
- •«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
- •Аудит, оның пайда болуы және дамуы
- •Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
- •Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар.
- •1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
- •Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
- •Аудиттің стандарты және нормативтері
- •Аудит қызметінің этикасы
- •Аудиттің негізгі қағидалары
- •Аудит ақпаратының құрамы
- •2. Құжаттар және олардың түрлері
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп-кестелерін тексеру
- •Міндеттеме-хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім-шарт
- •Аудит бағдарламасын дайындау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудит отчетын жасау.
- •3. Аудит қорытындысының түрлері
- •Материалды емес активтерді топтау және бағалау есебінің аудиті
- •2. Нақты қолда бар меа-дің кіріс, шығысын және қозғалысын есепке алудың аудиті
- •3. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.
- •4. Негізгі құралдарды топтап сыныптау, бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті
- •Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті
- •2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті.
- •1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті
- •2. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті
- •3. Дайын өнімдердің есебінің аудиті
- •4. Тауарлардың есебінің аудиті
- •1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті
- •3. Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті
- •1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
- •2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
- •3. Ұйымның есеп айырысу және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттарының есебінің аудиті
- •Меншікті капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру
- •2. Жарғылық капиталдың есебінің аудиті
- •3. Резервтік капиталдың есебінің аудиті
- •4. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті
- •Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелерінің есебінің аудиті
- •1. Аудит және экономикалық талдау
- •2. Аудитте қолданылатын талдау тәсілдері
«Аудит» пәні бойынша Конспек лекциялар
1 - тақырып. Аудиттің мағынасы, мақсаты және маңызы
Аудит, оның пайда болуы және дамуы
Аудиттің мағынасы, мақсаты және маңызы.
Аудитке қажеттілікті тудыратын жағдайлар
Аудит, оның пайда болуы және дамуы
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен тәжірибелік қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудың бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті информацияны тексеруші немесе бақылап басқарушы, тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - тыңдаушы дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылыққа бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс- деп табылған.
Америка Құрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысында: «бұл аудит қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді» деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда– ревизор, Францияда– бухгалтер эксперт немесе счеттар комиссары, Германияда– шаруашылық басқарушы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктерге қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет істеуші субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты- сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Аудиттің мағынасы, мақсаты және түрлері.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Аудит дегеніміз қаржы құжаттарын, олардың дұрыстығын, толықтығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтау мақсатымен тексеру, ол бойынша субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне, жылдық қаржы есебінің жай-күйі мен мазмұнына, жылдық баланстың дұрыстығы мен толықтығына, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жарғылық қордың уақытылы және толық қалыптастырылуына, кәсіпорындардың бағалы қағаздары эмитенттерінің қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар беріледі және аудиторлық қызметтің басқа да түрлері жүзеге асырылады.
Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам. Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудиттің түрлері: заңдылық тұрғыдан міндетті аудит және бастамашылық (инициативалық немесе ерікті) аудит болып бөлінеді.
Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.
Бастамашылық аудит субъектілердің тапсырысы бойынша кез келген уақытта және солар белгілеген көлемде жүргізіледі.
Нысанына қарай сыртқы аудит және ішкі аудит болып бөлінеді.
Субъектінің сыртқы аудитін субъектімен не өзге де тапсырысшымен шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық ұйым немесе аудитор жүзеге асырады.
Субъектінің ішкі аудитін субъектінің өзі жүзеге асырады және ол осы субъектінің қаржылық жай-күйі мен қызметіне ішкі бақылау жасаудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.