Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті

Ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) активтердің маңызды тарауының бірі - инвестициялар деп мемлекетіміздің ішіндегі және шетелдердегі экономиканың салаларына күрделі қаржы (капитал) түрінде табыс алу мақсатында салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялар бірнеше баптарға топталады.

- еншілес серіктестіктердегі инвестициялар;

- тәуелді серіктестіктердегі инвестициялар;

- басқа да инвестициялар;

Инвестиция шаруашылықтың экономикасын дамытуда жоғарғы және тұрақты қарқын қалыптастыруда, ғылыми-техиикалық жетістіктерді енгізуде, инфрақұрылымдарды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Аудитор еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серік-тестіктердің, Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексінде қаралған баптарға сәйкес құрылғанына көз жеткізіп, нақты инвестиция салу тәртібінің сақталып, салынған салымдардың шаруашылық жарғылық капиталының және материалдық-өндірістік қорлардың өсуіне ықпал еткеніне назар аударуы тиіс. Негізгі (БАС) субъектімен еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің қатынастарының реттелу тәртіптерімен танысып, олардың іске асырылу жолдарын бағалауға тиіс. Нақты салынған салымдарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы- материалдық қорлар және акша қаражаттары түрінде берілген активтер жатады.

Аудитор сонымен қатар негізгі (БАС) субъектімен еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын міндеттемелері мен дебиторлық борыштарының өзара есеп айырысу құралы ретінде бір-біріне жатқызу фактыларының орын алғандығын анықтап, олардың рәсімделу тәртіптерімен танысуы керек. Үкіметтің шығарған қаулысына сәйкес қайта бағалауға байланысты салымшылардың үлестеріне реттеулер енгізу тәртіптерінің сақталғандығын анықтап салынған инвестицияның көлеміне қарай үлес қосушылардың еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің табысынан алынатын үлестерінің анықталу жолдарымен танысып, есептелген табыстан, табыс салық ұсталып, бюджетке аударылғандығына тексеру жүргізеді.

Еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің тіршілік етуін тоқтатып тарауына байланысты олардың мүліктерінің салымшыларына қайтарылу тәртіптеріне байланысты құрылған комиссияның хаттамасымен танысу қажет. Олардың мүліктеріне тәуелсіз сараптау жүргізіліп бағаланғандығын, серіктестіктердің өтелмеген міндеттемелері мен борыштарының құрылтайшыларының арасында наразылық туғызбайтындай етіп бөлінгендігінде көз жеткізіп, дұрыстығын анықтауы қажет. Инвестициялардың қозғалысы бойынша орын алған операциялардың бухгалтерлік есеп регистрларында, машинажазбаларда, таспаларда дұрыс көрсетілгендігін тексеріп, кеткен кемшіліктерді аудиторлық қорытынды есепте көрсетуге міндетті.

2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.

Қаржылай инвестициялар дегеніміз - пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.

Аудитор қаржылай инвестициялардың есебін тексеруге кірісердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тсксеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:

  • баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;

  • инвестициялардың аналитикалық және синтетикалык есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;

  • шаруашылықта қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;

  • инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;

  • нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын аныктайтын бастапқы құжаттарымен танысу;

  • құнды қағаздарды сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;

  • қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін, қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;

  • қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;

  • шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (займдарының) құжаттарымен танысу.

Жасалған бағдарламаға сәйкес, аудитор жылдың басындағы және ағымдағы мәліметтерін салыстырып тексеруге міндетті. Тексеру барысында аудитор қаржылай инвестицияларды дұрыс сыныпталғандығына назар аударып, олардың есебінің шаруашылықтың қабылдаған есеп жүргізу саясатына сәйкес ұйымдастырылғандығына көз жеткізуі тиіс. Қаржылай инвестициялар мақсаттық бағытына және салыну мерзіміне қарай ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) және қысқа мерзімді (бір жылға дейін) болып екіге бөлінеді.

Аудитор қысқа мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша немесе сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең төмен бағалануы бойынша есепке алынып, олардың ағымдағы құнының өзгеруінен болған табыстың немесе зиянның сол есепті кезеңде танылғандығына тексеру жүргізеді.

Ұзақ мерзімді қаржылай иивестициялардың бухгалтерлік баланста сатып алу құны бойынша қайта бағалаудың нәтижесі ескеріліп, есепке алынған құны бойынша және қоржын негізінде айқындалатын сатып алу құны мен ағымдағы құнының төменгі бағалануы бойынша есепке алынғандығын тексереді.

Әдетте қаржылай инвестициялар операциялары онша көп болмағанымен, құндылығы жөнінен өте маңызды. Аудитор тәртіп бойынша бақылау тестін жүргізбегенімен, қаржылай инвестициялардың әрбір операциясын жеке-жеке мұқият зерттеуге және бағалауға міндетті.

Негізінен күрделі қаржы салымдарының ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді, аудиттің бес бағытына сәйкес жүргізуге тиісті: тіршілік ету немесе пайда болу; толықтық; бағалау; құқық және міндеттеме, тапсыру және ашу. Бұл аталған бағыттар субъектінің басшысының қаржылық саясатында іске асыратын шараларға көзқарасын білдіреді. Осы мәселелерге сүйене отырып, аудитор тексеруге тиісті сұрақтарын кәсіби біліктілікке және нақты дәл белгілеуге тиіс.

Аудитор қаржылай инвестицияларды тексерген кезде құнды қағаздардың түрлеріне қарай есеп мәліметтерінің жинақталып көрсетілгендігіне көз жеткізіп, олардың ерекшеліктеріне назар аударуга тиіс.

Аудитор шаруашылықтың басқа да заңды тұлғаларға берген қарыздарын тексеруге ерекше назар аударып, көңіл бөлуге міндетті. Банк қызметін жүргізуге құқық беретін лицензия болмаған жағдайда бұндай қарыздар ешқандай және несиелік борыштарды катыстырмай тек қана алынған табыстың есебінен субъектінің өз қаражатынан берілуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Аудитор, сондай-ақ инвестицияларды соңғы мүліктік түгендеудің материалдарымен танысуға тиіс. Шаруашылықтағы сақталған құнды қағаздарды мүліктік түгендеу шаруашылықтың басшысының белгілеген мерзімінде және мүліктік түгендеуді өткізу міндетті болған жағдайда субъектінің кассасындағы ақша-қаражаттарын мүліктік түгендеумен бір мезгілде түгендеу жүргізілгендігін анықтауы қажет.

Шаруашылықтан тыс банкте немесе депозиттарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын) сақтауға өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгендеу кезінде шаруашылықтың бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомалардың қалдықтарын банктен немесе депозитарийден алынған мәліметтерімен салыстырады.

Бұндай мәліметтер мүліктік түгендеу кезінде шаруашылықтың басшысы арқылы аудиторлық тексеруге қажетті материал ретінде банктен немесе депозитарийден сұратылып алынады.

Ел ішінде және шетелдерде құрылған басқа шаруашылықтың жарғылық капиталдарына шаруашылықтың аударған ұзақ мерзімді қаржылай инвестиция салым қаражаттарын, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға берілген ұзақ мерзімді қаржылай және басқа займдарды мүліктік түгендеу кезінде аударылған салымдарды куәландыратын және шаруашылықтың тиісті құқықтарын растайтын құжаттармен танысуға тиісті.

Аудитор жүргізілген мүліктік түгендеудің материалдармен шаруашылықтың басшысын таныстырып, тиісті шешім қабылдауы қажет.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 128-141, 3. 47-51)

9-тақырып. Ағымдағы активтердің есебінің аудиті

  1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті

  2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті

  3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті

  4. Тауарлардың есебінің аудиті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]