Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.

2. 27 ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.

3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.

4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.

5. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттарының корреспонденциялау бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа ұйі«Бико», Алматы -2007ж.

6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

3.Миржакыпова С. Т., Аппакова Г. Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.

4.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.

Интернет- көздері

1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc

2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf

3. Айрих, Н. ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына өту [Текст] / Н. Айрих. ... Кл.слова (ненормированные): экономика -- бухгалтерлік есеп -- шоттар -- хқес -- кесте, ... www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe

4. МСФО будет звучать так - Халықаралық Қаржы Есептілік Стандарттары - ХҚЕС www.balans.kz/topic12972.html

5. www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc

1.Үшінші лекция тақырыбының атауы: «Инвестициялық мүлік (40 (ias) хқес)»

2.Лекция мақсаты

3-ші лекцияның мақсаты инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады

3.Лекция сұрақтары

1.Инвестициялық мүліктің анықталуы, объектілері және алғашқы танылуы.

2. Инвестициялық мүлік есебінің модельдері.

4.Лекция мазмұны

1.Инвестициялық мүліктің анықталуы, объектілері және алғашқы танылуы

Инвестициялық мүлік келесі мақсаттар үшін тағайындалады:

1)жалгерлік төлемді алу үшін;

2)капитал өсімінен кірістерді түсіру үшін;

3)аталған екі мақсатты бірдей еңгізу үшін.

Сондықтан инвестициялық мүлікке кіргізілген ақшалай ағымдар ұйымның өзге активтерімен байланысты емес. Бұл инвестициялық мүлікті иеленүшінің мүлігінен(16 (IAS) ЕХС) ерекшелендіреді. Бүл жерде өндіріспен байланысты ақшалай ағымдар барлық активтерге қатысты және иеленүшінің мүлігін «Негізгі құралдар»16 ( IAS) ЕХС боынша есепте көрсетеді. Ал инвестициялық мүлікті «Инвестициялық мүлік» 40 (IAS) ЕХС сәйкес көрсетеді. Аталған стандартқа сәйкес инвестициялық мүліктің селесі объектілері бар:

1)ұзақ мерзімде капитал өсімінен табыс алу үшін ұсталынатын жер;

2) болашақта қолдану турі әрі шешілмеген жер;

3)операциондық жалдың келісім-шарты бойынша жалгерлікке берілген және ұйымның меншігіндегі ғимарат;

4) қазіргі уақытта бос, бырақ операциондық жалдың келісім-шарты бойынша жалгерлікке тағайындалған және ұйымның меншігіндегі, ғимарат.

Инвестициялық мүлікті бухгалтерия актив ретінде таниды, егер 2 принцип орындалса:1)осы инвестициялық мүлікпен байланысты болашақ экономикалық кірістер ұйымға кіргізілу ықтималдылығы нақты болса; 2)инвестициялық мүліктің құна шынайы анықталуы мүмкін болса. Осы тану принципына сәйкес, ұйым инвестициялық мүлік бойынша барлық шығыстарын жұмсау сәтінен бастап бағалайды. Сонымен, инвестициялық мүліктің баланстық құнына сатып алумен, дамытуымен, ауыстыруымен және қызмет көрсетуімен байланысты шығыстарды кіргізеді. Бырақ бұндай құнға күнделікті қызмет көрсетү шығыстары қатыстырылмайды. Күнделікті қызмет көрсету шығыстары болып еңбек ақы, материалдық шығыстар табылады.

Инвестициялық мүліктің алғашқы бағалануы оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі (формула 1).

Сатып алынған инвестициялық мүліктің өзіндік құны

=

Инвестициялық

мүліктің

сатып алу құны

+

Инвестициялық мүліктің тікелей шығыстары (заңгер қызметтерінің құны, мүлікті ауыстыру шығыстары және өзге мәміле бойынша шығыстар)

(1)

Алғашқы тануынан кейін инвестициялық мүлікті есептік саясаттында 2 модельдің бірі бойынша есепте көрсетеді: 1)әділетті құн бойынша модель; 2) өзіндік құн бойынша модель. Бірінші модельде әділеттік құн инвестициялық мүлікт ауыстыру құны болып табылады және есептік датадағы нарықтық жағдайды көрсетеді. Екінші модельде инвестициялық мүлікті өзіндік құнынан жинақталған амортизацияны және құнсызданудың жинақталған зиянын шегергіндегі сомамен есепте тіркейді.