Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

3. Аудит қорытындысының түрлері

Қазақстандағы аудит стандартының талабына сәйкес аудит қорытындысының формасы мен мазмұны бір жүйеге келтірілген. Шет елдер тәжірибесіне сүйене отырып қазір Қазақстанда аудит қорытындысы төрт түрде (үлгіде) жазылады:

1). күдіксіз-сенімді аудиторлық қорытынды;

2). күдіксіз-ескерту келтірілген қорытынды;

3). күдікті-сенімсіз аудит қорытындысы;

4). теріс қорытынды.

Күдіксіз-сенімді аудит қорытындысы, аудиторлық тексеру барысында ешқандай қате қаржылық отчеты мүлтіксіз дұрыс болған жағдайда, бухгалтерлік есеп процесі заңдылықпен, мемлекет бекіткен ереже-нұсқау талабына, бухгалтерлік-аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі.

Аудит қорытындысының екінші үлгісі, күдіксіз ескерту келтірілген қорытындысын жасауға, аудиттік тексеру барысында әр түрлі себептер кездесуіне байланысты болады. Мысалы аудит шартының талабына сәйкес аудит объектісінің тұйықтылығына, шектелуіне байланысты, тапсырушы субъектісі бастығының өз тарапынан шектелген талап қоюына байланысты, есеп саясатында келтірілген шешімдер талабына байланысты. Яғни, аудитордың күдіксіз-сенімді қорытынды жасауға өз тарапынан сенімді болмаған. Сондықтан, ол күдіксіз, бірақ ескерту келтірілген аудиторлық қорытынды береді.

Аудит қорытындысының үшінші үлгісі, күдікті-сенімсіз қорытынды жасауға, аудит тексеруі барысында қаржы отчетының, бухгалтерлік есеп жұмысының, есеп саясатының орындалмауына байланысты беріледі. Тапсырушының талабы аудит принциптеріне қарсы келгендіктен аудитор өзінің дербес тәуелсіздігін сақтайды. Оған негіз болатын аудитор этикасының кодексі.

Аудит қорытындысының төртінші үлгісі - теріс қорытынды. Субъектінің қаржы отчеты, бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік-аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілмеген, мемлекет заңын, бухгалтерлік есеп ереже нұсқауын орындамаған жағдайда жазылады.

Аудит қорытындысы негізінде құпиялық принципте ұсталатын құжат. Сондықтан, аудит қорытындысы тек қана тапсырушының қолына тікелей тапсырылады. Тапсырушыға аудит қорытындысымен бірге аудит отчеты тапсырылады. Отчет өте тұжырымды, мәдениетті тілде жазылуы қажет. онда дөрекі, заңдылық ұғымдар кездеспеуі керек. Сонымен қатар ешқандай өлшем (цифр), сан, сомма көрсеткіштері келтірілуі қажет. ондағы мақсат тапсырушы субъектілерінің шаруашылық құпиялығын сақтау. Аудитор өзінің отчетында, тапсырушының бухгалтерлік есебінде, қаржы отчетында, тағы басқалай экономикалық жұмысындағы кемшіліктерді, қателерді нақты анықтап көрсетеді. Ал, соны түзету немесе бухгалтерлік стандарт талабына сәйкес етіп жөндеу, ол субъектінің жұмысы. Аудитор ешқандай есеп жұмысын немесе басқалай экономикалық қызмет жасауға міндетті емес.

Әдебиеттер : 1.7.1. ( 1. 78-81, 84-91)

7 –тақырып. Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті

1. МЕА-ді топтау және бағалау есебінің аудиті

2. Нақты қолда бар МЕА-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті

3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті

4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта

бағалау есебінің аудиті