Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать
  1. Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті

Шаруашылықтың мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік есептің жаңа нысандарының қатарына жататын материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратыны заңды құбылыс. Аудитор материалдық емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу тәртіптеріне және амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға, тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті.

Материалдық емес активтер дегеніміз - нақты табиғи қалпы жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылық» қабілетіне ие, шаруашылыққа ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) немесе үнемі қосымша табыс әкелетін, әрі субъектінің иелігінен шығару мүмкіндігіне ие активтер. Материалдық емес активтерге аудиторлық тексеру жүргізген кезде оларға тән ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Материалдық емес активтерді шаруашылық қызметінде алатын орны мен қызметіне қарай, олардың материалдық-заттық қалпының, яғни табиғи мағынасының болмағандығына қарамастан, оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтату белгілеріне сүйене отырып 3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік; мүлікті пайдалану құқы; кейінге қалдырылған шығындар.

Жалпы материалдық емес активтерді аталған үш топқа болудің негізгі мақсаты - оларды тізбектеп қайта-қайта жазып жатпай-ақ, топтар бойынша тұтас қарастыру.

Күшіндегі заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншікке жататындар: авторлық құқық (ғылым, әдебиет,) өнер туындыларына аралас құқық нысандары (ЭЕТ бағдарламалары мен базалары), патенттер (өнертапқыштық, жаңалық ашу, өндірістік үлгілер, селекциялық жетістіктер, пайдалану куәліктері (тиімді үлгілерді, тауар, қызмет көрсету белгілері) лицензиялық келісімдер, «НОУ-ХАУ», «ГУДВИЛЛ» және т.б.

Аудитор материалдық емес активтердің топталуын тексерген кезінде мына мәселелерге назар аударуға тиісті:

- материалдық емес активтерге азаматтардың интеллектуалдық және іскерлік қасиеттері, оның біліктілігі және еңбекке қабілеттілігі жатпайтындығын, өйткені оларды азаматтан ажыратып (алшақтатып) басқа тұлғаға беру мүмкін емес;

- ұйымдастыру шығындарын және гудвилды субъектіден бөлек қарауға болмайтындығын. Өйткені, ұйымдастыру шығындарын және гудвилды субъектіден тыс және жалға беру, сату және басқадай пайдалану мүмкін емес.

Материалдық емес активтерге амортизация есептеп, өндіріс шығындарына немесе басқа көздердің шоттарына тарату арқылы жабу үшін олардың бастапқы құнын дұрыс анықтап бағалаудың маңызы зор.