Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

3.Қарапайым акциялардың төлемдерінің есебі және ақша қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын келісім шарттар

Ұйым өзі бойынша төлемдерді өз қалауынша жай акциялармен немесе ақшалай қаражатпен төлей алатын контракт шығарған кезде ол сол контракт бойынша төлемдер жай акциялармен төленетінін, ал тартушы ықпал бар кезде пайда болатын әлуетті жай акциялар міндетті түрде акцияға келетін таратылған пайда есебіне міндетті түрде қосылатынын негізге алуға міндетті. Мұндай келісім-шарт есепке алу мақсаттарында актив немесе міндеттеме ретінде пайдаланылатын немесе өзіне үлескерлік компонентті де, міндеттеме компонентін де қамтитын кезде ұйым пайдада немесе залалда есепті кезең ішінде болатын, шарт түгелдей үлестік құрал ретінде сараланған кездегі барлық өзгерістерді ескере алым ретінде түзетуге міндетті.

Ұстаушының қалауы бойынша төлемдерді, жай акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын контрактіге қатысты акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде ақша қаражаты төлемдері мен акция төлемдері таратылуының неғұрлым елеулі деңгейі ескерілуге тиіс.

Өзі бойынша төлемдерді, жай акциялармен де, ақшалай қаражатпен де жасауға болатын контракт, мысалы, өтем мерзімі басталған кезде ұйымға қарыздың негізгі сомасын ақша қаражатымен, не өзінің жай акцияларымен өтеуге шексіз құқық беретін қарыз құралы бола алады. Басқа мысал, сатуға жазып берілген опцион болып табылады, ол ұстаушыға жай акциялармен төлеу мен ақша қаражаттарымен төлеудің арасында таңдау мүмкіндігін береді.

Сатуға сатып алынған опциондар және сатып алуға сатып алынған опциондар (яғни, ұйым өзінің жай акциялары есебінен ие болатын опциондар) акцияға келетін таратылған пайда есебіне қосылмайды, өйткені олардың есепке қосылуы таратуға қарсы ықпал туғызуы мүмкін. Сатуға арналған опцион - тек оны орындау бағасы рыноктық бағадан жоғары, ал сатып алуға арналған опцион оны орындау бағасы рыноктық бағадан төмен болған жағдайда ғана атқарылады.

5.Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Акциядан базалық пайданы есептеу және бағалау.

  2. Опциондар және олардың баламаларының есепте бейнеленуі.

  3. Қарапайым акциялардың төлемдерін есепке алу.

  4. Аақша қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын келісім шарттарды есепке алу

  5. Варранттар және олардың баламаларының есепте бейнеленуі.

  6. Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу

  7. Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялардың есебі

  8. Сатуға арналған опционның операциялар есебі

  9. Шарттары бар опциондардың операциялар есебі

  10. Айырбасталымды артықшылықты акциялардың өтелуінің есебі Табыс салығының бюджетке төленуінің есебі

6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.

2. 21 ( IFRS) ХҚЕС «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.

3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.

4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.

5. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттарының корреспонденциялау бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа ұйі«Бико», Алматы -2007ж.

6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.