін ең алдымен қажеттісі баланста келтірілген мәліметтің Бас кітаптағы мәліметтерімен салыстыру және басқа да есеп регистрларының дұрыс жүргізілуін өндірістен қоймаға өткізілген өнімдердің өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын, құжаттарының уақтылы және дұрыс толтырылғандығын тексеру болып табылады.
Дайын өнімдердің аудитін сапалы өткізу үшін шаруашылықтың шарт бойынша міндеттемесінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін, шығарылған өнімді жедел бақылауды жүзеге асыру тәртібімен танысудың маңызы зор.
Кейбір жағдайларда есепте жоқ өнім алынған өнімді көрсететін құжаттарымен, қоймалардың және цехтардың өнім өндірушінің құжаттарының мәліметтерімен, шаруашылықтың цехтарындағы және қоймаларындағы дайын өнімдерді түгендеу мәліметтерімен, түгендеу жүргізілген жұлдызындағы есептік мәліметтермен және т.б. салыстыру жолымен анықталуы да ықтимал.
Есепте жоқ шығарылған өнім қоймаға дайын өнім түрінде толығымен төменгі бағамен, натуралды және ақшаға шаққан күйінде анықталып кіріске алынуы мүмкін, яғни ең төменгі дара бағасымен. Өнімді төмендетіп бағалау шаруашылықтың лауазымды және материалды жауалкершілікті түлғаларының сауда ұйымдарымен өзара келісімі бойынша, есепте төмендетілген өнімнің құнымен сатылу құнының арасындағы айырмасын құрайтын түсімнің бөлігін жасырып қалуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайға жол берушілікті аудитор өндірілген өнімнің алуын және сортын растайтын цехтың құжаттарының мәліметтерін осы өнімді қоймаға кіріске алған немесе оны сауда ұйымдарына босатқан құжаттарымен салыстыру жолымен анықтауға міндетті.
Жөнелтілген (босатылған) өнімдердің есебі 1330 «Тауарлар», 1210 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді борыштары», 2110 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді борыштары» және 6010 «Өнімді сату және қызмет көрсетуден алынған табыстары» шоттары бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебінің ведомостарында жүргізіледі.
Ведомостқа шот-фактураның, бұйрық-накладнойлардың, төлемді талап етуі құжаттарының негізінде жазулар жүзеге асырылады. Ведомостқа төленгендігі туралы белгіні банк көшірмесінің кассалық ордерлердің немесе басқа да ақша құжаттарының негізінде жасайды. Төлемді талап ету құжаты инкассаға қою арқылы банкке беріледі. Инкасса дегеніміз - сатып алушыдан тиісті төлемді алу туралы сатушының тапсырмасын орындауды банк өзіне қабылдаған кезіндегі есеп айырысу тәртібі.