Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты - негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс керсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады.

Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтиды:

  • баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;

  • негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;

  • негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;

  • негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;

  • негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялану операцияларының дұрыстығын тексеруді;

  • негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жұмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;

  • негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;

  • негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді.

Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарламасы көрсетіп отырғандай, алдымен олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 2410 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикалық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтерімен сәйкестігін анықтау қажет. Олардың есепті кезеңдегі бастапқы және соңғы қалдықтары айлық айналымдары сәйкес келуі керек. Мәліметтерінде ауытқулар кездескен жағдайда, себебін анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұсыну керек.