Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті

Аяқталмаган өндірісті тексерген кезде, аудитор 1340 шотының Бас кітаптағы нақты қалдықтарының баланста көрсетілген мәліметтерімен сәйкестігін салыстырып тексеруге міндетті. Ол үшін, есеп мәліметтеріндегі аяқталмаған өндірісті түгелдеу мен олардың қалдықтарын бағалаудың нәтижесінде расталғандығына көз жеткізуі керек. Өнімнің өзіндік құны және қаржылық нәтиже туралы есеп және қорытынды есеп мәліметтерінің дұрыстығы дайын өнімдер мен аяқталмаған өндірістің арасында шығындарын таратудың негізділігіне байланысты болғандықтан, әрбір айдың соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарын тексерудің маңызы өте зор. Аяқталмаған өндірістің құрамын және бағалауды тексеру үшін бастапқы ақпарат ретінде, өнім өндіру шығындарының (жұмыс, қызмет), кезеңдік шығындардың, әлеуметтік сала бойынша шығындардың және өндірістік ақау бойынша шығындардың есебіне арналған №10 журнал-ордерге ашылған №2 ведомостың мәліметтері қызмет етеді. Бұл ведомоста айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы ведомостың өткен айдағы мәліметі бойынша көрсетілсе, ал айдың соңғы қалдығы аяқталмаған өндірісті түгендеу актісі немесе есептік бағасы бойынша анықталады. Дара, жеке өнімдер шығаратын өндіріс сипатындағы субъектілерде аяқталмаған өндіріс қалдықтары баланста накты өндірістік шығындары бойынша бағаланып көрсетіледі. Жаппай және сериялы өндірісте баланста нормаланған (жоспарланған) өндіріс өзіндік құны бойынша бағаланып көрсетіліп, бұндай жағдай өндірістік шығындардың нормасынан ауытқулары дайын өнімдердің өзіндік құнына шығысқа шығарылады.

Технологиялық үрдіс кезеңі қысқа, жеңіл, тамақ және басқа да өнеркәсіп салаларының субъектілеріндегі аяқталмаған өндірісті бағалауды, жоспарлау, есептеу және өнімді калькуляциялау бойынша тексерген кезде кейбір салалық әдістемелік ұсыныстарда (ережелерде) аяқталмаған өндіріс шығындарының құрамында тек қана негізгі тікелей шығындарын қалдыру қаралғандығын естен шығармаған жөн. Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде (иіру және тоқыма өндірісінде) аяқталмаған өндірісті тек қана негізгі шикізаттың және материалдың құны бойынша бағалайды. Өңдеуге байланысты барлық шығындарын, оның ішінде өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақы шығындарын бүтіндей дайын өнімге жатқызады. Тек қана жеке өңдеу өндірісінде өңдеу бойынша 50 пайыз көлемінде нормаланған (жоспарланған) өнімнің бірлігіне жұмсалған шығынның нормаланған немесе жоспарланған калькуляциясы есептелетін «Директ костинг» жүйесі бойынша өндірістік есеп ендірілсе, онда 7110, 7210, 7440, 7310, 7320, шоттары бойынша шығындарының қалдықтарын, нақты немесе нормаланған (жоспарланған) өндірістік шығындары бойынша бағаланады.

Егер шаруашылыққа шығарылған өнімді жартылай фабрикат жолымен кіріске алу көзделсе, онда өнім өндіруге жұмсалған шығынды дайын өнімге, жартылай фабрикатқа және аяқталмаған өндіріске бөледі. Жартылай фабрикат күйінде кіріске алынған өнімдерді дайын өнім түрін және материал түрінде де пайдалануға болады. Оны сатқан кезде ол дайын өнімге айналса, өндіріске ары қарай жетілдіре түсу, өңдеу үшін босатылса, онда ол материалдың қатарына жатады. Тоқыма өнеркәсібінде шикізат есебінде пайдаланылған жүн, мақта қашан дайын мата күйінде шыққанша бірнеше цехтан өңдеуден өтеді. Жүнді, мақтаны жуу, кептіру, түту цехы, жіп иіру цехына жібереді, жіп йіру цехынан бояу цехына жіберіледі; боялып кептірілген жіпті тоқыма цехына жөнелтеді, тоқыма цехынан ол дайын өнім болып шығады. Қалған цехтардың бәрінде де сол цехтардың шығарған дайын өнім түрінде өзіндік құны анықталғанымен, оларды кіріске алғанда жартылай фабрикат түрінде кіріске алады. Бұндай жағдайда дайын өнімнің өзіндік құнын жартылай фабрикаттардың өзіндік құндарының жиынтығына оларды оңдеуге жұмсалған шығындарын қосу арқылы табады. Бұндай технологиялық үрдіс тамақ өнеркәсібіне тән қасиет.

Аудитор жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып дайын өнімнің, жартылай фабрикаттың, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енетін шығындар баптарының олардың элементтерінің дұрыс анықталып таратылғандығына көз жеткізуі керек.