Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Аудит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі

Аудит жұмысы – бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылап жүргізілетін тиянақты жұмыс. Аудит теориясында оның сатылап жүргізілуі бірнеше этапқа бөлінеді:

    1. шарт жасау кезеңі;

    2. қаржы-шаруашылық жағдайымен танысу және зерттеу;

    3. аудит жұмысының бағдарламасын жасау;

    4. аудитті орындау кезеңі;

    5. аудит отчетын жасау.

Қандай да бір аудиторлық тексеру болмасын оның негізгі мақсаты аудиторлық қорытынды жасау. Аудиторлық ұйым, аудитор аудиттің нәтижелері бойынша барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар үшін заңды маңызы бар ресми құжат болып табылатын қорытынды жасап, оны тапсырысшыға табыс етеді. Аудиторлық қорытындыды қаржы және шаруашылық есептерінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігі туралы деректер, анықталған бұрмалаушылықтар мен қателер туралы мәліметтер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар болуға тиіс.

Аудиторлық қорытынды аудит бойынша негізгі талаптарға тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Аудиторлық қорытынды аудиторлық қызмет туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудит жүргізуге міндетті субъектілердің қаржы есептерінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Қызметін жеке кәсіпкер ретінде жүзеге асыратын аудитор жасаған аудиторлық қорытындыға аудитор қол қойып, оны жеке мөрімен куәландырады.

Аудиторлық ұйым жасаған аудиторлық қорытындыға:

  • орындаушы аудитор қол қойып, оны жеке мөрімен куәландырады;

  • оны аудиторлық ұйым басшысы бекітеді;

  • ол аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырады.

Міндетті аудит жүргізілген жағдайда аудиторлық қорытындыға аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензияның көшірмесі, ал аудиторлық қызметтің басқа түрлерін жүзеге асырған жағдайда – аудиторлық біліктілік куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі.

2. Аудит отчетын жасау.

Аудитор (аудит фирмасы) аудиторлық тексеру нәтижесі туралы аудитор отчетын жасайды. Оны тапсырушыға аудит шартында белгіленген мерзімнен кешіктірмей өткізуі қажет. ол процесс арнайы құжат “қабылдау-өткізу актісі” арқылы орындалады. Негізінде, аудит отчеты қорытынды Қазақстанның 5-ші стандартында келтірілген “Қаржы отчетын тексерудің аудиторлық қорытындысы” талабына сәйкес жасалынады.

Басқалай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама жазып берумен, сараптау қорытындылары немесе басқалай түрдегі актілермен анықталып тапсырылады.

Негізінде аудит отчетының мазмұны мен формасы арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет. Олар:

  • отчет тақырыбы болуы қажет, себебі әрбір отчет басқа отчеттардан өзінше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;

  • аудит отчетында аудит көлемі, мақсаты, ондағы ақпараттың шектелуі анықталуы қажет;

  • аудит отчеты басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол отчетқа негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;

  • аудит отчетында бардық тексерілген қаржылықтыанықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі қажет;

  • отчетта аудитке құқылық негіз болатын заң құжаттары, нормативтік құжаттар көрсетілуі қажет;

  • отчеттың мазмұнында тұтынушылар үшін қажет ақпараттар, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру методикасын дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;

  • отчет мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты, түсінікті, күдіксіз анық болуы қажет.

Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қорытындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталған. 5-ші стандартта субъект басшысының қаржы отчеты туралы жауапкершілігі және аудитордың аудиторлық қорытындысына жауапкершілігі нақты көрсетілген.

Аудитор қорытындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруінің жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқылық жағы Қазақстан стандартына сүйене отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалын қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді ақпарат болады. Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген ақпарат қаржы отчетында жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит рискісі қандай мөлшерде болатынын қарастырады. Яғни, ол көрсеткіштерді информация тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:

а) тест арқылы талдау жасау, қаржы отчеттарын құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;

б) бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы отчетын жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;

в) жалпы қаржы отчетына баға беру.

Аудит отчетының қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысын жасау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]