- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
Аудитор негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын тексерген кезде кейбір мәселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті:
негізгі құралдарды кіріске алу есеп актісіне тіркелетін техникалық құжаттарының сақталғандығына, олардың сақталу тәртібіне және кімдердің жауап беретіндігіне;
негізгі құралдар нысандарының толық мінездемесі жазылған мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;
негізгі құралдар нысандары сәйкес белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтаудың жүзеге асырылғандығына.
Аудитордың басты мақсаты - негізгі құралдар нысандарының пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарыма қарай дұрыс топталып сыныпталғандығын анықтау болып табылады.
Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне сәйкестігімен танысқаннан кейін, олардың бағалану тәртібіне назар аударуы тиіс. Егер бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:
1. Өндіріске пайдалану мақсаты бойынша негізгі құралдар екі топқа бөлінеді:
а) өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар;
б) өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар.
Өз кезеңінде өндірістік мақсаттағы негізгі кұралдар пайдалану бағыттарына қарай шаруашылықтың салаларына бөлінеді.
2. Заттық нысанына қарай негізгі құралдар бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында көрсетілген тәртіп бойынша топталады.
3. Меншіктік қатынасына қарай меншіктегі және жалдағы болып болінеді.
4. Пайдалану сипатына карай да пайдаланудағы, пайдалануда жоқ (нақты қолда бар, пайдаланылмай доғаруға қойылған негізгі құралдар) және резервтегі негізгі құралдар болып үш топқа бөлінеді.
5. Болмыстық құрамдарына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып екі топқа бөлінеді.
Болмыстық күйінде ұстап, көзбен көріп, санауға болатын негізгі құралдарды мүліктік топқа жатқызады (үйлер, ғимараттар, машиналар т.с.с.). Ал заттық нысаны жоқ санауға келмейтін күрделі шығындарды мүліктік емес топқа жатқызады (жерді тегістеу, алқаптарды түбіртектерден, тастардан тазалау, эрозияға қарсы жерді гипстеу, әктеу т.с.с. шығындар).
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, есепке алу сәтінде көрсетіліп, оған негізгі құралдарды салу немесе сатып алуға кеткен барлық қажетті шығындар, оның ішінде сатып алған кезде төленген қайтарылмайтын салықтар мен алымдар (үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алған кезде төленген ҚҚС, сатып алуға арналған шартты жасау кезінде төленген мемлекеттік баж және т.б.), жеткізу, құрастыру, құру, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар, құрылыс кезінде берілген несие үшін пайыздар және активті мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген басқа да шығындар жатады. Негізгі құралдарды тасымалдау, құрастыру, орнату кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен шығындар бастапқы құнға енбей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Аудитор негізгі құралдардың бастапқы құнының анықталу тәртібімен танысқаннан кейін, олардың қалыптасу көздеріне қарай бастапқы құнының құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде анықталғандығына назар аударуға тиісті.
Айырбастау операциялары нәтижесінде алынған нысандардың құны алынған активтердің ағымдағы құны бойынша есепке алынып, қосымша алынган (төленген) акша қаражаттар сомасына түзетіліп, ағымдағы құнға теңестіріледі.
Уақыт өткен сайын негізгі құралдардың бастапқы құнына үкімет органдарының шешімімен қайта бағалау жүргізудің нәтижесінде реттеулер енгізіліп, олардың ағымдағы құны анықталып отырылады. Қайта бағалаудьң мақсаты негізгі құралдардың бастапқы бағасын сол кездегі қолданылып жүрген бірыңғай нарықтық бағаға сәйкес келтіру болып табылады.
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдар бухгалтерлік және қаржылық есепте ағымдағы құны (бағасы) бойынша көрсетіледі. Қайта бағалау субъектінің өз меншігіндегі негізгі құралдарға жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға, әлі орнатылмаған қоймадағы құрал-жабдықтарға және біткен күрделі құрылыс нысандарына жүргізілгендігі аудитордың назарынан тыс қалмауы тиіс.
Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 93-99, 104-121)
8 - тақырып. Инвестициялар есебінің аудиті
1. Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті
