Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті

Тауарлы материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

  • олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;

  • олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;

  • өндіріске жұмсалу нормаларының сақталуын камтамасыз ету;

  • өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату.

Аудитор тауарлы-материалдық қорлардың есебінің ауқымын кеңейтіп, аудиторлық тексеру барысында қаралатын мәселелердің мазмұнын ашатындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында бағдарлама жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп, толықтырып отырады.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасауы қажет.

Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-тендіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын бағалау, арнайы (жалпылама) бірыңғай ұқсастық, орташа есептік құны, ФИФО, ЛИФО әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.

Материалдарды аудиттеген кезде тасымалдау-дайындау шығындарының нақты өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша кұнынан ауытқудың таратылу тәртібінің дұрыстығына назар аудару қажет.

Материалдардың нақты өзіндік құнының олардың тұрақты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуын жұмсалған және қоймада тұрақты бағасы бойынша қалдық материалдардың кұндарының арасында пропорционалды таратады. Осы максат үшін материалдардың нақты өзіндік құнымен тұрақты есептік бағасының арсындағы ауытқу пайызының қатынасын тұрақты есептік бағасы бойынша босатылған және қалдық материалдарының құнына көбейтеді.

Материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасынан ауытқуының пайыздық қатынасын формула бойынша анықтайды.

Тб = (Аб+Ас/ Ат+Ак) х 100%

Бұнда, Тб- материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасына ауытқу пайызы;

Аб - айдың басындағы материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;

Ас - айдың ішінде келіп түскен материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;

Ат - айдың басындағы материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;

Ак - ай ішінде келіп түскен материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;

Осы пайыз бойынша жұмсалған материалдардың ауытқуын (тиісті шоттарға) шығысқа шығару қажет. Бұл пайызды есептен шығару мәліметтері материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің бөлігінде келтірілген. Материалдық қорларды бағалау және тасымалдау-дайындау шығындарының (ауытқуы; +, -) сомалары сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны арқылы жалпы табыстың көлеміне тікелей әсер етеді, демек заңды тұлғаларға салынатын табыс салығының көлемінде. Сондықтан материалдық қорларды бағалауды және оларды өндіріске шығысқа шығаруды дұрыс қолдану салық органдарының бақылауында болатындықтан, аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың бухгалтериясының бұл бағыттағы жұмысын өте мүқият тексеруі қажет.

Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға, материалдарға, отындарға, косалқы бөлшектерге және басқа да материалды құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор. Аудитор, нақты қолда бар материалды құңдылықтарға түгендеу жүргізу тәртібінің және оның мерзімінің сақталғандығына толтырылған түгендеудің көшірмесіне салыстыру ведомостіне түгелдеудің нәтижесіне оның шаруашылықтың басшысының қатысуымен жіберген кемшіліктерге қолданылған әкімшілік шараларына тексеру жүргізіп және танысуға міндетті.