
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
Аудитор материалдық емес активтердің топталуы және бағалануымен танысқаннан кейін, оларды кіріске алу талаптарына сәйкестігіне көз жеткізе отырып, тексеруді жалғастырады.
Аудитор материалдық емес активтердің сипаттамаларына, ерекшеліктеріне қарай, талаптарға сай анықталып, кіріске алынғандығын тексеруді, материалдық емес активтердің шаруашылықтың бухгалтерлік есеп балансындағы көрсеткішіне, бас кітаптағы және басқа да есеп регистрларындағы, машина жазбалардағы, материалдық емес активтердің сиитетикалық шоттарындағы, қалдықтарының жиынтығының сәйкестігін салыстырудан бастайды. Бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының 2730 «Басқадай материалдық емес активтер» синтетикалық шотының дебетінде материалдық емес активтердің кіріске алынған құнын көрсетеді. Материалдық емес активтердің құнының есебін тексеруді, субъектінің материалдық емес активтерге меншіктік (тұрақты немесе уақытша) құқын растайтын, бастапқы құжаттарымен және берілген құқықтық мерзімдерімен таныса отырып жалғастырады.
Материалдық емес активтер нысандары бастапқы бағаланған құны бойынша көрсетіледі: жарғылық капиталға үлесі ретінде берілген активтерді тәуелсіз аудиторлық тексеру растаған тараптарының келісімі бойынша (келісілген құнында); басқа шаруашылықтардан және тұлғалардан сатып алынған нысанды сатып алу және оны пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу бойынша нақты жұмсалған шығындарымен; басқа шаруашылықтардан және тұлғалардан тегін төлем ақысыз алынғандарын сараптау жолымен.
Аудитор материалдық емес активтер бастапқы бағаланған құнында дұрыс көрсетілгендігін тексерумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар материалдық емес активтер нысандарының қолда бар екенін дәлелдейтін ішкі қозғалыс құжаттарын тексерумен қатар, шаруашылықтың активті алу фактісін растайтын құжаттарына тексеру жүргізу қажет.
Аудитор материалдық емес активтердің кіріске алу құжаттарын зерттеп, материалдық емес активтердің әр түрлі каналдар арқылы түсу жолдарының есепте дүрыс көрсетілуін тексеруге тиісті.
Материалдық емес активтер шаруашылыққа әр түрлі жолдар арқылы түсуі мүмкін: құрылтайшылардың жарғылық капиталға үлесі ретінде (құны құрылтайшыларының келісімі бойынша анықталады) жабдықтаушылардан сатып алу жолымен (құны нақты шығындарына қарай анықталады); басқа да шаруашылықтардан және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алу жолымем (құны нарықтық бағасына қарай анықталады) және т.б. Материалды емес активтер нысандары шаруашылықтың өзінде дайындаудың нәтижесінде де нақты өзіндік құны бойынша кіріске алынуы мүмкін.
Материалды емес активтерді сатып алуға /сатып алу, дайындау/ байланысты шығындары күрделі сипатты болғандықтан, оларды есепке алудан бұрын 2930 «Аяқталмаған құрылыс», «Материалдық емес активтерді жасау бойынша шығындары» аралық шотында дұрыс жинақталып таратылғандығына баса назар аудару қажет.
Аудитор, сондай-ақ материалдық емес активтерді қабылдау актісінің әрбір нысанға бір дана етіп толтырылғандығын, бірнеше біртектес активтерді қабылдау ортақ бір дана акт жасау арқылы жүзеге асырылғандығына баса назар аударуға тиіс. Толтырылған қабылдау актілерінің дер кезінде шаруашылықтың бухгалтериясына беріліп, оған бас бухгалтердің қолы қойылып, шаруашылықтың басшысының немесе бұған уәкілетті тұлғаның, бекіткендігін тексереді. Қабылдау актісі бекітілгеннен кейін кіріске алынған нысандардың барлық түрлеріне шаруашылықтың бухгалтериясында «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік карточкалары ашылып, олардың «Материалдық емес активтерді есепке алудың тізімдемесінде» топтастырылғандығын, тізімдемеде активтердің аталуы, айдын басындағы және аяғындағы қалдықтары, айлық айналымы дұрыс көрсетілгендігін тексереді.
Материалдық емес активтерді кіріске алу құжаттарында міндетті түрде басқа да маңызды көрсеткіштерімен бірге, нысанның пайдалы қызмет ету қоса мерзімі көрсетіледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімінде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына, бастапқы құнын амортизациялау арқылы өзінің пайдалану мерзімін жоюдың нәтижесінде тіршілік етуін тоқтатып шығысқа шығарылады. Материалдық емес активтер, сондай-ақ тегін берудің жарғылық капиталға үлес ретінде қосудың, жалға берудің нәтижесінде де шығысқа шығарылады.
Материалдық емес активтердің шығысқа шығарылу себебін тексергенде аудитордан мына мәселелерге назар аударуды талап етеді:
- материалдық емес активтердің қозғалысының операцияларының дұрыс құжатталғандығына; өндіріс шығындарына амортизациялану құны дұрыс есептеліп жазылғандығына;
- шығысқа шығару операцияларының корреспонденцияларының дұрыс берілгендігіне;
материалдық емес активтерге есептелген салыктардың дұрыстығына.
Сонымен қатар, шығысқа шығарылған материалдық емес активтердің нәтижелерінің дұрыс анықталғандығын шығыс жасау актілерінің талапқа сай толтырылғандығын және олардың шығысқа шығарылу себептерін анықтауға тиіс. Сондай-ақ аудитор материалдық емес активтердің моральдық тозудың нәтижесінде шығысқа шығарылу операцияларын да назарынан тыс қалдырмауы керек.